«Сөз тіркесінен өткенді қайталау»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қаражал қаласы

Жәйрем№10ЖББОМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Уаисова Нүргүл Аубакировна Қазақ тілі 4 «В» сыныбы Тақырыбы: Сөз тіркесінен өткенді қайталау. Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесі туралы білімдерін тереңдету, сөз тіркесінің сыңарларына сұрақ қоя білуге дағдыландыру. Байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Қайталау сабағы. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау,ойын, көрнекілік. Көрнекіліктері:кестелер, сызба,слайд. Пән аралық байланыс:дүниетану,еңбекке баулу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын. Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 10-жаттығу, аралап тексеру, оқыту.

Сөз тіркесі деген не? Сөз тіркесі қандай сөз таптарынан жасалады?

Сөз тіркесі сыңарлары қандай қызмет атқарады?(2,3 слайд)

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ.Жаңа сабақ.Күн ретін жазу.Көркем жазу.О о әріпі. Отан,орақ.

«Сенбілікке шығайық» ойыны.12-жаттығу.(4 слайд)

Сөз тіркесінің мағынасын сұрақ қою арқылы анықта.Қандай сөз таптарынан жасалған?

Сергіту сәті.

Семантикалық кесте.13-жаттығу.(5 слайд)

Сөздерді оқып,сөз тіркестерінің әрбір сыңарына сұрақ қойып,мағыналарын түсіндір.

Мысалы:Арқалықта тұрады,жаманнан жирен.(қай сөз таптарынан екенін анықтап тұсына белгілейміз)

14- жаттығу.(6 слайд)

Ауызша жұмыс.Әр оқушы ойдан бірінші сыңары сын есімнен болатын сөз тіркестерін ойлап табады.

«Сыңарын тап» ойыны.15-жаттығу.

Сөздерді оқы.Олардың әрқайсысының сөз тіркесінің бірінші сыңары болатын сөздерді тауып, сөз тіркестерін құрап жаз.

... тай, ...құдық, ...нөмір, ... оқу.

Ү.Қорытынды.

Суретпен жұмыс. (7 слайд)Күн ,бару сөздерімен қандай сөз тіркестерін құрауға болады?

ҮІ.Бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма.

16-жаттығу.Берілген сөз таптарының сөз тіркестері екенін кестені пайдаланып дәлелдеңдер.


© 2010-2022