• Преподавателю
  • Начальные классы
  • Пәні: Сауат аш Сабақтың тақырыбы: Д д дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Д д дыбысы мен әрпін таныстыру. Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ар

Пәні: Сауат аш Сабақтың тақырыбы: Д д дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Д д дыбысы мен әрпін таныстыру. Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ар

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 01.09.2015ж

Пәні: Сауат аш

Сабақтың тақырыбы: "Д д" дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға "Д д" дыбысы мен әрпін таныстыру. Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік

Көрнекілігі: оқулық, суретті әліппе, қима әріптер, слайд

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

ә) сабаққа дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1. Өткен сабақты қайталай отырып, сұрақтарға жауап алу.

-Дауысты дыбыстарды ата?

-Дауыссыз дыбыстарды ата?

«Ы» әрпі кездесетін өздерді айт?

III Білімді тексеру кезеңі:

.«Тиісті әріпті жаз» ойыны

-Ы дыбысы қандай дыбыс?

-Ы дыбысының айтылуы мен жазылуы?

Ы дыбысының айтылуы мен жазылуын, сөздерді буынға бөлу арқылы қайталау.

Оқулықта берілген сөздерді оқыту

Жұмбақ жасыру:

Бала біткен соғады

Жеңіл шарды домалақ.

Ұрсаң, ұшып жоғары

Жерге түсер домалап.

Ол не? (Доп)

Оқушыларға доп сөзін қайталап айтқыза отырып, д дыбысының орны анықталады. Суреттерге сүйене отырып, олардың атын атату керек. Алғашқы екі дыбысты біріктіре оқыту арқылы толық сөзді табуға үйрету (дауылпаз, домбыра, дуадақ).

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Оқушылармен оқулықтағы тақырыптық сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Доптың суретін көрсету. Суреттегі балаларға ат қою. Дала, доға, долана туралы оқушыларға сөйлем құрату. Дала қандай әдемі. Долана тауда көрінеді т.б.

-Дала деген сөздегі таныс емес дыбыс қандай дыбыс?

-Д дыбысы. Д дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, д дыбысын дұрыс айтуға үйрету.

-Д дыбысы тақтаға ілініп, Д- бас әрпі, д- кіші әрпі деп ажыратып айтып, оны оқушыларға хормен қайталап айтқызу.

Добым, добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Доп, дала, доға, долана , дода сөздерін оқытып, буынға бөліп айтқызу.

- Д дыбысы дауыссыз дыбыс екенін аңғарту.

Бағандағы сөздерді оқыту. Долана, домбыра, дала сөздеріне дыбыстық талдау жасау

Д дыбысын бірнеше рет хормен айтқызу.

Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық

Қолға қалам алайық

Көркем етіп жазайық

Жазу дәптеріндегі д әрпінің баспа және жазба түрлерін салыстыру қажет. Олардың арасындағы айырмашылықтарына оқушылардың назарын аударып, шатастырып алмау жолын қарастыру

керек.

Қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмыстары үлгі бойынша орындалады.

Д әрпінің кіші жазба түрінің бөліктерін үлгідегідей жазып үйрету.

Д әрпі мен дос сөзін көркем етіп көшіріп жазған соң, сергіту сәті өткізіледі.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк!

Пойыз келеді.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк!

Бәрі жол береді.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк!

Жүгіріп өтпе,

Ду, ду, ду! Дүк-дүк!

Тұра тұршы шетте.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк!

Пойызды өткіз.

Қол бұлғап қалайық

«Жолболсын!» -деп біз.

Дәптердегі Тапқышбектің тапсырмасы орындалады.

Жазу дәптеріндегі д әрпінің бас және кіші әрпін жазуға арналған жаттығу жұмыстары орындалады.

Дәптердегі сөйлемді сызбаға салып, талдау жұмысы жүргізіледі. Одан кейін сөйлемнің өзін көркем етіп жазу ұсынылады.

Оқулықтың бірінші баған бойынша дыбыстарданжеке буын жасалады. Келесі бағандар бойынша буындардан сөздер құралады. Олардың қатысуымен суреттерге негізделген сызбаға сәйкес сөйлемдер құрылады.

Осы беттегі суреттер мен сызбаны пайдаланып, Шора туралы жаңылтпаш оқылып, талданады. Оқушылардың тілін жаттықтыру мақсатында тез айтуға дағдыландыру.

