«Зертханаға саяхат» экология негіздері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Рамазанова Гульжанат Кокенаевна -

№ 33 «Алтын дән» балабақшасының тәрбиешісі.

(Туған жылы 06.02.1974 )


Ересек тобында ұйымдастырылатын оқу іс-әрекеттің

технологиялық картасы

Білім беру саласы:«Таным»

Бөлімі: «Экология негіздері».

Тақырыбы: «Зертханаға саяхат»

Мақсаты: Балаларды ауаның және судың қасиеттерімен таныстыру. Танымдық мүмкіндерін, тәжірибе жасай білу дағдыларын арттыру. Судың мөлдір болатындығы жайлы түсінік беру.Зерттеушілік қызметке қызығушылықтарын тәрбиелеу. Балаларды ауамен сурет салу дәстүрлі емес техникасыментаныстыру-кляксография. Қызығушылықтарын туғызып, білімқұмарлық, әуесқойлықтарын арттыру.

Қолданылатын құралдар: Әр үстелің үстінде таза су құйылған стақан, бос стақан, пакеттер, апельсин, түтіктер, қант, резенке ойыншық,

мультимедиялық тақта

Сөздік жұмыс:тәжірибе

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, тәжірибе.

Билингвалдықкомпонент:су-вода-water, ауа-воздух-air

Қызмет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Балаларды шеңбер бойына тұрғызады.

Мақсаты: балалардың өзіне деген сенімділігін ұялату, жағымсыз, қорқыныш сезімдерінен арылту.

-Балалар, есімізге түсірейікші.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қалай аталады?

-Жарайсыңдар, енді орындыққа отырамыз.

Педагогтің айтқан сөздерін қайталайды:

-Мен ақылдымын.

-Мен бәрінен де әдемімім.-Менің денім сау.

Мен ұзақ өмір сүремін.

-Мен кішкентай, сүйкімді бүлдіршінмін

-Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінде үш ай бар.

-Желтоқсан, қантар, ақпан

Балалар орындыққа отырып жайғасады.

Ұйымдастыру

шылық -ізденістік

-Балалар, айтыңдаршы, бізді бәрімізді айнала не қоршап тұр?

-Дұрыс айтасыңдар. Ал адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге өмір сүру үшін не қажет?

-Жарайсыңдар!

-Ауа бізге не үшін қажет? Кәне, демалып, ауаны шығарамыз.

-Ал, сендер білесіңдер ме, адам тамақсыз неше күн жүре алады? Сусыз ше?

-Ауасыз ше?

(1слайд)Қөпіршікпен тамшы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар.

-Сендер кімсіңдер?

-Мен тамшымын.

-Ал мен көпіршікпін.

Біз сендерді зертханаға шақырамыз.Ол жерде зерттеуші ғалымдар әр-түрлі тәжірибелер жасайды.

-Көргілерің келе ме?

Педагогтің әгімесі:

(слайд)арнайы бөлменің суретінкөрсету. Ғалымдар тәжірибе жасау үшін арнайы бөлмеде жұмыс істейді. Ол бөлменің аты - зертхана.Ол жерде өзінің ережелері бар, тыныштық сақтап бір-біріне бөгет жасамау керек.

Қөпіршікпен тамшы:

-Міне, біз сендерге де шағын зертхана дайындап қойдық, ол жерде сендер тәжірибе жасап көресіңдер..

-Бүгін біз сендермен бірге шынайы зерттеуші-ғалымдар сияқты ауа мен су туралы әңгімелесеміз.

Балаларды үстел басына отыруды ұсынады.

Билингвальды компонент:

су-вода-water, ауа-воздух- air

-Балалар, ауаны қалай ұстауға болатынын білесіңдер ме?

1тәжірибе «Ауаны қалай ұстау?»

Үстел үстіндегі пакеттерге ауаны ұстап көріңдер. Аузын жабындар. -Пакеттерге не болды?

Оның ішінде не бар? Ол қандай? Сендер оны көріп тұрсыңдар ма?

Пакетті үшкір затпен тесіп, беттеріңе тақандар.

-Не сезіп тұрсыңдар?

Қорытынды:ауаны сезінуге болады.

Ауаның иісі болама?

2- тәжірибе: «Иіскеп білу»

Ауаның иісі жоқ, бірақ аумен келген иісті сеземіз.

