Әдебиеттік оқу: Қош келдің, Наурыз! 3сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

23.02.16ж.Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!

Сабақтың мақсаты:а) оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігінің тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. ә) өлең, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар арқылы тілдік қорларын жетілдіру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. б) қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу,шығармашылық жұмыс .Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба,слайд.. т.б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару - Балалар, терезеге қараңдаршы! Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр. Көңіл - күйлерің көтеріледі. Қане, бір - бірлеріңе жымиыңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.1.Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады? 2.Көктемде қандай еңбек түрлері басталады? 3.Бұлақ туралы не делінген?

ІІІ. «Қош келдің, Наурыз!» Міржақып Дулатов. Міржақып Дулатов 1885 жылдың 25-қарашасында Торғай уезінің Сарықопа облысы Бірінші ауылында(қазіргі Қостанай облысы Жанкелдин ауданында Қызбел ауылында) дүниеге келген. 1935жылы тұтқында көз жұмады. Мансабы: ақын, жазушы, саясаткер .Шығармалары: Алғашқы кітабы «Оян,Қазақ!», «Азамат», «Терме» атты өлеңдер кітабы бар. Мағынаны ашу: (Тақырыпты түсініп оқу,мазмұнын талдау, кітаппен жұмыс).Сөздік жұмысын жасау:Байлаулы - байланыстыДеуге сыяды - деуге болады Тіршіліктің арқауы - тіршіліктің негізі Шаруа кенеледі - мал тойынады

ІV. Сергіту сәті:Күн жарығын алақанға саламын,Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, әрі жарық, мейірімді,Болып кетер сонда жан - жағым.

V. Қызығушылығын ояту.1. Қазір қай мезгіл? (Қыс мезгілінің соңғы күндері) 2. Қыс мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді? (Көктем)3. Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді? (Ауа райымен, табиғатымен, мерекелермен)4. Көктем айларын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр) 5. Науырыз айында қандай мерекелер бар? (8 наурыз, 22 наурыз)

Наурыз мерекесінің ерекшелігі туралы түсіндіру. Наурыз - өте көнеден келе жатқан, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын мейрам. Ол жыл сайын наурыз айының 22-сіне тойланады. Өйткені сол күні күн мен түн теңеліп, қар еріп, жердің тоңы кетіп, көк шыға бастайтын кез. Сондықтан наурыз күнін жаңа жылдың басы - ұлыстың ұлы күні деп есептеп,жақсы тілек, зор қуанышпен қарсы алған.Бұл мерекесі тек қазақтардың ғана емес, бүкіл мұсылман қауымының үлкен мерекесі.

VІ. Бекіту. Сұрақ-жауап. І топ - сөзжұмбақ шешу.ІІ топ - сюжетті сурет арқылы мәтін құрастыруі

ІІІ топ - Эссе жазу «Наурыз көже» Әр топтың оқушылары өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

І топ Өздері бірігіп сөзжұмбақ құрастырады

ІІ топ Суреттерден мәтін құрастырады.

ІІІ топ Эссе Наурыз көже - Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол - тоқшылық пен ырыс құттың белгісі

VІІ. Ой толғаныс. Бір оқушы Наурыз мейрамына байланысты бата береді. Үйге тапсырма : «Наурыз - ұлттық мейрам» деген тақырыпта шығарма жазып келу. Тақырыпты оқып келу.



© 2010-2022