Ана тілі пәнінен Наурыз тойы тақырыбында ашық сабақ (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі 17.03.2014жыл

Тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.Ұлыстың ұлы күнінде.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Заттың қимылын білдіретін сөздер оның сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Заттың атын білдіретін сөздермен заттың қимылын білдіретін сөздердің байланысын меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын,ойлау өрісін дамыту.Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға дербес жұмыс жасауға үйрету.Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды мейірімділікке, аналардың еңбегін бағалай білуге үйрете отырып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ережелер, сәйкестендіру, дидактикалық суреттер.
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың әдісі:Сұрақ- жауап,өз бетімен жұмыс, түсіндірмелі әдістер.

Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру.Үй жұмысы
Жаңа сабақ:
- Зейінімізді тақтаға аударайық
- Жылдың қәзір қай мезгілі?-Көктем
- Көктем
- Көктем туралы не айтамыз?
- Күн жылынады.Қар ериді.
- Алғашқы көрікті гүл бәйшешекті терейік.
- Үй тапсырмасы : Қайталау

"Не?"-------------------"Кім?"
... құлындайды----...емдейді
...қоздайды--------...оқытады
...боталайды--------...тігеді
...бұзаулайды-------...жазады
Осы жерден қандай ереже шығаруға болады?
Кім?Кімдер? Не? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздер адамның, жануарлардың және заттардың атын білдіреді.
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың қонағы кімдер?
- Мұғалімдер.
- Мұғалімдер не істеді? -Келді,кірді,отырды.
- Мен не істедім? - Сұрадыңыз,айттыңыз.
- Сендер не істедіңдер? - Айттық,жауап бердік,сөйледік.
- Не аңғардыңдар?
Осы сөздің барлығы іс әрекетке байланысты.
Күннің жады жазылады.
Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
"Сөйлейміз,оқимыз,жазамыз
Бәрін білуге ұмтыламыз"

Ендеше осы ұранды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз.
Сәйкестендіру. Адасқан сөздерді сәйкестендір.
Арыстан ............боздайды
Түйе .................ақырады
Аю ...................мөңірейді
Жылқы ............маңырайды
Қой .................кісінейді
Сиыр ...............бақырады
Не істейді?Не қылды?Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын,іс-әрекетін білдіреді.
Мысалы:Оқыды,жазды,жүгірді,жүзді.
- Келесі көктемнің алғашқы гүлі Жауқазынды терейік.
- Суретпен жұмыс.
Мәтін құрастыр
-Кітаппен жұмыс.
-Мазмұнын айту
Өз анаңа қандай қолғабыс тигізесің?

Дәптермен жұмыс

111-жаттығу

Әр сөйлемдегі сөздерді өз орнына қойып жаз.

Ержан тақтайды кесті.

Нұржан тақтайды сүргіледі.

Мақсұт шеге қақты.
Сергіту сәті: Ормандарға аю,қонжық
Ұялардан бал іздейді.
Мойындарын оңға бұрды
Мойындарын солға бұрды.
Ағаштарды шайқап көрді
Қуанғаннан билей берді.


Сабақты бекітеміз: «Адасқан сөздер» ойыны
Ережені қорытындылау. «Күн көзін бұлт баспасын» сұрақ-жауап ойыны арқылықорытындыланады.
Үйге жыл аттарын көшіріп жазу.
Бағалау.
Ойын: Ойлада,ойна



Арыстан

Қой

Түйе

Сиыр

мөңірейді

боздайды

ақырады

маңырайды

Ашық сабақ

Тақырыбы:

Ана тілі пәнінен Наурыз тойы тақырыбында ашық сабақ (3 сынып)

Бастауыш сынып мұғалімі: Мауияева Ардақ


© 2010-2022