Ашық сабақ Шаңырақ жарастығы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Шаңырақ жарастығы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сұлулық,адамгершілік, әсемдік.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға шаңырақ жарастығы және отбасындағы «сүйіспеншілік» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

.Міндеттері:

• Оқушыларға отбасы туралы түсінік беру.

• Оқушыларға отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

• Оқушылардың отбасы жарастығы, татулығы туралы түсініктерін кеңейту.

Ресурстар:

( белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы,баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

1.Үй тапсырмасын тексеру.

Апта күндеріне мерекелік ат қойып, осы мерекені қалай өткізетіндеріңді кестеге жазыңдар.

2.Дәйексөз

Шаңырақ сәні - сыйластық .

Халық мақалы

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.

Жаңа тақырыпқа дайындық.

«Мен қазақ баласымын» атты әңгімені оқып,талдау.

• Бір шаңырақта тұратын адамдар арасындағы сыйластық туралы айтып беріңдер?

• Өз отбастарыңның сыйластығы туралы айтып беріңдер?

3.Әңгімелеу

Сүйіспеншілік

Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің сыртында отырған үш қарияны көріп, тұрыңқырап қалады да, бар ниетімен үйіне шақырады. Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге үшеуміз бірге бармаймыз»,-дейді. Оң жақтағы досым - Байлық, сол жақтағы досым - Сәттілік. Менің атым - Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қояды:

- Қазір үйіңізге барып, үй иесімен ақылдасыңыз. Үшеуміздің біреуімізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар. Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз таңдайсыздар,- дейді.

- Сендер болсаңдар қайсысын шақырған болар едіңдер? Неліктен?

…Әйел Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда, қатты қуанған ол: «Қандай жақсы, қандай жақсы»,-деп қайталай берді.

Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емеспе? Біз «Байлықты шақырайық, үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйелі: «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»,- дейді. Екеуі ортақтасып, мынадай шешімге келеді: «Негізінде, ең асылы, Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз».

Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық», - дейді. Сүйіспеншілік орнынан тұрды да, үйге беттеді. Жолдастары да орындарынан тұрып, оның артынан үйге қарай жүрді. Аң-таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуіміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер…» - деді. Қариялар:

«Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуміз далада отырар едік. Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар. Сол үшін үшеуміз бірге баруымызкерек», - дейді. Әйелдің «неге?» деп сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті:

«Өйткені, Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз - Байлық пен Сәттілік қашанда - қасында боламыз».

1. «Сүйіспеншілік бар жерде - байлық пен сәттілік бар» - дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Отбасында тыныштық болу үшін қандай адами қарым-қатынастар болу керек деп ойлайсыңдар? Оны сурет, сызба түрінде жасаңыздар.

5.Топпен ән айту

Ана жүрегі

сөзі. Н.Иманова, Т.Серіков

әні . Х.Әбілжанов

1.Нұр шашып жанарыңнан жалындаған

Не күш бар өзіңе ана бағынбаған

Жаныңның нәзік, сұлу жылуынан

Адам жоқ қуат алып, жылынбаған

Қайырмасы:

Таппадым саған теңеу асыл анам

Қалайша махаббатты жасыра алам

Идіріп алпыс екі тамырыңды

Бұлақтай ақ сүтімен асыраған

2.От сезім анашымнан алаулаған

Жүрегім әр кез оған жалау болған

Есіме түскен кезде сәби күнім

Ұйқымнан мың оянып сан аунағын

Қайырмасы:

Тербетіп таң атқанша бесігімді

Үйреттің бол деп әр кез кешірімді

Қолымнан келсе егер аяулы анам

Аспанға жазар едім есіміңді

6.Үй тапсырмасы

1. «Бақытты отбасы модулін» салу;

2. Өз отбасыңыздың елтаңбасын жасап көріңіздер;

7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет.





© 2010-2022