Сабақты қорыту үшін оқулықтағы соңғы тапсырма ойын түріндеорындалады. Қажет болған жағдайда оларды дәптерге көшіріп жазуды тапсыруға болады.

Шырша, шашу, шула, суар, арша, шала.

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1 ) Д дыбысы - дауыссыз дыбыс.

2) Д дыбысы сөздің қай буынында келеді?

«Әліппе серігіндегі» мәтінмен жұмыс. Д дыбысы кездескен сөздерді тапқызу.

Сабақ әріптерге байланысты ойын түрлерінің бірімен аяқталады.

ІҮ. Сабақты бекіту.

«Кім тез? » ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін бекіту.

Ү. Бағалау











Күні: 01.09.2015ж

Пәні: Матемтика

Сабақтың тақырыбы: 2 саны және цифры. Сәуле. Бұрыш.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: 2 санмен, 2 цифрының жазылуымен таныстыру;

2.Дамытушылық: Сәуле, кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың ой -өрісін дамыту.

3.Тәрбиелік: Зейінді ,тәртіпті болуға баулу.

Сабақтың әдісі: жаңа сабақты түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану.

Сабақтың көрнекіліктері: магниттік сандар, жемістер мен геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Кел, балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Күлкімізді күн қылып.

Гүл өссін деп тілейік.

ІІ. Тірек білімдерін пайдалану.

Ауызша есептеуге алдыңғы сабаққа ұқсас жаттығулар мен ойындар кіргізіледі.

-Тақырыпты бастамас бұрын өткенді қайталап көрейік.

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс.

Бұл кезеңде адыңғы санға 1 -ді қосу арқылы келесі санды шығарып алу тәсілін көрсету маңызды. Мұғалім 1 доп бейнеленген суретті көрсетеді:

-Доп нешеу?

-Екі доп болу үшін не істеуге болады?

- Қалай 2 доп болды?

«Қолыңа 1 шаршы ал. Ал екінші қолыңа тағы 1 шаршы ал. Қолыңдағы шаршылар нешеу болды? Қорытынды жаса».

Білімдерін бекіту мақсатымен «Бір немесе екі» ойынын өткізуге болады.

Оқулықпен жұмыс.

№1 тапсырмада суретте ненің екіден екені сұралады.

- 2 цифрының жазылуына көңіл аудару. 2 цифрының жазбаша түрімен де таныстыру.

Өзіңдік жұмыс. №1 тапсырма орындалады. Бір нүкте қойылған фигураларды бір түспен, екі нүкте қойылған фигураларды көрсетілгендей көк түспен бояу. Сонда кеменің суреті шығу керек .

Бұл сабақта мұғалім «кесінді», «сәуле» түсініктерін ұғындыруға назарын аудару керек. Ол үшін оқулықтағы № 2 тапсырманың материалдары тәріздес практикалық жұмыс ұйымдастырылуы тиіс .

Мұғалім шұмақ жіпті өте ұзын етіп тарта беруге болатындығын айтады. Содан соң бір жағынан жіпті қиып, бұл -басы, бірақ оның ұшы жоқ екенін көрсетеді. Осылайша «сәуле» ұғымы енгізіледі. Оқулықтағы сызбаға қарайды. Содан соң жіптің бір бөлігін қиып алып, оның ұшын көрсетеді.

«Бұрыш» ұғыммен таныстыру үшін тақтада бір нүктеден басталып тұрған екі сәулені кескін дейді. Оқушылардан бұл ұғымдардың анықтамасын сұраудың қажеті жоқ. Алғашқы кезеңдерде осы фигураларды танып, мынадай түрдегі жауаптарды айтуы керек:

-Мұндай бұрыш бейнеленген, өйткені екі сәуле бір нүктеден шығып тұр.

Бұрыш түзулердің немесе кесінділердің қиылысуы арқылы жасалады, оны айналаңды қоршаған ортадан геометриялық фигуралардан (үшбұрыш, төрт-бұрыш, көпбұрыш) табуға болады.

Содан кейін №3 тапсырма орындалады.

Өтілген материалмен жұмыс .

Оқулықтағы №4 тапсырма кеңістікті елестетулерін дамытуға бағытталған.

Оқушылар қандай хатқалтаны ашқандарын анықтайды. Ол үшін хатқалтада

Қандай дөңгелектер (мөр )орналасқанын талдау қажет.

