Конспекты казахскому языку на тему ч дыбысы және әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ч ч дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ч дыбысының сөйлеу тілінде айтылуын, ч дыбысы кездесетін сөздерді оқу, жаза білуін, сөздік қорларына жаңа сөздерді енгізу.

білімділік: ч дыбысы мен әрпін меңгерту, сауаттылыққа баулу,сөз ішінде ч дыбысының орналасуын білу, дыбыстық талдау жасауға,көркем жазуға үйрету.

тәрбиелік: дүниетанымын кеңейту, оқушыларды отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу;

дамытушылық: шығармашылық қабілетін дамыту,өз сөзімен әңгімелеуге үйрету,ақыл-ойын, таным белсенділігін арттыру,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру сабағы.

Сабақтың әдістері: сұрақ- жауап,түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: проектор, слайдтар,чемпиондар суреті,смайликтер, чипсилер,чупа-чупстер, «лото» ойыны.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару,сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.

ә) Психологиялық дайындық: «Тыныштық сәті»

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн балалар! Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Себебі,бізге қонақтар келіп отыр.Сабаққа барлығымыз белсенді қатысып, тәртіп сақтауымыз керек.Сабағымыз сәтті өту үшін,бір-бірімізге күлімсіреп,сәттілік тілейік. Сәттілік!!!

ІІ. Жаңа материалды игеруге дайындық:

-Балалар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ц дыбысымен.

-Ц дыбысы қандай дыбыс?

-Ц дыбысы дауыссыз,қатаң.

-Ц дыбысына қатысты қандай өлең жаттадық?

-Клоунның сыры. (5-6 оқушыға айтқызу)

-Жақсы балалар,осы өлеңде ц дыбысы кездесетін сөздерді атайық.

-Цирк.

-Дұрыс. Енді осы сөзге дыбыстық талдау жасайық.

Ц- дауыссыз,қатаң.

И- дауысты жіңішке.

Р-дауыссыз,үнді.

К-дауыссыз,қатаң.

-Өте жақсы. Цирк аренасына және күреске өмірінің 55 жылын арнаған біздің Қажымұқан атамыз. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы!Чемпион сөзін барлығымыз айтайық. Сөз қандай дыбыстан басталып тұр?

- Ч дыбысы. Сонымен, біз бүгін Ч ч әрпі және дыбысымен танысамыз.

- Балалар, ч дыбысы қатаң, дауыссыз дыбыс,түсін көк түспен белгілейміз. Ч дыбысы орыс тілінен енген сөздерде көптеп кездеседі. Қазақ тіліндегі сөздерде ч дыбысы көп кездеспейді.Қане, ч дыбысы бар сөздерді айтып көрейік: чем пи он, чем пи о нат,чек, че мо дан (ша ба дан),чес нок (са рым сақ),чип сы,чупа- чупс т.б сөздер.

Оқулықпен жұмыс:

Чем пи он- үлкен чемпионаттарға,жарыстарға қатысып, жеңімпаз болған адамды чемпион дейді.

Чем пи о нат-үлкен жарыстар,олимпиадалар.

Чек-дүкендерден тауар сатып алғанды растайтын қағаз.

-Оқулықтағы суретке қарай қояйық. Суретте не бейнеленген?

- Қыс мезгілі. Жарыс болып жатыр. Балалар шаңғы теуіп бара жатыр.Алда мәре сызығы тұр.Мәре сызығына бірінші болып жеткен бала -чемпион болады.

«Болашақ чемпиондар»өлеңін таныстыру,түсіндіру.

Слайдпен жұмыс:

- Балалар, суреттердегі мына адамдар 2012 жылы Лондон қаласында өткен олимпиададан чемпион атағын иемденген қазақстандық ағаларымыз. Сендер оларды танисыңдар ма? (Экранда Лондон - 2012 олимпиадасының чемпиондарының суреттері көрсетіледі.)

- Танимыз. Лондон олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Серік Сәпиев, Илья Ильин. Илья Ильин ауыр атлетикадан ІІ мәрте рекорд жаңартқан әлем чемпионы.

-Геннадий Головкин бокстан әлем чемпионы.

-Ал, өзіміздің жерлесіміз Әділбек Ниязымбетов ағаларың бокстан әлем чемпионы.

-Ал,қазақты күрес өнерінен әлемге танытқан Қажымұқан атамыз.

-Ал, біз осы аға-апаларымыз секілді чемпион болғымыз келеді ма?Ол үшін не істеуіміз керек?

-Үнемі жаттығу жасап,шынығуымыз керек.

Сергіту сәті:

-Біз чемпион боламыз,

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Торғай боп та ұшамыз,

Чик-чирик, чик-чирик.

Би билеп те аламыз,

Ча-ча-ча, ча-ча-ча.

Орнымызды табамыз,

Қолға қалам аламыз.

Дәптермен жұмыс:

Ауада жазу: Бас әріп элементтері: оңға және солға қарай иілген қармақша, оңға қарай иілген қармақша. Ч Ч

Кіші әріп элементтері: солдан оңға қарай бағытталған қармақша, оңға иілген

қармақша. ч ч.

ІҮ. Сабаққа қорытынды жасау: «Лото» ойынын ойнау.

-Балалар, біз осыған дейін не өткендерімізді еске түсіру үшін,білімімізді тиянақтау үшін «Лото »ойынын ойнаймыз.

1- лото - Ч дыбысы қандай дыбыс?

2 - лото-Алфавитте неше әріп бар?

3 - лото- Дыбыстар нешеге бөлінеді ?

4 - лото-Сенің есімің қандай дыбыстан басталады ?

5 - лото-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

7 - лото-А дыбысы қандай дыбыс?

10 - лото- Болашақта сен кім болғың келеді?

11 - лото-Ч дыбысынан басталатын сөздерді ата.

12 - лото-С дыбысына сөз ойла.

14 - лото-Кітапхана сөзін буынға бөліп айт.

16 - лото-Қ дыбысына сөз ойла.

17 - лото- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

19 - лото-Елбасымыз кім?

20 - лото-Футбол сөзін қатыстырып сөйлем құра.

21- лото-Жазу жазып жалықпаған,

Жаза -жаза арықтаған.

22- лото-«Бауырсақ»ертегісінде бауырсақты не жеп қойды?

23- лото- Төрт түлікті ата.

24- лото- Щеткалар өлеңін жатқа айт.

25- лото- Шахтёр қандай мамандық?

27- лото- чемпион сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

31- лото- Балық сөзін қатыстырып сөйлем құра.

32- лото- Жарыс сөзіне дыбыстық талдау жаса.

33- лото- Ч дыбысының үлкен және кіші әрпін тақтаға жаз.

41- лото-Р қандай дыбыс?

44- лото- Б дыбысынан басталатын сөздерді ата.

55- лото- Кітап сөзін жіктеп айт.

Ү. Үйге тапсырма беру: «Болашақ чемпиондар»жаттап келу.

ҮІ. Оқушыларды бағалау:Бүгін сабаққа жақсы қатысқан оқушылардың смайликтерін санап, бағалау.

-Назарларыңызға рахмет!!!







© 2010-2022