Әке тәлімі ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты

Әдебиеттік оқу

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ж. Кәрменов. Әке тәлiмi

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Оқушылардың отбасы туралы түсініктері кеңейеді, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге үйренеді;
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорлары молаяды, логикалық ойлаулары дамиды.
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиетке, отбасындағы қарым - қатынасты бағалауға тәрбиеленеді
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жылылық шеңбері: Әр оқушы өзінің аты қай әріптен басталса, сол сөзден басталатын асыл сөзді қосады.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Қызығушылықты ояту:
Топ басшысын сайлау
Топ басшысының партасының астына стикер жапсырып қою. Кім стикерді табады, сол топ басшысы болады. Топ басшысының міндеті тобындағы әр оқушыны бақылап, әр тапсырманы + - белгілерімен белгілеу. Кім көп + алса жақсы баға алады, - алса жаман баға алады. Сабақты ең бірінші топ басшысы бағалайды, содан кейін мен бағалаймын. Ал балалар, тайм пикер сайлап алайық, тайм пикердің міндеті бізге уақыт белгілеп, уақытты үнемдеуге үйретеді.
«Ойлан, тап» ойыны «Он сұрақ» стратегиясы
Мақсаты: Тапсырма беру арқылы тақырыпты ашу. Бір оқушыға «отбасы» деп жазылған стикерді маңдайына жапсырып қоямын. Қалған балалар сол сөзді айтпай, ыммен көрсетеді. Ал стикер жапсырылған бала сол сөзді тауып алу керек.
1 - тапсырма
Постермен жұмыс
1 - топ Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? Топтасыру стратегиясы
2 - топ Отбасындағы «бала тәрбиесі» дегенді қалай түсінесіңдер?
3 - топ Қыз бала мен ұл баланың тәрбиесін салыстыр.
Топ басшылары топтарыңды белгілеп отырыңдар.
ІІ. Мағынаны тану:
- Ендеше біз бүгін сендермен Алтай Аманжоловтың «Әке тәлімі» мәтінімен танысамыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
Алтай Аманжолов - ірі тілші, түрік тілдерінің білгір маманы. Түрік тілінде 200 - ден астам еңбектері бар.
Мәтінге «Болжау» стратегиясы бойынша талдау жасап көрейік.
- Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болуы мүмкін?
- Олай ойлауыңа не себеп болып тұр?
3 - тапсырма Үш бөлікке бөлінген мәтінді оқиық. Мәтінді бөліктерге бөліп оқу
1 - топ 1 - 4 азат жолды оқиды
2 - топ 5 - 8 азат жолды оқиды.
3 - топ 9 - 13 азат жолды оқиды.
Жұпта талдайды Топ басшылары қалған топтарға түсіндіреді
1 - 2, 2 - 3, 3 - 1 «Карусель» стратегиясы

Топ басшылары бір - бірін естіген жоқ. Сондықтан тобы топ басшысына түсіндіреді.
Өздерің топтарыңда шешіңдер, кім ортаға шығып айтатынын. Әр топтан екі бала шығып, бір - бірін қостап тұруға болады.
Әр бөліктен қандай ой түйіндеді, қандай сабақ алды?

Аутотренинг:
- Қазір үстелге еркін отырып, екі қолыңызды тізе үстіне қойып, көздеріңізді жұмып отырыңыздар. Ештеңе ойламай өздеріңді бос, еркін сезініңіздер, мені тыңдаңыздар.
Қыс. Айнала аппақ ұлпа қарға оранған. Аяғың қар үстінде, таятындай болған соң баппен асықпай, аяңдай басасың. Көзің аппақ қарға шағылысып, бойыңды күннің шуағы нұрға бөлейді, денің рахаттанады. Өзіңді емін еркін сезініп, көңілің көтеріліп, кеудеңді ән кернейді. Ай хай рахат - ай! Қандай тамаша!


4 - тасырма
« Тапқыр болсаң тауып көр»
1 - топ
Әке -.........................
Ана -........................
Бала -.......................
( жағасындағы құрақ, бауырындағы бұлақ, асқар тау)
2 - топ
Әдепті бала -...................
Әдепсіз бала -.................
(ата - анасын мақтатар, ата - анасын қақсатар)
3 - топ
Атаңа.....................
Алдыңа....................
( сол келер, не қылсаң )
Сергіту сәті: Бейнеролик арқылы қимыл-қозғалыс жасау.
5 - тапсырма
Ой толғаныс
1 - топ: «Әке» сөзіне 5 жолды өлең құрастырады.
2 - топ: «Мен әкемді мақтан тұтамын» өйткені.......... тақырыбына эссе жазады
3 - топ: Әкенің отбасындағы рөлі (асырайды, қамқор, күшті болуға үйретеді, тәрбиелейді)


Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау,сурет салу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау .

Бағалау парақшасы

Алтын. Күміс. Қола.

Әке тәлімі ашық сабақ

Бағалау парақшасын толтырады.

Рефлексия.

Кері байланыс.


Әке тәлімі ашық сабақ

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022