Ашық сабақ Дүниетану пәні Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Ш.Уалиханов атындағы негізгі орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі:

Қабешова Дина Зинекенқызы




Дүниетану 2-сынып

Тақырыбы: Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек

Мақсаты :

Білімділігі: Өсімдік тіршілігіне маңызды жағдайлар туралы түсінік Өсімдікке қажетті жағдайлардың ішінде жылу мен ауаның және жарықтың алатын орны зор. Өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайлардың бірі жеткіліксіз болса, ол дұрыс өсе алмайтының кеңінен түсіндіру

Тәрбиелігі:Оқушыларды байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке бір-бірін құрметтеуге, жолдасының шешімін сыйлауға тәрбиелеу.Қоршаған ортаа қамқор болуға , табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, танымдық белсенділігін арттыру өсімдіктермен жұмыс істеп қорытынды шығаруға машықтандыру.

Сабақтың көрнекілігі. Интерактивті тақта, өсімдіктердің суреттері

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар қазір қай сабақ?

-Дүниетану сабағы

-Дүниетану сабағында сендерге қандай білім беріледі?

-Дүниетану сабағында қоршағанорта табиғат туралы білеміз

-Өте жақсы

Психологиялық тренинг (табиғат әуенмен)

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

Өсімдікке ауа және топырақ керек (1-2 оқушыдан сұрау)

Суретпен жұмыс үй тапсырмасы

Өсімдікке су және топырақ керек

  1. Өсімдіктің қсуі үшін не керек? (топырақ)

  2. Топырақтың құрамын ата? (ауа, су, саз, құм, шірінді)

  3. Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі? (құнарлы топырақта жақсы өседі)

  4. Құнарлы топырақ деген не? (құрамында шіріндісі мол топырақ)

  5. Шірінді қайдан пайда болады? (түскен жапырақты жинап топыраққа көміп шірітеді)

  6. Өсімдік өсуге жарамайтын топырақ қалай аталады? ( құнарсыз)

  7. Құнарлы топырақтың құнарлығын арттыру үшін иістейді? (тыңайтады)

  8. Тыңайту деген не? (тыңайту дегеніміз-өсімдікке керекті қоректік заттарды топыраққа қосымша араластыру)

ІІІ Үй тапсырмасын қорытындылау:

Құнарлы шіріндісі көп------Топырақ

Тыңайту керек--------------Құнарсыз

Яғни өсімдіктің ең маңызды тіршілік көзі-топырақ болып табылады. Өсімдік қоректік заттарды топырақтан алады сонымен топырақ-тіршілік белгісі.

IV.Жаңа сабақ

Жұмбақ шешу

Өсімдіктің өсуіне қажетті қандай жағдайларды атай аласыңдар?

Ауа, жылу, жарық, топырақ,су

«Ой қозғау»

  1. «Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді» (су)

  2. «Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады» (күн)

  3. .Бар ма,жоқ па,оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

Гүл арқылы өсімдікке қажетті жағдайларды түсіндіру. Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет? Өсімдікке қажетті жағдайларды суреттен тауып оқып көрейік

Ашық сабақ Дүниетану пәні Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек

Ауа, жарық, жылу , су

Өсімдіктің өсуіне ауа қажет. Өсімдік тыныс алады. Себебі, тұқым да ауасыз өсе алмайды.Құнарлы топырақта өсімдіктің бойы биік, жапырақтары ірі келеді.Ал, топырағы тығыз құнарсыз жерде өсімдік сирек және аласа өседі. Өсімдіктің өсуіне су, ауа, ғана емес жылу да қажет. Себебі су мен ауа жеткілікті болғанымен топыраққа жылу жетіспесе, тұқым өнбейді. Көктемде күн көзінің жылуынан топырақ жылиды. Осы кезде өсімдікке жылу, ауа су жеткілікті болады. Жаз айларында өсімдік тез өсіп жетіледі. Себебі жарық мол түседі.

V.Оқулықпен жұмыс

Іштей оқу

Дауыстап мәнерлеп оқу

VI. Дәптермен жұмыс

Өсімдік --------жарық-------------су-----------------ауа--------------жылу

VIІ . Сергіту сәті «Қайда өседі?» ойыны

(жеміс жидектердің қайда өсетінін сұрап отырады.Егер дұрыс жауап болмаса, балалар аятарымен жерді соғып, бастарын шайқайды, егер жауап дұрыс болмаса, қолдарын шапалақтап, басын изейді)

Қауын қайда өседі?