Сергіту сәті

Тік ұста бойынды,

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағы да

Жеткіз жираф мойнына.

№3 тапсырма логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған. Бұл тапсырманы орындамас бұрын кестенің әр ұяшығындағы жұптардың қандай белгілері бойынша құрылғанына талдау жүргізіледі (үлкен -кіші, биік-аласа).

Содан кейін балалар өздерінің нұсқаларын ойластырады.

Алғашқы бекіту жұмысы үшін «Бір немесе екі затты тап» ойынын ұйымдастыру пайдалы. Үстел бетіне жайып қоюға немесе тақтаға орналастыруға болатын көптеген заттардың ішінен оқушылар үстелде (тақтада) бірден немесе екіден тұрған заттарды таңдайды.

ІV. Сабақты қорытындылау.

V. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.





Күні: 01.09.2015ж

Пәні: Ана тілі фак

Сабақтың тақырыбы: Астана - Қазақстан Республикасының елордасы

Сабақтың мақсаты: Республиканың бас қаласы - Астана жайында ұғым беріп, қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасау және ол жерлермен таныстыру.

Тәрбиелілігі: Өз Отанына деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу;

Дамытушылығы: Қаланың күн сайын көркеюі жайындағы ұғымдарын дамыту.

Білімділігі: Астананың әдемілігі, көркемдігі. Адам қолымен жасалған жетістіктері. Адам еңбегі, оның қала ішіндегі көрінісі жайлы түсінік беру.

Тірек білім: Отан, Қазақстан мемлекеті

Көрнекіліктері: суреттер, слайдтар, бейнебаян, оқулық, дәптер.

Сабақтың жүру барысы:

I. Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз!

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

II. Мағынаны тану.

Логикалық ойлау қабілетін жетілдіру әңгіме

- Мен қазір бір қала туралы айтымын. Ойланыңдар ол қай қала екенін табыңдар.

Біздің Отанымыздың әр адам «менің қалам» деп атайтын бір қала бар. Барлық жолдар келіп сол қалада тоғысады. Сумен де, ауамен де, жермен де мұражайларын «Медеу» мұз айдынын көруге асығады.

Бұл Қазақстанның ең ірі әрі басты қаласы.

Астана Қазақстан Республикасының елордасы

Топтық жұмыс

Сергіту сәті

Құстар, құстар келеді

Жерді шуға бөлінді.

Көктем келді деп бізге

Жақсы хабар береді.

.Бейнебаян тамашалау .«Астанаға саяхат»

Астанаға саяхат бейнебаян тамашалау. Астананың көріктері жерлерімен таныстыру

«Қабырғаға қарап оқу»

Астана туралы сурет беріледі. Сол сурет бойынша әңгіме жазылады.

«Автордың орындығы»

Оқушылар жазған әңгімесін автордың орындығына отырып оқиды

Бекіту, қорыту

- Балалар, айтыңдаршы мемлекетіміз Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

- Елбасымыз, еліміздің президенті кім? (Н. Ә Назарбаев)

- Еліміздің астанасы қай қала? (Астана)

- Біз қай ұлтпыз? (қазақпыз)

- Отан, Қазақстан, Туған өлкем, Астана жайлы Әдебиеттік оқудан жаттадық па?

- Кімдер айтады?

Қорытындылау

Бағалау









Күні: 01.09.2015ж

Пәні: Дене шынықтыру

Сабақтың тақырыбы: «Доппен спорттық ойындар»

Сабақтың түрі: Спорттық ойындар

Сабақтың мақсаты: Оқушыны ептілікке, шапшаңдыққа үйрету. Спортқа баулу, ынтасын арттыру. Доппен спорттық ойындарға бейімдеу. Салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына, дене бұлшық еттерінің шынығуына ықпал жасау. Оқушыларды ойлауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Керекті спорт құрал - жабдықтар: Ысқырық, жеңіл доптар, сағат, белгілейтін қағаздар.

Ұйымдастыру әдісі: Топтық

р/с Сабақ мазмұны Мөлшері Әдістемелік нұсқау

Кіріспе.

Сапқа тұру, рет - ретімен саналу, рапорт беру. Амандасу, сабақ тақырыбын хабарлау, мақсатын түсіндіру.

Бір орындағы саптық жаттығулар - Оңға, солға бұрылу, айнал жаттығуларын орындау.

3 мин

Сапқа тұрғызу.

