Ашық сабақ: Бірдей сандарды қосу

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бірдей сандарды қосу.

Сабақтың мақсаты: Бірдей қосылғыштардың қосындысының мәнін табу және екі амалмен шығарылатын есепті талдау.Үшбұрыштың мәні,белгілерін анықтау және оның периметрін табу.

Дамытушылығы: Топта жұмыс жасау арқылы ойларын анық жеткізу, арттыру. Оқушылрдың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа,ізденімпаздыққа,шапшаңдыққа,білімге деген құштарлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд,домбыралар,сырғалар.

Сабақтың әдісі : түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену.

Пәнаралық байланыс : аралас

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық : Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне деген ақ тілектерін білдіреді.

Мақсатымыз - білім алу

Міндетіміз - еңбектену

Еңбектену арқылы беске қолды жеткізу.

Мұғалім: Балалар біз бүгінгі сабағымызды саяхатқа шығу арқылы өтеміз.Олай болса балалар алдыменен үй жұмысымызды тексеріп алайық.

Үй тапсырмасын тексеру: қайталау(сұрақ-жауап)

--- Балалар біз неше топ болып отырмыз?

--- Үш

--- Әр топта неше баладан отыр?

--- Жеті

--- Бұлар қандай сандар?

--- Бірдей сандар

--- Олай болса бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы: Бірдей сандарды қосу

Жаңа сабақ:Бірдей сандарды қосу

1-ші есептің а) мен ә) ауызша түсіндіріледі.

---Дәптерлерімізді ашамыз,күннің жадын және тақырыпты жазамыз.

---Ал балалар енді саяхатымызды бастайық.

---Сендер Астана барып көрдіңдер ме?

---Онда біз бүгін Астанаға саяхат жасаймыз.Ол үшін біз ең алдымен мына қақпадан өтуміз керек.(слайдтан қақпаның суреті көрсетіледі).Ал қақпадан өту үшін оқулық - тағы 2 есепті шығару керек.

2 есеп

6= 3+3 6= 2+2+2 9=3+3+3 10= 5+5 10= 2+2+2+2+2 12= 6+6 12= 4+4+4 12=3+3+3+3 12= 2+2+2+2+2+2

---Біз есеп шығару арқылы қақпадан да өттік(қақпаның ашылған түрі көрсетіледі).

---Балалар біз саяхатқа немен барамыз?(пойызбен)

---Ал енді пойызға отыру үшін мына жолсерігінен өтеміз.(слайдтан жол серігі көрсеті-леді). ---Жол серігінен өту үшін 3 есепті шығарамыз.(Наурыз мерекесі туралы түсінік беріле-ді) Түсті қағаз - 37 парақ Ақ қағаз - ?18 парақ артық Барлығы - ? парақ ш: 37 +(37+18) =92 ж:барлығы 92 парақ. Есепті бір амалмен шығарылатындай етіп өзгерт Түсті қағаз - 37 парақ Ақ қағаз - ?18 парақ артық ш:18+37=55 ж:ақ қағаз 55 Сергіту сәті --- Міне, жол серігінен де өттік.Пойызға да отырдық.Енді пойызымыз да жүрейін деп тұр --- Ал енді Астанаға жету үшін мына теңдеулерді шешейік. 5есеп х-32=53 84-х=24 х+38=40 х=53+32 х=84-24 х=40-38 х=85 х=60 х=2 85-32=53 84-60=24 2+38=40 Теңдеулерді шешу арқылы Астанағада жетіп қалдық.Енді өз бекетімізден түсу үшін мына есепті шығарайық. 6 есеп Амалдарды жазбаша орында 16+44=60 100-77=23 65+35=100 59+26=85 24+48= 72 74-46=28 ---Міне балалар Астанаға да келіп жеттік.Келіңдер қаламызды аралайық.(Астана қаласының бірнеше суреттері көрсетіледі). ---Балалар, Бәйтеректің ішінде маңызды не бар? Қорытынды:--- Балалар біз қандай сабақ өттік? ---Бірдей сандарды қосу

---Олай болса бірдей сандар кездесетін қандай заттарды білесіңдр?Сол суретті бейне- леңдер

---Бәйтеректің ішінде не бар деп едік?

---Президеттің қолы

---Міне,біз де сол жерге келдік

---Онда адамдар не істейді?

---Тілек тілейді

---Онда бізде ішімізден тілектерімізді тілейік

---Ал балалар тілектерімізді тілеген болсақ,үйге оралайық.

Үй тапсырма :№7 есеп

---Осымен біздің саяхат сабағымыз аяқталады.Сау болыңыздар!

№8 орта мектеп

Ашық сабақ

Пәні: Математика

Тақырыбы: Бірдей сандарды қосу



Өткізген: Танаубаева Э.

Сыныбы:2"Ғ"

Күні:14.02.2014ж

2013-2014ж

© 2010-2022