Внеклассное мероприятие на тему Кішкентай арулар

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Кішкентай арулар».

Мақсаты: 1.Қыз балалардың білімін, өнерлерін тамашалап, салт-дәстүрді

жетік меңгеруге, өз өнерлерін көрсетуге тәрбиелеу.

2.Халықтық педагогика негізінде қыз балалар тәрбиесін

қалыптастыру.

3.Аналар мерекесіне орай, балаларды мейірімділікке, аналардың

өлшеусіз еңбегін бағалай сыйлай білуге тәрбиелеу.Анасын сүю

арқылы еліне, жеріне сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Даналық сөздер, жазылған плакаттар, гүлдер мен шарлар.

Түрі: «Кішкентай арулар» сайысы.

Барысы:

Мағалімнің кіріспе сөзі: Қайырлы күн құрметті ата-аналар, ұстаздар!Міне жыл құсындай көктеммен бірге келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіде келіп жетті.Гүл көктемнің алғашқы ең жүреккен жылы, мейірімді мерекесінің бастауы аналар мерекесі құтты болсын!Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін!

Барлық балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ.Сондақтан да халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін небір асыл сөз маржандары кездеседі. «Ананың алдында асқар тау да аласа»,-дейді халық.АНА бәрінен де биік.Ендеше мерекелеріңіз тағы да құтты болсын ардақты аналар!

8-наурыз аналар мерекесіне орай бірінші сынып қыздарының «Кішкентай арулар» сайысымен ұл балалардың мерекелік ән шашуын бастауға рұқсат етіңіздер.Сайысымызды бастау үшін қыздарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.(Балалар бір-бірлеп ортаға алып шығады).

1.Балнұр.

Көрікті де сымбатты

Балнұр біздің әдемі

Намысын қорғап бүгінде

Сайысуға келіпті.(Әбіл)

2.Балауса.

Балауса біздің өнерлі,

Көңілді өмір сүреді.

Бүгінгі мына сайысқа

Алып келді өнерін.(Әділ)

3.Наргиза.

Өнер қуған жасынан,

Өнері судай тасыған.

Келесі бізде Наргиза,

Көрінген күштің басынан.(Аманжол)

4.Жұлдыз.

Сабырлы әрі салмақты,

Өзі -өнерлі жан-жақты

Ортада Жұлдыз қызымыз

Жарысты бүгін жалғапты. Бексұлтан

Назгүл

5.Сабағын жақсы оқиды,

Көңілге бәрін тоқиды.

Үндемей жүрген Назгүлім,

Нені ойлап толқиды? Ұлан

Жангүлім

6.Жақсы адам болсын болар кімге пана,

Мол оның тал бойында ақыл,сана.

Біліміне ақылы сай келетін,

Алғыр қыз Жангүлімде ортамызда Жанарыс

Ұлдарға алғыс айтып орындарына отырғызу

Қазақ халқы қыз деген сөздің өзін әдеміліктің,әдептіліктің,инабаттылықтың,сұлулықтың символы ретінде пайдаланған.Көптеген ақындарымыз осыған байланысты қыздарымызға «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыз елдің көркі,гүл жердің көркі», «Қызы бар үйдің-қызығы бар» деген керемет суреттемелер берген. Қыз баласын ардақтап үнемі төрге отырғызған,оны үнемі еркелетіп, аққудың көгілдіріндей етіп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне үнемі көңіл бөлетін-Ана. Міне «Ана көрген тон пішер»демекші бүгінгі сайысымызда да кішкентай аруларымыздың жеткен жетістіктері арқылы аналарымыздың қаншалықты тер төгіп, еңбектенгенін көрмекпіз.Сайысты бастамас бұрын қыздарымыздың реттік номерін анықтап алсақ.Соныменқатар сайыста қыздарымыздың өнерлеріне әділ баға беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Сайыстың бөлімдері:

1.Таныстыру

2.Өнерлі өрге жүзеді

3.Қол өнер

4.Дәм-думан

5.Жалғасын тап

6.қыздарға әсемдік жарасады

1 .Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныттыршы өзіңді.
(Қыздар реттік нөмірлері бойынша өздерін, ортаға шығып таныстырады.)
2. Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолыңда - дей отырып аруларымыздың өнерлерін тамашалайық.
3.Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-ана жолынан.
Шебер қолдар, қол өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан - деп кезекті «Қол өнер» сайысына берейік.

4.Ас-адамның арқауы деген қазақ халқымыз келесі «Дәм-думан»бөліміне кезек берейік.
5.Оттылық тектілік бар көзімізде,

Шешендік,көсемдік бар тілімізде-деп келесі кезекті «Жалғасын тап бөлімінеберіп мақал-мәтелді қаншалықты білетіндіктерін байқасақ

6.Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Арулар реттік номерлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.)

Арайлап ата берсін ақ таң күліп,
Жүретін анашым бар мақтан қылып.
Жүзің нұрға шаттыққа тола берсін,
Арнаймын осы өлеңді анашыма-дей отырып балалардың ән шашуын қабыл алыңыздар

Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

1. Әділ қазыларға сөз беріледі.
2. Сайысқа қатысушы бүлдіршін арулар марапатталады.
3.Қорытынды сөз.

© 2010-2022