Жақсылық жасай білемін (2-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«№27 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Жақсылық жасай білемін (2-сынып)

Жақсылық жасай білемін (2-сынып)




Шарипбаева Мейрамгуль Маденовна

Семей қаласы

Тақырыбы: «Жақсылық жасай білемін»

Мақсаты:Оқушылардың «жақсылық жасай білу қасиеттерін» кеңейтіп, «мейірімділік»,«қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктер беру.

Міндеттері:

-өз ісінің ізгі екенін ұғындыру;

- бір-бірімен достық қарым - қатынас қалыптастыру; ой-өрісін,рухани жан-дүниесін дамыту, жақсы қасиеттерге баулу.

-жаман әдеттерден аулақ болуға,бойларына жақсы қасиеттер жинай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,жүрекшенің үлгісі,мазмұнды сурет,

  • Шаттық шеңбері:

- Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық.Бір -біріңе жылы жүзбен қарап,сәулесін төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.Амандасу.

Амансың ба, алтын күн?

Амансың ба, көк аспан?

Амансың ба, достарым?

Амансың ба, ұлы Отан?!

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Біз бүгінгі сабақта адамдардың жақсы қасиеттері туралы әңгімелесеміз.

Тыныштық сәті. «Көңіл толқыны» күйін тыңдап, жақсы істерді көз алдымызға елестетеміз.

Ой қозғау. Оқушылардың істеген жақсылықтарын айтқызу.

Жақсылық жасай білемін (2-сынып)Жақсылық жасай білемін (2-сынып)Жақсылық жасай білемін (2-сынып)

«Жақсылық жасай білемін»

Жақсылық жасай білемін (2-сынып)Жақсылық жасай білемін (2-сынып)Жақсылық жасай білемін (2-сынып)

-Ата-аналарыңа, бауырларыңа, достарыңа қандай жақсылық жасай аласыңдар?

-Сен біреуге жақсылық жасасаң, сенің көңіл күйің қандай сезімге бөленеді?

Жақсылық жасай білемін (2-сынып) «Жақсылыққа жақсылық» ертегісін тыңдайық.

Ертеде анасы мен баласы өмір сүріпті.Бір күні анасы қатты ауырып қалады.Емдеу үшін жалбыз шөбі қажет болады.

Жақсылық жасай білемін (2-сынып) Жақсылық жасай білемін (2-сынып)Жақсылық жасай білемін (2-сынып)

Ол шөп алтын бұлақтың жағасында өседі екен. Бала алтын бұлақты іздеп шығады.Ол жолда келе жатып,қолында жүгі ауыр бір қарияға кездеседі.Оған көмектесіп, межелі жеріне дейін апарып тастайды.(Қария балаға қандай көмек береді деп ойлайсыңдар?)

Ол алтын бұлаққа қалай баратынын айтады.Бала ары қарай жүріп кетеді.

Жолда келе жатып,қанатынан жараланған торғайға кездеседі.Ол баладан көмек сұрағандай шиқ-шиқ етіп,аянышпен қарайды.Бала оны қолына алып,жарасын таңып береді.Торғай рахмет-рахмет дегендей баланың төбесінен бірнеше айналып,алтын бұлақ мына жақта дегендей төмен ұшып,жол сілтегендей болды.Бала оның соңынан жүріп отырып, алтын бұлақтың жағасына келеді.

-Балақай, «көзімді ашып жіберші»,-деген бұлақтың даусын естиді.Бала бұлақтың көзін ашады.Бұлақ:

-Балақай, рахмет саған! «Жақсылыққа жақсылық» деген, менен не қалайсың?

Бала жалбыз іздеп шыққанын айтады.Бала жалбыз теріп алады да,анасына әкеліп береді.Анасы жазылып,баласымен бақытты өмір сүріпті.

- Балалар,ертегі ұнады ма?

-Бала не үшін алтын бұлақты іздеді?

-Сендер баланың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Жақсылық жасай білемін (2-сынып)Дәйексөз

Ертегі мазмұны бойынша туған ойлар дәйек сөзбен түйінделеді.

«Жақсылыққа жақсылық бар

Жамандыққа жақсылық бар»

«Мейірімділікті анадан үйрен»

Көңілді үзіліс. «Айналайын» әні орындалып,бойымызды жазамыз.

Жақсылық жасай білемін (2-сынып)Жағдаят:Мектептің іші.Қолдарында кітаптары бар екі қыз бала сыныптан шығып келе жатты.Жүгіріп келе жатқан екі ұл бала,оларды қағып кетті.Кітаптары шашылып қалды.Бір бала сол беті жүгіріп кетті.Ал екінші бала тоқтап қыздардың кітаптарын жинауға көмектесіп,олардан кешірім сұрады.(Оқушылар талқылайды.)

Әдептілік, жақсылық, сыпайылық туралы мақал-мәтел айтылады.

Ойын: «Жақсы қасиеттер»

-Баланың бойында болуға тиіс қандай қасиеттер? Күннің шапағын толтырамыз.

1.Әдептілік

2.Сыпайылық

3.Мейірімділік

4.Қайырымдылық

5.Қамқорлық

6.Инабаттылық

7.Жауапкершілік

8.Ізгілік

Жақсылық жасай білемін (2-сынып) Жүректен жүрекке.

Шеңбер құрып тұрамыз.Оқушылардың тілектері.

-Балалар, өз қолымыздан жасаған күнді көршімізге сыйға беріп бір-бірімізді қуантайық.

Хормен айту.

Алғыс,алғыс,

Бүгінге алғыс!

Алғыс,алғыс,

Өткенге алғыс!

Би билейді.

Үйге: Дәптермен жұмыс. 17-бет.

Жақсылық жасай білемін (2-сынып)Жақсылық жасай білемін (2-сынып)

© 2010-2022