Армысың, әз-Наурыз. 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Уа, жарандар, жарандар, Бәрің бері қараңдар! Ата- бабам тойлаған! Наурыз думан басталды, Ғасырлардан ғасырға Келе жатқан жаңғырып. Құтты болсын мереке!

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған
Мұнда біз бар!
Естімеген естіңдер!
Тыңдамағандар тыңдаңдар!
Наурыз тойы басталды,
Бір орында тұрмаңдар

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мейрамы Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл - көсір су болып ағады.Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!


Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата - бабам тойлаған
Әз - Наурызым, армысың!


Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз - «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн - біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын!

Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.


Мереке берекемен жалғассын деп,

Ортаға келе жатыр Наурыз ару.

Тұрайық қошеметпен қарсы алайық

Қуанышпен бәріміз қол соғайық!

Наурыз ару:

Армысыңдар халайық!

Бармысыңдар халайық!

Наурыз тойын тойлауға

Жиналыпты көп халық.

Құтты болсын мереке!

Құтты болсын береке!

Уа халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке ,бұл тойдың
Шашуларын шашайық!

(Наурыз ару шашу шашады)Ән. Құтты болсын әз-Наурыз

Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме, Жер - Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!

Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз

Уа ағайын! «Наурызым - бабамның сөзі, Наурызым - анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, Қыдыр атамыздан бата сұрап алайық: Бата: Армысыңдар, жамағат!

Бармысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт - түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін
Ұлы халқым тоқ болсын
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы - уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Әумин)

Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.


Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.

Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз

Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап - жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.


Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен - саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.


«Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер - Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр - күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған. Көрініс. (Күн мен түн ортаға шығады) Күн: Сәулесі мол күнмін. Түн: Жұлдызы көп түнмін. Екеуі: Бірдей болып біздер Теңелеміз бүгін. Түн: Ал ертең күн ұзарар, Күн: Түн қысқарар бірақ. Екеуі: Ұйқы қанбай қалды деп Жүрмеңіздер жылап.

Ән. Күн мен түн теңелді

Түрлі-түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызығып ылғи барамын,
Қырға шығып ойнап.

Кіргізіп көркін даланың,
Бәйшешек қырда қаптады.
Қызығып ылғи барамын,
Үзуге бірақ батпадым.

Наурыз келді тойға ұласқан

Жер көгеріп малға толсын

Ырыс тасып берекелі

Өмір сүрсін бақытты елім

Ұлыстың қадам басып ұлы күні,

Үйдің де көктей жаздап тұр уығы.

Көңіл де наурызбенен шешек атсын,

Жүректің сарқылмасын жылылығы.

Ал халайық, халайық

Әндетейік жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Домбыраны би билеп

Шырқа әнге салайық

Ән: Домбыра

Көктем келді, Наурыз келді

Жер көгерді, ел көгерді.

Дастарханын жайып дархан

Жақсылық пен бақыт шашқан

Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!


Қазақтың ұлттық тағамдары,
Жасымнан жақын маған бәрі.
Теңермес ем оларға мен,
Ешбір асты ғаламдағы.


Ән: Қазақы дастарханым

Тақтадан қазақтың дастарханы, наурыз көже пісіріу сәті көрсетіліп тұрады

Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді

Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды

Әжем Наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды

Бидай, күріш, тары бар

Ащы құрты тағы бар

Көже елдің ырзығы

Ашық болсын қос қабақ

Таспен атқанды аспен ат

Арпа, бидай, тары бар

Қатық малта тағы бар

Ішілетін, жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар

Ән: Наурыз келді қараңдар! Тойла бүгін, тауларым мен боз далам, Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам. Қайта оралған намысымдай Наурызым, Жаңа жыл боп қош келіпсің, халқыма! Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке, Қастерледік, қадіріңді білдік те. Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!
Арда өсіп, адал емген ақ уызың, Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін. Көк бөрілі байрағын желбіретіп, Көк түріктер тойлаған Наурызым!

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән - салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!


Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

Қазақтың жанды міне бақ жұлдызы

Тойлануда дәстүрлі әз Наурызы

Даңқыңа төрткүл ғалам құлақ түріп

Таңданды аспан асты, жерді жүзі

Жыр айтқан балалардан айналамын

Елім деп еміренсе жанданамын

Жүректер қазағым деп күнде соқса

Марқаямын, мақтанамын, қуанамын!

Ән: Мен қазақтың баласы

Наурыз - жаңарудың, түлеудің басы

Наурыз - имандылық мереке

Наурыз - көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс, молшылық бастауы

Наурыз мерекесі мейірімділік, қайырымдылық мейрамы

Наурыз келсе барлығы жасарады

Жасарады табиғат жасалады

Алпыс төлдің анасы ақ жүрекпен

Аластасын пәледен босағаны

(Қыздар аластайды)

Шапағатын аямай бұл жақта аспан

Жадырайды әр адам мұң шақпастан

Оу, ағайын келіңдер бүгін бізде

Наурыз көже құрт қатық тары қосқан

Ой қосылсын ойыңа

Бой қосылсын бойыңа

Аман - есен жетейік

Келесі наурыз тойына

Наурыз ару:

Мереке Наурыз жыл басы

Наурыз тойы құтты болсын!

Дендеріңіз сау мықты болсын!

Аман-есен болайық!

Баршаңызға тілегім

Еліміздің несібесі көп болсын,

Жауын жауып жер бетіне көк толсын!

Қазағымның жаңа жылы құтты болсын!

-Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Көңіл бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет. Келесі наурызда төрт көзіміз түгел уайым-қайғымыз жоқ болып, амандықпен кездесейік.Бұл жыл баршаларыңыздың естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толсын. Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын. Ұлыс оң болсын!



© 2010-2022