Ш ш дыбысы және әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Мерзімі: 18.11.2014ж

Білім облысы: қатынас

Білім бөлімі: сауат ашу

Тақырыбы: Ш ш дыбысы және әрпі

Мақсаты: Балаларға Ш дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздердің дұрыс айтылуын

үйрету.

Сөз, сөйлемдерді талдау арқылы ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

Жазуға қолдарын жаттықтыру, ұғымталдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: сабаққа байланысты суреттер, плакат, кеспе әріптер, текшелер.

Саб әдіс-тәсілі: талдау, жинақтау, әңгімелеу, түсіндіру.

Типі: жаңа сабақ

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Мотивациялық - қызығушылық













Іздену-ұйымдастырушы







Рефлексті-түзетуші



Ұйымдастыру кезеңі

Ш ш дыбысы және әрпі



Психалогиялық дайындық:

Өткен оқу іс-әрекетін қайталау

Ой қозғау

- Дыбыс дегеніміз не?

- Әріп дегеніміз не?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Қандай-қандай?

Біз өткен сабағымызда У дыбысының, әріп таңбасымен танысқанбыз.

У дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.

У дыбысы қандай дыбыс?

У дыбысы бар сөздерді айтайық.

Ұлу сөзін буынға бөлейік.Ш ш дыбысы және әрпі

Тауық сөзін буынға бөлейік.

Буындарды оқыйық.

Жарайсыңдар, балалар! Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын жұмбақтардың жауабын дұрыс тапсақ ашылады.

Зулап түсіп төменге,

Шыға алмас менсіз бөгенге

Үрлеп алып ойнауға болады,

Жинап алып байлауға болады.

Тікен -тікен тік пісте,

Қысы - жазы бір түсте.

Осы шана, шар, шырша сөздерінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы Ш дыбысы және әрпі.

Ш дыбысы дауыссыз дыбыс

Қандай текшемен белгілейміз ?

Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.

Мысалы: Шие, машина, ағаш.

Шана, шырша, қайшы сөздерін буынға бөлейік.

Ш дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?

Сергіту сәті:

Тіл ұстарту жаттығуын жасайық:

Шы-шы-шы

Менің әкем аңшы

Дәптермен жұмыс:

Суреттердің аттарын атап, оларға дыбыстық талдау жасайды.

Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің кіші, үлкен бас әрпін жазады.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла».

Ш дыбысы бар сөз ойлау, сол сөзге сөйлем құрату.

Қорытындылау:

Бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қандай дыбыс, әріп таңбасымен таныстық?

Шортан сөзі қай дыбыстан басталады?

Ш дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

Буынға бөліңдер?

Шана, шар сөзін текшемен жазып беріңдерші?

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?

Балаларды мадақтау, бағалау. Қуанышты хабарлама тарқату. Қоштасу.

Сәлемдесу:

Жадырап күнде ашылды

Айналаға нұр шашылды

.....................

Мы ногами топ-топ

Мы руками хлоп-хлоп

.....................

Жауаптары тыңдалады

Бірде дауысты, бірде дауыссыз болып келеді.

Ұ-лу

Шана

Шар

Шырша

Ш дыбысы

Көк

Ша-на, шыр-ша. Бірінші, бірінші-екінші.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

....................

Ш ш дыбысы және әрпі

Ш дыбысы

Ш

Дауссыз

Шор-тан

Ш ш дыбысы және әрпі

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Өткен дыбыстарды меңгеру, дыбыстарды ажырата білу.

Баланың меңгеруі: Ш дыбысын білу, атау, өз бетімен және ұжымдық жұмыстану.

Қолынан келуі тиіс: Ш әрпіне сөз құрау, ш дыбысы бар сөздер айту, жаза білу.



«Ә. Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

Ш ш дыбысы және әрпі

Мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі: Ермахамбетова Б



© 2010-2022