Внекласный урок Болашақ математиктер

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 класс. Математика.

(Сыныптан тыс сабақ)

Сабақтың тақырыбы: Болашақ математиктер.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік.

Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау,логикалық тапсырмаларды ауызша есептеп,орындай білуге қалыптастыру.

2.Дамытушылық.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін ,өз ойларын еркін айта білу дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік.

Оқушыларды жылдам есептей білуге,алғырлыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сабақтың жоспары,тақырыпқа сай суреттер,ойындар т.б.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,көрнекілік,ой қозғау.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі «Болашақ математиктер» атты математикалық сайысымызға қош келдіңіздер!Сайыс болған соң әділ баға беруші қазылар алқасын сайлап алайық.

1.Даусы сазды,нақышты,

Білімді,ойшыл,ақылды.

Бейбіт аға осы кеш,

Әділ-қазы басшысы.

2.Мінез қандай шіркін-ай аңқылдаған,

Әсем құстай даусы саңқылдаған.

Бақыт апай арнайы беріліп тұр

Әділдіктің бүгін күні орны сізге.

Ендеше,сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық.

1.Жеңеміз деп келіпті олар сайысқа,

Балалардың көңілі тұр алыста.

Қарсы алайық қошаметтеп біз енді,

Танысыңыз «Бірлік» тобы келіпті.

2.Риза болып,бізде кәне көрелік,

Тамашалап мына топтың білімін.

Шақырайық ортамызға тағы бір,

Қарсы алайық «Достар» тобын біз бүгін.

ІІІ Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныстырып өтейін.

1.Топтардың таныстыруы.

2.Ал балақай,санайық,

Қосып және алайық.

Көбейтейік,бөліп,

Дұрыс санап көріп, дей келе «Көршісін тап!» ойынын ойнап,санның көршісін табайық.

3.Жоқ фигураны табу.

4.Жұмбақ есеп.(2 топқа да суреттер беріледі)

І топқа: Үш балапан тұрып жүр,

Қауызға көзін бұрып жүр.

Ұядағы күрікте,

Жатыр екі жұмыртқа.

Есептеп санын біліп көр,

Барлығы неше балапан

Шығарады күріктен?

ІІ топқа: Бес алманы бақтағы,

Кірпі барып жинады.

Ең әдемі екеуін,

Ақ тиінге сыйлады.

Ыдыстағы алманаң,

Санап көрші қалғанын.

5.Мына фигураларда неше үшбұрыш бар екенін тап.

6.Мына математикалық сызықтар мен фигуралардың ішінен кесінділерді тауып,өлшеңдер.

7.Жоғалған сандар.(Берілген адам бейнесі мен қойдың бейнесінен сандарды тап)

Көрермендермен сайыс.

1.Бөлменің 4 бұрышы бар,әр бұрышта 1 мысық отыр.Әр мысыққа қарама-қарсы 3 мысық отыр.Бөлмедегі мысық нешеу?

2.Екі ұл,екі әке 3 апельсин әкеле жатыр.Әрбіреуінің қолдары бос емес.Неше кісі,қалай әкеле жатыр?

8.Ойлан,тап!

Екі топтың біреуі гүл күлтелерінің артындағы мысалдарды,ал келесі топ күн шуақтарының артындағы мысалдарды шығарып,гүл мен күн құрау керек.

9.Топ басшыларының сайысы.(1 минутта кім нешеге дейін санайды?Ауланың суретінен математикалық сызықтар мен ұғымдарды табу керек)

10.Қорытынды.

Жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз беріледі.

Жақсы істі үйренейік еселеп,

Жамандықтан бойды алып қашайық.

Оқулықтан санап көріп,есептеп, «Математика еліне» құтты қадам жасайық.


© 2010-2022