Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 «Д» Өзін-өзі тану 1.10.2014ж


Тақырып: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Құндылық: дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер: жақсы, жаман

Мақсаты: Балаларды жақсы мен жаманды ажырата білу және өмірде қолдана білуге үйрету

Міндеттері: - жақсы, жаман туралы түсінік

  • жақсы мен жаманды салыстыра білу

  • жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Тыныштық сәті

Баяу ән қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім: «Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап-жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді,- ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз? (ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы!» Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді. 5 «Т» ережесін еске түсіру. Тәртіп Тыныштық Татулық Талап Тазалық «Т» әрпінен келетін сөздер жазу. Әдеп, ақыл

Үй тапсырмасын тексеру. (3 мин)

«Әйнек адам» мәтіннен түсінік сұрау

Әңгімелесу сұхбат «Мұғалім сыйы»

«Бір уыс мақта» Ы.Алтынсарин

«Ойын жаттығу» Жұмбақ өлең

Биязы мінез тіл алғыш,

Бал-бұл жанып жүретін,

Бауырмалдық сол ________? (жақсы)

Үйдің ішін тазалап,

Үстіңе де қарайлап,

Үлгере алсаң сол ________?(жақсы)

Ашу деген бәледен,

Алшақ жүріп жанаспай,

Ақылды болсаң сол _________? (жақсы)

Дәйек сөз «Жақсы болу - өз қолыңда (Халық даналығы)

Топтық жұмыс. Дәптермен жұмыс

Тапсырма. Сурет бойынша «жақсы», «жаман» сөздерін қатыстырып әңгіме құрастырыңдар.

Топпен ән айту.

«Жас дәуірдің түлегіміз» әнін айту.

Ән айтылып жатқан уақытта оқушыларға «қоңырау» пішіндегі ішінен тілек жазылған ашық хатты көрсетеді. Тілектер мынадай үлгіде болуы мүмкін.

-Шоқандай алғыр бол!

-Абайдай дана бол!

-Достарыңа сыйлы бол!

-Күндей жарқырап жүр!

Үй тапсырмасы. «Жақсы болу өзіңнен» өлеңін жаттау

Сабақ соңындағы тыныштық сәті. (2 мин)

Баяу ән қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл-күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.






Т ә р т і п

Т ы н ы ш тық

Т а т у л ы қ

Т а л а п

Т а з а л ы қ

Ә д е п

А қ ы л


© 2010-2022