Урок Ашық тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№14 орта мектеп-гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі

Г.М.Бимолданова

«Өнерлі отбасы» - байқау
Мақсаты:Ата-аналар мен сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын,ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету.Халық ауыз әдебиеті,салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау.Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Мұғалім:Урок Ашық тәрбие сағаты

Отбасы - ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, суіспеншіліктың ортасы. Халықта «Ұяда не корсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде ақылды, әдепті азамат болып шығады.

1.Жүргізуші:Әке асқар тау,
Ана мөлдір бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады. 2.Жүргізуші: Әке мейірімі мен құрышын қаңдырып,ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін,жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.Урок Ашық тәрбие сағаты

1.Жүргізуші: Отбасы -бұл қоғамның негізі.Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің сыныбымызда ұйымдастырылып отырған «Өнерлі отбасы» атты сайыс өткелі отыр.

2.Жүргізуші :Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасылармызды ортаға шақырайық.
1.Жүргізуші :Алдымен сайыс кезеңдерімен таңыстыру.
1Сұрасаң менің тегім. Таныстыру. Видеоролик
2 Өнер сайысы. Отбасы корсетеды көрсетеді.
1.Жүргізуші: Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға,- деп әділ қазыларды таныстырып өту.
1.Жүргізуші: 1Бөлім
Бәйге жарыс деген соң жарысайық
Мәреде бәрімізге табысайық
Бұл байқауды биссмиллә деп бастау үшін
Алдымен әулеттермен танысайық
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет
Өлең айтып би билеп жасап жатқан текемет
Өнеріңді көрсетші әулеттерім кәнекей
Сөз берейік әулеттерге жекелеп,-деп сұрасаң менің тегім бөлімін бастаймыз.
2.Жүргізуші : 2Бөлім
Кедеймін деп қысылма
Өнерлі болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында- демекші отбасы арасындағы өз өнерлерін тамашалайық.Урок Ашық тәрбие сағатыУрок Ашық тәрбие сағаты

1 Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Мырзагулов отбасы ортамызда. Урок Ашық тәрбие сағаты


2 Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғып қарсы алайық енді оны
Қарабаевтар отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткен отбасы бұл


3 Жігітке ақыл,білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Нурбаев отбасы таласады. Урок Ашық тәрбие сағаты


4 Отбасылық ойынға,
Келдік біздер асыға .
Жұлдыздай болып жарқырап
Шығамыз біз топ жарып Бимолдин отбасы.

5.Қамқор әке отбасының тірегі

Аяулы ана сол ошақтың жүрегі

Ұл-қыздарын тек өнерге баураған

Бұл жанұя талантты деп білемін

Сабырбаев Отбасын қарсы алайық

6. Балаларын бақытына баулаған

Айналайын сіздей ата-анадан Урок Ашық тәрбие сағаты

Жылу сыйлап мейірлене иіскеп

Бар баласын бөліп -жармай қараған

Досумовтар отбасын қарсы алайық!

7. Ақыл айтып отыратын әсерлі

Түзей білген тәрбиемен қатені

Үлгі болған отбасына осылай

Кім сыйламас ондай ата-ананы деп Кемеловтар отбасын шақырамыз
3Бөлім
Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Өнерлі отбасы» атты байқауымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз. Урок Ашық тәрбие сағаты

© 2010-2022