Қауын тауда өседі? (Жерді аятарымен соғады)

Қарбыз қайда өседі?

Қарбыз бауда өседі. (Қол шапалақтайды)

Алма қайда өседі?

Алма сайда өседі. (Жерді аятарымен соғады)

Алмұрт қайда өседі?

Алмұрт бақта өседі (Қол шапалақтайды)

Жүзім қайда өседі?

Жағажайда өседі. (Жерді аятарымен соғады)

Қызанақ қайда өседі?

Қызанақ жерде өседі (Қол шапалақтайды)

Сәбіз қайда өседі?

Сәбіз талда өседі. (Жерді аятарымен соғады)

Алма ағашы өседі (Балалар ақырындап орнынан тұрады)

Тіпті биік деседі. (Балалар қолдарын көкке созып, аяғының ұшымен тұрады)

Содан кейін гүлдейді, (Балалар саусақтарының арасын ашып, оңды, солды жайқала бастайды)

Мұны «Жас дос, біл»-дейді (Балалар орындарына отырады)

VI І І Өсімдіктердің әр мезгілдегі тіршілік жағдайын суретке қарап анықта

Теректер сурет

Көктем Жаз Күз Қыс

Күн сәулесі жер Күн сәулесі жерді Күн сәулесінің Күн суытады.

бетін жылытады. көбірек қыздырады. жылуы азаяды. өсімдіктердің

Бұл мезгілде Жемістер пісіп-жеті- Өсімдіктердің өсу мерзімі

өсімдік тіршілігі леді. Қоректенуі баяу- тоқтайды.

басталады. лап,жапырақ

сарғайып, түседі.

IX.ВЕНН ДИОГРАММАСЫ

Өсімдікке қажетті жағдайлар Өсімдік мүшелері

Ашық сабақ Дүниетану пәні Өсімдікке ауа, жылу және жарық керекАшық сабақ Дүниетану пәні Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек

X.Жеке оқушылармен жұмыс

АУА, тақырыбында сатылай кешенді талдау жасау

Ауа

  1. Анықтамасы: Ауа -жер шарын тегіс қоршаған қабат. Ол көзге көрінбейді

  2. Тану: ауа -газдардың қоспасы. Ол газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы бар. Оттегімен біз тыныс аламыз.

  3. Экологиясы:адамға тыныстану үшін таза ауа қажет. Әсіресе өндірісті қалаларда ауа көп ластанады.. Фабрика зауыттардан шығатын көк түтін ауаны ластайды.

  4. Қасиеті: Көзге көрінбейді, Түссіз, иіссіз, дәмсіз.

  5. Ерекшелігі: Ауа бос кеңестікте, түрлі саңылаулар мен жарақаттардың бәрінде бар. Кез келген заттың бойында ауа бар. Оны біз тәжіриебе жасап байқап көрелік

1-тәжіриебе Бір алақан суға бір түйір қант саламыз. Судың бетінде ауа көпіршіктерінің шыққанын көреміз. Себебі қант түйірінде ауа бар.

2-тәжіриебе ішінде су құйылған ыдысқа стаканды төңкереміз. Стаканға су кірмейді. Себебі стаканның ішінде ауа бар, ол орын алып тұр.

  1. Маңызы: Ауа тіршілік көзі Ауа қабаты жердің күн сәулесінен өте ысып кетуден және ғарыштық суықтан қорғайды.

  2. Қорытынды. Ауаның тазалығын сақтау үшін фабрика, заводтардың ыс, шаң тозаңдарды, т.рлі улы заттарды тұтатын қондырғалар орнату керек.

  3. Нәтиже: таза ауа-денсаулық кепілі

XI. Сабақты бекіту

1.Өсімдіктің тыныс алуға қатысатын мүшені ата?

2.Топырақты қопсытудың қоректігін дәлелде.

3.Өсімдіктің тірі ағза екенін дәлелде

4.Өсімдіктердің мәдени аталу себебі неде?

XIІ. Қорытынды

XIІІ Үйге тапсырма: « Өсімдікке ауа, жарық және жылу керек» маз әңгімелеу Реферат жазу

XIІІ Бағалау


© 2010-2022