Қазақ тілі 4 сынып Осы шақ

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Қазақ тілі 18.02.16

Сабақтың тақырыбы:

Осы шақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды осы шақ етістіктерімен таныстыру, осы шақтағы етістіктер іс - әрекеттің
сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіретінін ұғындыру, сұрақтары мен, жалғауларын таныстыру; сөйлеу дағдысын жетілдіру

Дамытушылық: Оқушылардың білім, білік дағдысын, сауаттылығын, тіл байлығын, ой - өрісін, берілген тапсырмаларды өз беттерімен түсініп орындау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды белсенділікке, қызығушылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.



Сабақтың жабдықтары:

Суреттер, қима қағаздар

Сабақтың барысы:

Ширату.

1.Ширату. (Балмұздақ таяқшалары арқылы)

Оқушылар жұпта жұмыс жасап бір-бірі туралы мәлімет жинайды. (30 сек)

Әр оқушы таяқшаларға өз есімін жазады. Мұғалім таяқшаны араластырып кез -келген оқушының атын таңдайды,сол оқушы өз жұбын әдемілеп,әсерлеп таныстырады.

Өткен сабақты пысықтау.

1.Етістік дегеніміз не ?

2. Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

4.Құрамына қарай нешеге бөлінеді?

5.Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?

6. Етістіктің шақтары дегеніміз не?


Оқушыларды түсті қағаздар арқылы топтарға бөлу.

Жаңа сабақ.


Жаңа сабақты отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерін қатыстырып сөйлем құраудан басталады. Мен партада отырмын. Мен кітап оқып отырмын.
Дана далада жүр. Айжан институтта оқып жүр.
Сен тақта алдында тұрсың. Ол күліп жүр.
Осы құраған сөйлемдердегі етістіктерді талдау барысында бұл етістіктер сөйлемдерде іс - әрекеттің қазір яғни сол мезетте болып жатқанын білдіретінін байқату

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтан 30- жаттығуды орындату арқылы осы шақ етістіктері туралы түсінік қалыптастырылады.

Мыс: Қайрат қайрақ қайрап отыр.
Қайрақпен балта қайрап отыр.(етістіктердің астын сызып, оларға сұрақ қой)


Топпен жұмыс. 1-топ. Жасыл түс. (қағаз)
Осы сөйлемдегі етістіктерді жекеше түрде жікте.
2-топ. Қызыл түс. (қағаз)
Осы сөйлемдегі етістіктерді көпше түрде жікте.
3-топ. Көк түс. (қағаз)
Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда.
(Оқулықтан ережені оқытып, таныстыру 4-топ Сары түс бұлар қашан болған істі білдіріп тұрғанын айт.

Топпен жұмыс.

1 - топ. Жасыл түс.
31 - жаттығу. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жазу.
Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қой. Дәлелдеу.

2 - топ. Қызыл түс.


32 - жаттығу. Берілген сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазу.
_________ _________ ________ ойнап жүр.
_________ _________ ________ жинап жатырмын.
_________ _________ ________ жаттап отыр.

3 - топ. Көк түс. ( Шығармашылық диктант)
Берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу.
Жерге киіз төселген,... көрпе жайды. Оқып жүрсің...?
Осы кезде Қуаныш... Қалекең келе қалды. Ерттеулі аттың қасына... тұр. Аттың тұяқтары тасқа тиіп шақ - шақ... тұр.
Керекті сөздер: соң, бе, пен, келіп, етіп.
Етістіктердің астын сызып, сұрақ қой.
4-топ.Сары түс жұмбақтың шешуін қай шақта, қай жақта тұрғанын айт.

Сабақты қортындылау:

Бағалау.

Топ жұмысын, жұптық жұмыс, өздік жұмыстарды бағалау

Үйге тапсырма:


29-жаттығу





© 2010-2022