Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тік төртбұрыштың (шаршының) периметріТік төртбұрыштың (шаршының) периметріШығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

№27 жалпы орта білім беретін

мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Акылбекова Тамара Какимхановна

Математика 2-сынып

Тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі.

Мақсаты:

Білімділік:Тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшеу және олардың ұзындықтарының табуға үйрету. Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын, ауызша есептеу және логикалық ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: геометриялық фигуралар, ойындар, сызба- плакат, сызғыш, слайд

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап

Типі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс. Әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Мұғалім: Ал, балалар, Тәуелсіз Қазақстанның ұрпағы қандай болу керек деп ойлайсыңдар? Білімді, ақылды, тапқыр, талантты, тәрбиелі болуы керек?

Олай болса, сендер қазір сабақта өздеріңнің Егеменді елдің білімді ұрпақтары екендеріңді көрсетеді, деп сенемін. Ал білім алу үшін ең бастысы не керек деп ойлайсыңдар? Мықты денсаулық. Денсаулықтарың мықты болу үшін қыста спортпен шұғылданып, ойындар ойнау керек.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс айларын атап беріңдерші? Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Желтоқсан қыстың алғашқы айы екен. Қыс айларында қандай мерекелер бар?

Қыста өздерің ойнайтын ойын түрлерін атаңдаршы.

Үй тапсырмасын тексеру. Слайд №1

Ойын «Қар лақтыру». № 6

Ой қозғау. Ауызша. Слайд.№2

1.Тік төртбұрыштың қасиетін еске түсірейікші.

2.Шаршының қасиеті

3. Бұрыштардың түрлерін ата.

4.Қосудың компоненттерін ата.

5.Азайтудың компоненттерін ата.

Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Слайд 3

Балалар, өмірде тік төртбұрыш көп кездеседі.

Суретпен жұмыс. Слайд №4

Сызғыштың көмегімен тік төртбұрыштың (шаршының )қабырғаларын өлшеу

Олардың қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын жазып, мәнін жазу. Тік төртбұрыштың (шаршының ) периметрін жазу. Р =10 см Р= 4см

Қорытынды тұжырым жасату.

Дәптермен жұмыс: 74

№2 Оқулықпен жұмыс: Ойын «Шанамен сырғанайық» Слайд 5 Тақтамен жұмыс.

Сурет бойынша есептер құрастыру.Суреттен нелер көріп тұрмыз? Есепті шығару үшін не істейміз? Неше амалмен орындаймыз?

Ойыншық-30 тг З -90 тг

Қоңырау- ? 6 тг қымбат ? П- ?,10 тг арзан

Шешуі: (30+ 6)+ 30=66(тг) Шешуі: 90-10=80( тг)

Жауабы:Барлығы 66теңге ойыншық Жауабы: 80 тг

Сергіту сәті

Тік тұрам да, қос қолмен

Таянамын бүйірді

Шапалақтап қолымды

Басымды мен шұлғимын

Құс қанатша қолымды

Екі жаққа жаямын

Бір отырып, бір тұрып

Орнымды мен табамын

№3. Тақтамен жұмыс. « Шаңғы тебу»

а + 30 а= 27; 8 27 + 30=57 8+ 30=38

а- 6 а=76; 89 76-6= 70 89-6=83

№ 4. Өз бетімен жұмыс.

1-қатар 2-қатар 3-қатар

а+8=98 а-5=40 а-6=32

а=98-8 а=40+ 5 а=32+6

а=90 а=45 а=38

90+ 8=98 45-5=40 38-6=32

Бекіту: №5 Ойын «Аққала құру» Ауызша

8+ 9=17 9+ 9=18 18-9=9

9+ 7=16 17-8=9 16-8=8

Логикалық тапсырмалар:

Аспанға ұшты Көлден ұшты қаз

Қарға, көгершін Қайтып қонды қаз

Көкек, қарлығаш Қонбады оның нешеуі

Бәрі нешеу тауып көрші?(сегіз) Кәне, кім тез шешеді?(4)

Қорытынды: Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

Тік төртбұрыштардың (шаршының) периметрін қалай табамыз?

(Ұзындығы мен енін қосамыз)

Фигураның қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы қалай аталады?

(периметр) Тапсырманың барлығын жақсы орындап өздеріңнің Тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағы екендеріңді көрсеттіңдер және білім алу үшін денсаулық керек екенін білдіңдер. Егер сабақ ұнаса смайликті көңілдіге жапсырыңдар, ұнамаса көңілсізге жапсырасыңдар.

Бағалау.

Үйге тапсырма: №6

« Сөз құрастыру». Сау болыңыздар


© 2010-2022