Оқушының сабаққа даярлығын тексеру

Санауды нақты орындау.

Саптық жаттығулар.

Қадағалау.

Жүру ( жүру түрлері) жаттығулары:

1. Аяқтың ұшымен жүру

2. Қол белде - өкшемен жүру

3. Қ. б - Табанның қырымен жүру

4. Қ. б - табанның ішімен жүру

5. Жартылай отырып жүру

6. Қол желкеде толық отырып жүру

7. Отырып алдыға секіру

Қалыпты жүру.

3 мин

Қолды жоғары көтеріп,

Дұрыс орындау.

Қолды алдыға созып,

Қолды тізеге ұстап жүру.

Дайындық бөлімі .Жүгіру ( жүгіру түрлері) жаттығулары:

1. Аяқты сермей жүгіру.

2. Тізені көтеріп жүгіру

3. Аяқты жанбасқа тигізіп жүгіру.

4. Оң жақ бетпен секіріп жүгіру.

5. Сол жақ бетпен секіріп жүгіру.

6. Оң аяқпен секіріп жүгіру.

7. Сол аяқпен секіріп жүгіру.

8. Арқамен жүгіру.

9. Жоғары секіріп,

10. Жылдам жүгіру.

11. Екі оқушыдан жылдам жүгіру.

Қалыпты жүру, тынысты қалыпқа келтіру. Сапқа қою.

3 мин

1 мин

Қолды белге ұстап,

Қолды алдыға түзу ұстап жүгіру. Қолды артқы жанбасқа ұстау.

Қолды алдыға айналдыру. Артқа айналдыру.

Қалыпты орындау

Екпінмен жылдам жүгіру.

Терең тыныстау

Саптық жалпы дамыту жаттығулары.

1. Мойын жаттығулары -

Басты оңға, солға айналдыру.

2. Иық жаттығулары -

Қолды иыққа қойып айналдыру

3. Қолға арналған жаттығулар -

Білек айналдыру, шынтақта айналдыра, оң - сол қолды кезек - кезек айналдыра, оң - сол қолды жоғары керіле орындау.

4. Бел жаттығулары -

Айналдыра, майыстыру, алдыға еңкейе отырып, тұру.

5. Аяққа арналған жаттығулар -

Тізе айналдыру, тобықтан төмен айналдыру, оң - сол аяққа тігінен, көлденеңнен отыру, оң - сол аяқта секіру. Бір орында секіру.

Тақырыпқа сай арнайы жаттығулар

. 8 мин

4 рет

4рет

4 рет

4 рет

Басты жоғары ұстау.

Қолды толық иыққа толық жеткізіп ұстау.

Көзді ашық күйде орындау.

Дене тік ұстап орындау.

Қолмен қоса жаттығу орындау.

Тізені бүкпеу.

Әр жаттығуға назар салу, қадағалау.

Қалыпты орындалуын қадағалау.

Негізгі бөлім..

Сапқа қойып, оқушыларды төрт топқа бөліп, шеңбер тәріздес тұрып допты бір - біріне лақтыру.

Оқушыларды сапқа қойып, саптық санақ бойынша екі топқа бөліп алу.

Бөлінген екі топ арасында допты пайдалана отырып, эстафета жарысын өткізу. Төрешінің белгісінен кейін:

1 - Допты төмен ұрып, қағып алып белгілі сызыққа дейін барып келіп келесі оқушыға беру. Белгіленген сызықтан шығып жүгіру.

2 - Допты төмен домалатып, барып келу.

3 - Бастапқы оқушы жүгіріп, кері бұрылып келесі оқушыға лақтыру. Ойынды аяқтау.

25 мин

Жай ғана лақтырып беру.

Ойын барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Допты дұрыс алып жүру.

Жеңімпаздарды атап өту

Қорытынды

Қорытынды бөлім.

Сапқа тұру, сабақ барысын қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма беру. Саппен сыныпқа жіберу.

2 мин

Қорытындылау

Үздік топты, ерекше көзге түскен оқушыларды марапаттау.

Күні: 01.09.2015ж

Пәні: Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы:

Жапырақты бейнелеу.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Жапырақтардағы алуан түстер мен реңктерді, бояқтарды

бір-бірімен қосу арқылы бейнелей білуге дағдыландыру.

