Ашык сабак 3-сынып ана тили

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ә/б отырысында Келісемін

қаралды: директордың

ОТЖ орынбасары

____ ____ _____ _______Маликова М.А

____ ____ ______




Ашық сабақ



Тақырыбы: "Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім Желтоқсан!"



(Ана тілі 3 - сынып)





Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі

Сәттібаева А. Ж.















2013-2014 оқу жылы

Күні:12.12.13ж

Пәні: ана тілі

Сабақтың тақырыбы: "Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім Желтоқсан!"

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіре отырып, тәуелсіздік үшін, еліміздің болашағы мен келер ұрпақ үшін жанын қиған азаматтардың ерлігі, қайсарлығы, көрген қиыншылықтары туралы мәлімет беру. Оқушыларды татулық пен тұрақтылыққа, қазақтың ынтымағы мен бірлігі жарасқан халық екендігін түсіндіре отырып Отан сүйгіштікке, ынтымақтастыққа, татулыққа баулу.

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: желтоқсан құрбандарының суреттері. Желтоқсан оқиғасына байланысты өлең, слайдтар.

Сабақтың барысы:

Мұғалім:

Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен
тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе - соны
ертеңге жеткізу. Келесі ұрпаққа, болашаққа
Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау.

Н.Ә. Назарбаев

Міне бүгін сол тәуелсіз Егеменді елдің, Қазақсан Республикасының мерей тойына, биыл 22 жыл толып отыр. Зер салып қарайтын болсақ, бүгінгі қол жеткен табыстардың өзінен өзі келмегеніне , ол үшін қыруар еңбек, жігер-қайрат, тынымсыз ізденіс, тәуекел қажет болғанына көз жеткізер едік. Сол тәуелсіздікке жол көрсетіп, бастама болған өздеріңізге мәлім ел жадында қайғы қалдырған , жас өрендеріміздің қыршынынан қиылып, елі мен жері, намысы мен азаттығы үшін күресі. Желтоқсан оқиғасы - мәңгілік тарих. Біз желтоқсан оқиғасын ешқашан ойымыздан шығармаймыз. Жылдар өткен сайын Желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгі сақталады. Көтеріліске шыққан жастар рухы - тәуелсіздік киесі. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: " Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім Желтоқсан!", яғни, болашағымызды нұрландырған, тәуелсіздік әперген азаматтарды біз бүгін бір еске алып, сол қаншама ерліктің арқасында қандай мемлекет болдық соған көз жүгіртпекпіз.

1 - оқушы:

Ел болдық, ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады

2 - оқушы:

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған.

3-оқушы: 1986 жыл, желтоқсан. Алматыда өрімдей қазақ жастары көтеріліске шықты.Өз ұлтын сүю-ұлтшылдық емес, ұлтжандылық. Біз бәріміз де өз елімізді сүйеміз, өз ұлтымыздың перзентіміз. Осындай ұлтжанды мақтанышымыз аға - әпкемізге тоқтала кетсек.

4 -оқушы:

Қайрат Рұсқылбеков. Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді? Үйдегі жеті баланың үшіншісі болып дүниеге келген Қайраттың әуелгідегі, әскерден оралған соң, өнер ұяларының біріне оқуға бармақ ниеті болған. Әкесі Ноғайбай мен анасы Дәметкенде зор үміт күткен еді…

(Бейсенбай Санжар Қайрат Рұсқылбековтың рөлін сомдап, ортаға шығады)

Күнадан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

"Еркек тоқты - құрбандық",

Атам десең, атыңдар!

5- оқушы:

Ләззат Асанова. Ол қаршадайынан - ақ ән - күйге құмар, сазды әуенге әуес еді. Кішкентай домбырасы мен қобызын қолынан тастамайтын.

  • Мен музыкант боламын, - дейтін ол ұстаздары мен достарына.

  • Талабыңнан айналдым, сол - деп анасы Алтынай да Ләззатының өнерге

біржола берілгеніне сүйсінетін.

6 - оқушы:

Сәбира Мұхамеджанова 1985 жылы 8 жылдык мектепті үздік бітірісімен Өскемен каласындағы педучилищенің бастауыш сыныптарға мұғалімдер даярлайтын казак бөліміне окуғатүскен. Сол жылы ол бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні астанадағы дүрбелеңге үн косқаны үшін, өзінін ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып балағаттағанына, училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай Сабира жатақхананың 5 кабатынан құлап өлді.

Слайдқа назар аударайық

7 - оқушы:

Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Ләззаттың, Сыпатайұлы Ерболдың, Мұхамеджанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт - тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды!Көк жүзімен атасқан қасиетті көк Туымыз асқақ желбіреп тұр!

8 - оқушы:

Қазақстан Республикасы 1991жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін алды. Екі жүз жылдай патшалық Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес өкіметінің тас боғауында болған. Қазақстан егемен ел мәртебемсіне ие болды. Бұл күн ел тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды.

Бүгінгі күндегі еліміздің бейнесін тамашалайық!

Слайд: Қазақстан

Қорытынды:

Бірлік - халық салты. Бұл - өмір заңы. Ел болу ерлікке, еңбекке, бірлікке байланысты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады. Өйткені «бірліксіз тірлік жоқ, тірліксіз бақыт жоқ». Бірлік салтын, яғни ел бақытын сақтау үшін жан аямай күресу, еңбек ету - әрбір адамның міндеті.

Үйге тапсырма

Бағалау



© 2010-2022