Қазақ тілі пәнінен Қысқарған сөздер тақырыбы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қысқарған сөздер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Қысқарған сөздердің тұрмыста жиі қолданылып жүрген таныс, жеңіл түрлерімен, олардың қысқартылу жолдарымен таныстыру; қысқарған сөздерді толық атаумен айтқызып жаттықтыру; басқа күрделі сөздерге қосымшаның жалғану тәсілімен таныстыру.

  2. Күрделі сөздер туралы білімдерін ары қарай толықтыру; қысқарған сөздерді дұрыс оқуға дағдыландыру.

  3. Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау-жинақтау, жаттығу.

Сабақтың барысы:

  1. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.

Қос сөздер, оларды жасалу жолдары туралы алған білімдерін тексеру. Мысал келтіре отырып, дәлелдеулерін талап ету.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қысқарған сөз- сөз құрамының түбір сөз, қосымша, туынды сөз, біріккен сөз, қос сөз сияқты түрлерінен өзіндік ерекшелігі мол, оларға ұқсамайтын тұлға. Туынды сөз, біріккен сөз, қос сөз жаңа сөздер жасайды. Жаңа қоғамның тууымен, экономиканың өркендеп, техниканың жетілуіне байланысты жаңа ұғымдар мен атаулар пайда болды. қысқарған сөздер түрлі мекеме, ұйым орындарының, құрал-жабдықтардың аттарын білдіретін күрделі ұғым екенін айту.

Қысқарған сөздің күрделі тұлғасы мен қысқарған түрін түсіндруде оқушыларға күнделікті кездесіп жүрген, мағынасы таныс сөздерді мысалға алу керек. Олардың қысқартылу жолдары таныстырылады.

Дайындық жұмысы кезінде бірнеше сөзден құралған мемлекет, ұйым, мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының атаулары толық түрінде жазылады да, содан кейін олардың қысқартылған түрлері көрсетіледі.

  1. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығуда қысқарған сөздердің қандай тәсілмен қысқартылып тұрғаны айтылады.

Кейбір күрделі сөздерді қысқартып айтудың қандай маңызы бар екені төңірегінде оқушылардың өздері ойланып көргені дұрыс.

2-жаттығудағы қысқарған сөздердің толық атаулары: МАИ- Мемлекеттік автомобиль инспекциясы, АҚШ- Америка Құрама Штаттары,см-сантиметр толық атаулары жазылғаннан кейін күрделі сөздердің қалай қысқартылғанын өздері айтып береді.

3-жаттығуда қысқарған сөздерге қосымша жалғап жазуды үйренеді: ХШЖК-не, ЖШС-на.

Басқа жаттығулар да қысқарған сөздермен таныстыруға арналған. Қысқарған сөздерді дұрыс оқуға да үйрету керек. Ұзындық, салмақ, уақыт өлшемдерінің қысқартылған түрлерімен оқушылар математика пәнінен таныс. Өлшем бірліктері де еске түсіріліп, олардың да қысқарған сөздерге жататыны айтылады.

Қысқарған сөздердің 2-сабағында қысқарған сөздерге қосымшаның жалғану тәсілімен таныстыру. Жалғау соңғы дыбыстың әріптік атауына сәйкес жалғанады.

Сондай ақ бірнеше сөзден тұратын атауларын бәрі бірдей қысқартыла бермейтіні және қалай болса солай, әркімнің қалауынша қысқарта беруіне болмайтыны туралы жаттығуларды орындау барысында ескертіледі.

Күрделі атаулардың қысқартылу жолдары жеке-жеке көрсетіліп, арнайы түсіндірілмейді. Бірақ жаттығулардағы қысқарған сөздердің қалай қысқартылып тұрғанын оқушыларды қатыстыра отырып, түсіндіре кету керек.



© 2010-2022