ә) Дамытушылық: Күзгі көріністердің алуан түске еніп, құлпырған

жапырақтардың әсемдігін көріп, бақылап, қағаз бетіне

түсіре алуға үйрету.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Күзгі жапырақтар, суретшілер шығармалары, фотосуреттер, балалар шығармалары, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: Барлық жапырақтар пішіні, түсі және көлемі жағынан алғанда әр түрлі. Дегенмен олардың ішкі құрылысында ортақ нышандар бар. Олар - жүйеленген талшықты жапырақша және оның сағағы. Ортаңғы талшық жапырақты тең екі бөлікке бөледі. Сол ортаңғы талшықтан екі жаққа ұсақ талшықшалар тарайды. Осы негізгі сызықшалардың көмегімен жапырақтың суретін оңай салуға болады. Сонымен қатар жапырақ суретін оның сыртқы жиек арқылы да салуға болады. Жапырақтың сыртқы жиегін бейнелеп, сызық жүргіз. Жүргізген сызығың әдемі және жапыраққа ұқсайтындай болуын қадағала.Пәні: Сауат аш Сабақтың тақырыбы: Д д дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Д д дыбысы мен әрпін таныстыру. Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ар Сен жапырақтармен танысып, олардың қандай ағаштардан түскенін анықтадың. Оларды бейнелеудің негізгі тәсілдерімен таныстың. Осымен жапырақтармен танысуды аяқтауға да болады... Егер сен жақсы суретші болғың келсе, онда өзіңнің бар өнеріңді, шабытың мен шеберлігіңді көрсет. Әр түрлі материалдармен жапырақты қалай бейнелеуге болады. Жай ғана түрлі түсті қарындаштармен де жапырақтың суретін салуға болады. Ол үшін әр түрлі штрих сызықтарды қолданасың. Бұны бірінші сыныпта оқып-үйренген болатынсың. Тек жасқанбай кіріс, ол сенің қолыңнан келеді! Жапырақтың суретін түрлі түсті акварель қарындаштармен де салуға болады. Негіз ретінде кез келген қоңырқай немесе қара түсті қағазды пайдалан.Пәні: Сауат аш Сабақтың тақырыбы: Д д дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Д д дыбысы мен әрпін таныстыру. Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ар Әшекейлеу (декорация) туралы білетініңді есіңе түсір, қара түске салған кезде түрлі әшекейлеу тәсілдерін қолдансаң, суретің әсерлі болады. Өткен жылы нені әшекейлегеніңді есіңе түсір. Тушь, қаламұш, фломастер сияқты графикалық құралдарды пайдаланып, жапырақты ақ-қара түспен бейнелеуге болады. Ал егер әшекейлеуді қолдансаң, суретің әсерлі болып шығады.Пәні: Сауат аш Сабақтың тақырыбы: Д д дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Д д дыбысы мен әрпін таныстыру. Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ар Жапырақтың суретін салмай-ақ, оның әдемі көшірмесін алуға болады. Ол үшін жапырақтың астыңғы жағына түсті гуашь жағып, оны абайлап қағаз бетіне жапсыр да, үстінен ақырын бастыр. Сонда өте әдемі көшірме алынады. Содан кейін сыртқы жиек сызығын сызып, басқа бөліктерін толықтыруға болады. Жапырақ бейнесіне ұқсаған түрлі түсті акварель дақтарынан көшірме алып әсерлі монотипия жасауға болады. Ол үшін палитрада қажетті түстер гаммасын даярла. Әйнек немесе қағаз бетіне қылқаламмен түрлі түсті бояу дақтарын жақ. Дақтар жайылған кезде оның бетіне ақ қағаз парағын жапсыр. Бұдан алынған көркем көшірмелерді қосымша сызықтармен сәл ғана толықтыр, сонда жапырақтың тағы бір ерекше түрі пайда болады. Жапырақты аппликация тәсілінде де бейнелеуге болады. Ол үшін саған түрлі түсті қағаз немесе ескі түрлі түсті журналдар қажет. Апаңнан ескі шілтер немесе перденің қиындысын сұрап ал. Олардан қиып алып жасаған жапырақтарды бір түсті матаға жапсырғанда өте әдемі әрі нәзік болып көрінеді. Күзгі жапырақтардан бүтін біркомпозиция жасауға болады. Ол үшін кез келген өзіңе ұнаған тәсілді таңда.

Үйге тапсырма бер: «Төгілген күзгі жапырақтар» тақырыбына сурет салу.



© 2010-2022