Геометриялық пішіндердің сиқырлы әлемі (Таным білім беру саласы)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Күні: 07.02.2014 Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы: «Геометриялық пішіндердің сыйқырлы әлемі!» Мақсаты: Көрсетілген заттарды санауға, бөлуге, олардың пішінін, түсін ажыратуға үйрету. Геометриялық пішіндерді топтастыруға теңестіруге жаттықтыру. Пішіндердің қоршаған ортадағы заттарға ұқсастықтарын түсіндіру.Геометриялық пішіндерді үш сипаттама арқылы топтай білуге түсі, көлемі пішіні үйрету.пішіндерді айырып салыстыруды бекіту. Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, салыстыру. Көрнекіліктері: таратпа материалдар, танграм, лабиринт, слайд Билигвизм: геометриялық пішіндер-геометрические фигуры, үшбұрыш-треугольник, дөңгелек -круг, төртбұрыш-четерехугльоник, ромб-ромб,сопақша-оваль, сандар-цифры. Инклюзивті білім беру: Енжар баяу қабылдайтын балалармен жеке жұмыс жасау. Рамазанмен жеке есептер шығару.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті Мотивайиялық қозғаушы күш Сәлеметсіңдерме балалар? Бүгін бізде ерекше күн.Бізге көптеген апайлар қонаққа келіпті. Қане біріміз апайлармен сәлемдесейік. -Сәлеметсіздерме? Жарайсыңдар балалар! Балалар сендердің алдарыңда «Көңіл күйдің бет-бейнесі» жатыр, қолдарыңа алып бүгінгі іс-әрекетті қандай көңіл-күймен бастайтындарыңды бір-біріңе көрсетіңдер. Балалар сәлемдеседі. Қолдарына көңіл- күй белгілерін алып өандай көңілде екенін айтады. Ізденуші ұйымдастырушы Ғажайып сәт: Геометриялық пішіндер: Үшбұрыш, шарты, төртбұрыш. Балалар бізге қонаққа геометриялық пішіндер келіпті.Олар жай ғана келмей топтарға арнап тапсырмалар ала келіпті. Геометриялық пішіндердің сиқырлы әлемі (Таным білім беру саласы)



















1.Үшбұрыш тапсырмасы: Қызықты есептер шығару. Ұяшықтармен есептер шығару. Геометриялық пішіндердің сиқырлы әлемі (Таным білім беру саласы)













Геометриялық пішіндердің сиқырлы әлемі (Таным білім беру саласы)

2.Шарты тапсырмасы: Танграм құрастыру.

















3.Төртбұрыш: Лабиринт Ұмытшақ суретші.

Геометриялық пішіндердің сиқырлы әлемі (Таным білім беру саласы)

Жарайсыңдар балалар! Сергіту сәті: Он ойланып Тоңыз толғанып Сегіз рет сызып Жеті рет санап Алты рет қарап Бес түйме қадап Төрт қайта қарап Үш үкі тағып Екі көзім талып Бір бөрікті тіктім Жарайсыңдар балалар орындарынымызға отырайық. Ойын: «Сыйқырлы пішіндер» Мақсаты: балаларға геометриялық пішіндерді атауға түсін атауға көлемін атауға үйрету. Ойын: «Қанша соқсам сонша дөңгелек көрсет» Кеңістікті бағдарлау Бос орынға тиісті пішінді қой. Пішіндерді рет - ретімен орналастыру.





Ғажайып сәт тапсырмасын тыңдайды.



















Сандық терезелермен қызықты есептер шығарды.













Танграм бейнесін құрастырды, лаберинтпен жұмы жасады.











Лабериентті кішкене ойыншықтармен жүргізе алды.

















Балалар сергіту сәтін орындады.





















Ойынды белсенділікпен ойнады.





Балалар зеін қоя отырып барабанның дауысын санау арқылы сонша дөңгелек көрсетті.
Рефлексивті түзетуші Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі іс-әрекет сендерге ұнады ма? Қандай тапсырмалар орындадыңдар? Ғажайып сәт ұнады ма? Ғажайып сәтке қонаққа нелер келді? Пішіндер қандай пішіндер екен? Сыйқырлы пішіндердің берген тапсырмалары сендерге ұнадыма? Біз барлық пішіндерге көмектестік пе? Жарайсыңдар балалар? Басқа қандай ойын ойнадыңдар? Қандай ойын ұнады? Жарайсыңдар балалар! Смайлинкпен балалардың көңіл-күйін білу. Келген қонақтардың оқу іс-әрекеттен алған әсерлерін смайлик арқылы сұрау.


Иә ұнады. Сандық тереземен есептер шығардық, лаберинтті жүргіздік, танграм құрастырдық. Иә ұнады. Иә көмектестік. «Сыйқырлы пішіндер» «Қанша соқсам сонша дөңгелек көрсет» Көіәл кұйлерін смайликпен көрсетті. Сау болыңыздар.


Күтілетін нәтиже: Не білді: Геометриялық пішіндерді білді. Тапсырмаларды жеке дара орындай білді.Танграм бейнелерін құрастырды, лаберинтті жүргізе білді. Не үйренді. Пішіндерді өз орындарына қойып, дидактикалық ойындарды жақсы меңгерді.Ұмытшақ суретшіге пішіндерді салып көмектесе алды.пішіндерді атай алуды үйренді. Не жасай алды: Берілен тапсырмаларды толық дұрыс орындай алды. Компютермен кеңістікті бағдарлау жұмыстарын жасай алды.

© 2010-2022