Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя Б. Момышұлы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу. 3 сынып

"Ұшқан ұя" Бауыржан Момышұлы

Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя. Бауыржан Момышұлы
Сабақтың мақсаты:
Б. Момышұлының балалық шағы немесе жалпы ол туралы не білетіндерін ескере отырып ,мәтінді өз бетімен оқып,талдап шығуға мүмкіндік беру.өмірі мен шығармашылығына тоқталу, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру. Мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкер бейнесін терең таныту;
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, модульдік оқыту технологиясы, СТО әдісі, сөздік әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ - жауап, бақылау, іздендіру әдісі, проблемалық жағдаят.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер, нақыл сөздер.
1. Жеті атасын білмеген - жетесіз.
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) әңгімені оқыту ә) мазмұнын айтқызу б) үй тапсырмасын қорытындылау.
Ата - әжеме хат.(мәтін)
1. Хатты жазып отырған кім?
2. Ол хат кімдерге арналған?
3. Хатты не үшін жазады?
Өткен тақырыпты халық даналығы арқылы жаңа сабақпен байланыстыру.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.
Оқушылар, берілген мақалды қалай түсінесің? Мәнін ашыңдар.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Нақыл сөздерді оқу.
Жеті атасын білмеген - жетесіз.
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты - мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға дағдылану, мазмұнын меңгерту.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Бауыржан Момышұлы өмірі жайында түсінік беру.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.

2. Оқып, талдау.
Ұшқан ұя
- Мәтін не туралы?
- Жазушы ойын пайдаланып, нақыл сөзді құрастыр:
Ел тану деген -......
- Сызбаны толтыр.
Жеті ата ----------------------------- Сенің жеті атаң
Ата
Әке
Бала
Немере
Шөбере
Шөпшек
Немене

2. Сергіту сәті.

Қазақтай қайсар елім бар
Кең байтақ мынау даламда.
Қарттарым - асыл қазынам
Өсиет айтқан ғаламға.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту:
Іштей, дауыстап, тізбектей.
«Ең бастысы» ойыны
Мақсаты: Жылдам оқу дағдысы мен есте сақтау қабілетін дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру.
Шарты: Мәтінді жылдам әрі мұқият оқу. Осы мәтінді оқу материалын сипаттайтын бір сөзбен, содан соң сөйлеммен сипаттау, артынан оның «құпиясын», яғни онсыз мәтін мағынасыз болатындай бір ерекшелігін табу.
3. Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмысы.
Ата тегіміз -
Баппен -
Араз -
4. Зертте.
1. Әңгіменің тақырыбы не?
2. Оқиға қайда өрбиді?
3. Мәтіннен табиғат құбылысын суреттеуді тауып оқыңдар.
«Еркін жауап» кезеңі.


Кестені толтыр.
Жазушының пікірі

Әкем маған ата тегіміздің аты - жөнін үйретуші еді.
Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Содан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін.
Менің пікірім ----------------------------

Тұжырым кестесі.
Кейіпкерлер ---------------- Іс - әрекеті ----------- Адамгершілік қасиеті
1. Әкесі
2. Қонақтар
3. Бала Бауыржан

Қорыту.
«Тест - интервью»
Р/с Сұрақтар ------------------------------------ Оқушы жауабы
1 Ақсақалдар деген кім? ------------------------------- Қариялар, аталар.
2 Қымыз қай малдан алынады? ----------------------------- Жылқы малынан
3 Сәлемдесудің тағы қандай түрін білесіңдер? ----------------- Амансыз ба? Мал - жан аман ба?
4 Әдепті бала -(қандай бала?) ------------------------------- Арлы бала
5 «Қызарақтап» деген сөздің мағынасын аш. ------------ Ұялу
6 «Баппен» деген сөзді қалай түсінесің? --------- Асықпай

Сабақты Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерімен аяқтау


1. Тексізден тезек артық
2. Халықтың ізгі дәстүрі - біздің ең асыл мұрамыз

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау


VIII. Үйге тапсырма беру: Мәтінді мазмұндау.

«Біздің үйдің салт - дәстүрлері» тақырыбында шағын мәтін жазу.



© 2010-2022