Таныстырған 42 әріппен, қош бол менің ең сүікті Әліппем

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!»
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту.

Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
Медина: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жарас: Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Дина: Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған,
Бекарыс: Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Ернат: Көз салып қараңызшы бойымызға
Таңшолпан: Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Нұрлы: Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар,
Ақпейіл: Әліппемен қоштасу тойымызға.

Аружан: Қоштасу тойын бастайық,
Маржан: Ән мен биге басайық.
Бану: Өнерімізді көрсетіп,
Дариға: Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
Олжас: Уа, халайық!
Жәмиға: Ортаға шақырайық қол соға.
Айбатыр: Сүйікті біздің ұстазды,
Баян. Шәкірттермен ортаға.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 «а» сынып оқушыларының «Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар, сұраққа жауап айтындаршы.
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!

Хор: «ӘЛІППЕ»

Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе: Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық!

Олжас: Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Жәмиға:
Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
Би: Қазақ би Медина Дина Аружан Дариға Нұрлы

Әріптердің атаманы қай әріп?
(Лашынның шы.армашылығынан )

Ал енди балалар сендер тез есептей ала ма екенсіңдер соны көргім келіп тұр:

Ол үшін мен досым математиканы шақырғым келіп тұр.

Математика келіп : ал енди балалар мен сендермен өмір бойы бірге боламын. Менен үйренгендеріңді әліппеге айтып бермедик па?

Сандар шығады.
Әліппе:
Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді,
Айтып берер санамақ?

1) 1 дегенім - бесік,
Шықтың содан өсіп.

2) 2 дегенім - елім,
Далам, тауым, көгім.

3) 3 дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.

4) 4 дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.

5) 5 дегенім - бақыт,
Бағалайтын бақыт.

6) 6 дегенім - ақыл,
Тыңдағаның мақұл.

7) 7 дегенім - жалау,
Жүректегі алау.

8) 8 дегенім - сөзің,
Серт беретін кезің.

9) 9 дегенім - тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.

10. 10 дегенім - Отан,
Қорға еліңді ботам.

Ал енди балалар сендер тез есептей ала ма екенсіңдер соны көргім келіп тұр:

Ол үшін мен досым математиканы шақырғым келіп тұр.

Математика келіп : ал енди балалар мен сендермен өмір бойы бірге боламын. Менен үйренгендеріңді әліппеге айтып бермедик па?

Есеп

  1. Алмаста 5 машина бар еді ол 4 машинасыйлыққа алды . Алмаста барлығы неше машина болды?

Шарты:

Сұрағы:

Шешуі:

Жауабы:

  1. Салыстыр:

4*5 5*6 6*2 4*9 8*7 6*4 5*3 4*5

  1. 8+2 6-3 9-5 3+6 10-5 5+3 6-0 4-4

«Әсемпаз болма әрнеге» сөзін тақтаға жазып береді.

Дариға:

Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнге саламыз.
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.

Би: Танго Жарас Жәмиға, Айбатыр Маржан

Бекарыс

Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
Таңшолпан:
Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреткен.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
Нұрлы
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсың,
Күнделіктерің 5 - ке толсын!
Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен,
Ұлдар: Балаларға үйреткен.
Хормен: Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Әліппе: Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым, өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар. Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар. Ал мен енді кетейін, қош сау болыңдар!
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бірге: Қош сау бол, құтты Әліппе! (Әліппе кетеді)

Мұғалім: Өздеріміз білетін «Ана тілі» туралы тақпақтарымызды айтып берейік.

Ақпейіл
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрің біл,
Өз тіліңді құрметте.

Аружан
Ана тілін ақтандар,
Ана тілін сақтандар.
Ана тілмен безеніп
Ата берсін ақ таңдар.
Медина

Ия, өз тіліңмен ер жетіп,
Қол созасың күнге сен.
Өз тіліңмен еліңе,
Пайдалысың күнде сен!
Ән: «Ана тілін сүйеміз!»

Көрініс « Мақта қыз бен Мысық»

Мұғалім: Балалар, енді әліппеден басқа да қызықты кітаптарды оқи алады. Бізге қонаққа кітапханашы Алтынжан апайымыз келіп отыр. Перизат апайымызға сөз берейік.
Кітапханашы: Балалар, мені мерекелеріңе шақырғандарың үшін көп рахмет. Сендер енді өз беттеріңмен оқи аласыңдар. Кітапханада әдемі, балаларға арналған кітапшалар көп. Мен сендерге бүгінгі мерекелеріңе сыйлық ретінде бірнеше кітап ала келдім. (Кітаптарды балаларға таратады, «Ана тілі» таратуға көмектеседі).

Би Қуыршақтар биі
Ана тілі: Балалар, енді басқа да қызықты кітаптар оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.
Хормен: Оқимыз, «Ана тілі», оқимыз!


Баланың да тірегі,

Ақыл құйған санама,
Даланың да тірегі.

Күннен де артық расында.
Шаншылмасын ешқашан,

Күн - алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.
Ән: «Айналайын ақ мамам!»
Мұғалім: Ата - ана шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Қорытындысын жасайық!!! (шашу шашылады)
Мұғалім: Мұнда біреу жымияды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса,
Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.
Ол кім десең,
Қуаныштан езулерін жымиған,
Ол - ата - ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келесі сөз кезегін ата - аналарға беремін.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!



© 2010-2022