Біздің сынып 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 3 «Б»

Сабақ 1- сабақ

Сабақ өтілетін күн: 06 .04.2013

Орны:6-дәрісхана

Барлық оқушы саны: 8 Жасы: 8-9

Қатысқаны: 8

Сабақ тақырыбы

«Біздің сынып»

Жалпы мақсаттар

Тақырып бойынша сөздік қорды қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі қолданып, тілдесім әрекетіне жету.

Түйінді идеялар

Сынып мүліктері

Стратегиялар

«Шаңырақ», «Т кестесі», «Ыстық орындық», «Ой қозғау», «Аялдама», «Аяқталмаған сөйлемдер»

Көрнекіліктер

интерактивті тақта, маркерлер, А3, презентация, қима қағаздар, смайликтер, компьютер.

Дереккөздер

Қайырбекова А. Қазақ тілі, 3 сынып, Оқулық. Алматы «Атамұра», 2014.

Жақсылықова Г.И., Каженова А.М., Исмагилова Н.З. Интербелсенді әдіс-тәсілдер. Әдістемелік құрал. Өскемен 2014

Оқыту нәтижелері

Топтасып, жұптасып, жекелей еңбек етеді, мәтінмен жұмыс барысында ақпаратты оқиды, аударады, талдайды, өзгелермен бірлесіп жұмыс жасайды, ортақ шешімге келеді, білімдерін бекітеді, өздерін-өздері және бірін-бірі оқытады және бағалайды.

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1-кезең.

Қызығушылықты ояту:

7 мин

Шаттық шеңбер «Шаңырақ» лента арқылы шағын топқа топтастырады.

Ынтымақтастық атмосфера «Көршінің портреті»

Оқушылар бір шаңырақ астында тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады, лента түсімен топқа бөлінеді.

«Мен қазақпын» сергіту сәті

Оқушылардың үй жұмысын «Т кестесі» стратегиясы арқылы тексеру. Қосымша 1

Сергіту сәтіне қатысу

Есептік және реттік сан есімді

«Т кестесі» арқылы толтырады.

Бағалау: «Басбармақ» 2 мин

2-кезең. Мағынаны ажырату:

25 мин

«Ой қозғау» Мұғалім сынып бөлмесінің суретін көрсетеді. Қосымша 2. Мұғалім оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға көмектесу үшін түрткі болу, қайта бағыттау сұрақтарын қояды.

Оқушылар суретті көріп, қойылған сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып сабақтын тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

«Пирамида» сөздік жұмысы мұғалім жаңа сөздердермен таныстырады Тапсырма 3

Оқушылар жаңа сөздерді хормен айтады, сөздік дәптерлеріне жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрайды.

Бағалау: «Смайлик»

Оқылым. Мәтінмен жұмыс «Аялдама» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды. Қосымша 4

Мәтінді оқиды, аударады, әр топқа берілген тапсырманы орындайды.

Бағалау: «Блоб көпірі»

Жазылым.Мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай тапсырма береді. Қосымша 5

Оқушылар тапсырмаларды дәптерлеріне орындайды.

Бағалау парағына топ басшысы бағалайды

3-кезең. Ой- толғаныс:

5 мин

«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы жаңа сабаққа қорытынды жасайды.

Оқушылар ыстық орындықта отырған балаға сабақ бойынша сұрақтарын қояды.

Келесі оқуға арналған тапсырмалар.

2 мин

187 бет № 6 жазбаша үй жұмысын түсіндіреді

Үй жұмысын күнделіктеріне жазады.

Бағалау

Мұғалім жиынтық баға қояды.

Рефлексия

3 мин

«Аяқталмаған сөйлемдер»

Мен бүгін .... білдім.

Мен үшін бүгін ... қызықты болды.

Біздің сынып тақырыбы маған ....

Оқушылар сөйлемдерді аяқтап, толықтырып жазады.





Қосымша 1.

Бір, екінші, үшінші, он, бес, төртінші, жеті, сегіз, тоғызыншы, алтыншы, бірінші, екі үш, жетінші.

Есептік сан есім

Реттік сан есім


Қосымша 2. сурет

Бұл не? Сыныпта нелер бар? Сыныпта неше терезе бар? Біздің қабырғада не ілініп тұр? Сыныпта неше парта бар? Ол партаның түсі қандай? Партаның жанында не тұр? Орындықтың саны неше?

Сөздік жұмыс тапсырма 3.

Таза - чистый

Қабат - этаж

Терезе - окно

Қабырға - стена

Сөйлем - предложение

Мәтінмен жұмыс тапсырма 4.

Бұл - біздің сынып.Сынып үлкен. Сыныпта үш терезе бар. Терезелер таза. Сыныпта үстел, тақта, орындық, он бес парта бар. Сынып жарық, әдемі.

Біздің сынып қандай?

Біздің сыныпта нелер бар?


Қосымша 5.

І деңгей: Сурет бойынша мәтін құрастыр.

ІІ деңгей: Сурет бойынша 3 сөйлем құрастыр.

ІІІ деңгей: Мәтіннен сан есімдерді теріп жаз.

Топ жұмысын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Мәтінді аудару


Мәтін арқылы бір-біріне сұрақтар қою

Мәтінді түсінуі


Баға

2

1

0

2

1

0

2

1

0


5-6 «5»

3-4 «4»

1-2 «3»


© 2010-2022