(Апельсинді иіскетемін).

Қорытынды:ауаның иісі жоқ, бірақ бізге келіп тұрған иісті сездіртеді.

3- тәжірибе: «Ауаның салмағы»

-Ауаның салмағы бар ма екенін тексереміз. Балаларға резенке ойыншықты суға салуын өтініш жасайды.

-Не болды? Суға батып кеттіма?

-Неге екенін қалай ойлайсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар.

Қорытынды: Ауаның салмағы бар бірақ ол судан жеңіл

Ауаны көруге болама?

4-тәжірибе «Түтікпен су арқылы ауаны көру»

-Түтіктің бір шетін суға салып екінші шетімен үрлеңдер.

-Не көрдіңдер?

-Қатты үрлеңдер. Қөпіршіктердің саны қаншама?

-Ал ақырын үрлесек қанша болады екен?

-Ал енді түтікшені салып көріңдерші ішіне, сендер оны судың ішінде көріп тұрсыңдарма?

-Демек судың түсі мөлдір

Қорытынды: ауаны көпшығарған кезде көпіршіктер көп болады, ал аз шығарған кезде аз болады. Судың түсі мөлдір.

Сергіту сәті:

Ағылшын тілінде жасалады.

5-тәжірибе:«Судың дәмін анықтау»

-Судың дәмі бар ма?

-Оны қалай білеміз?

-Ал ендеше суды ішіп көріңдер.

-Қант салсақ судың дәмі қандай болады?

Қорытынды: суға қандай зат салсақ соның дәмін білдіреді.

6-тәжірибе: «Судың түсі»

-Судың түсі қандай болады дедік?

- Енді суға бояу қосамыз .

-Судың түсі өзгердіма?

Топтық жұмыс.

-Балалар, ауа, су арқылытүтіктешемен дәстүрден тыс сурет саламыз.

«Кляксография» деп аталады

-Суреттерін неге ұқсайды?

(слайд) Көпіршікпен тамшы:

-Балалар, сендерге ұнадыма?

Көпіршік пен тамшы

балалармен қоштасады.

-Үйлер, ағаштар, құстар, жануарлар

-Тамақ, су, ауа.

-Дем алу үшін.

Балалар тапсырманы орындайды.

-Адамдар тамаксыз және сусыз бірнеше күн ғана жүре алады.

-Ал ауасыз 3-ақ минут

Көрішікпен тамшымен амандасады.

Балалар шынай зертхана қандай болатынын тақтадан көреді.

-Көргіміз келеді.

Педагогті тыңдайды.

Тақтадан зертханада жұмыс істеп отырған адамды көреді.

Көпіршікпен тамшының әңгімесін тындайды.

Қайталайды.

су-вода-water, ауа-воздух- air

-Ішінде ауа бар.-Ол көрінбейді.

Тапсырманы орындап, беттернде ауаны сезіп тұрғанын айтады.

-Болмайды.

Балалар ненің дәмін сезіп тұрғанын айтады.

Балалар допты суға салады.

- Батқан жоқ

-Ойыншықтың ішінде ауа бар

-Болмайды.

Тапсырманы орындайды.

-Ауаның көпіршіктерін

-Көп

-Аз көпіршік болады.

Көріп тұрмыз.

Балалар қимылдар жасайды

-Жоқ

-Ішіп көреміз

-Суды ішіп көреміз

-Тәтті болады.

-Мөлдір

Балалар суға әр түрлі

бояу қосады.

-Өзгерді

Тапсырманы орындайды.

Қандай суреттер шыққанын айтып береді.

Ұнады.

Көпіршік пен тамшымен қоштасады.

Рефлекстік -түзету

-Сонымен, балалар, біз көптеген тәжірибе өткіздік.

-Қай тәжірибе сендерге қызықты болды?

- Аумен сурет салуды қалай атайды?

- Ауамыз таза болу үшін не істеу керек?

Балаларды мадақтап ,жұлдызшалар беру.

Балалар өздеріне ұнағанын айтады.

-Кляксография

-Табиғатты ластамау керек.

Балалар жулдызшаға қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ауаның барлық жерде бар екенін;

Игереді: тіршілік үшін таза ауаның және судың кажет екенін; ауа мен судың қасиеттерін;

Меңгереді:тәжірибе жасай білуді;



© 2010-2022