Ашық сабақБалалар-еліміздің болашағы (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№16 орта мектеп- гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Жумадилова Ғ.Н.

2 «Ә»сыныбы

Тақырыбы: Балалар-еліміздің болашағы!

Мақсаты: Бала құқықтары,оларды сақтау,өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік,оларды жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.

Әр адам өз бостандығы мен құқықтарын қорғауға құқылы екенін дәлелдеу

Оқушылардың логикалық ойлау мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту дағдыларын дамыту;

Қажетті құрал-жабдықтары: дөңгелете қойылған столдар; стол

үстінде фломастерлер, түймедақ гүлі салынған қағаз беттері,

түймедақтың ортасы әр түрлі түстен (топтардың санына байланысты); тапсырма салынған конверттер.

Дайындық кезеңі. Топтарға бөлу: оқушылар кабинетке кірерде түрлі-түсті қағаздарды таңдап алады, қағаз түсі оқушы қай столға отыратынын көрсетеді (қағаз түсі түймедақ гүлінің ортасының түсімен сәйкес болады). Топ атынан сөйлейтін топ басын сайлау.

Ашық сабақБалалар-еліміздің болашағы(2 сынып)Ашық сабақБалалар-еліміздің болашағы(2 сынып)

Міндеттер:

Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықтық алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.

Сабақ барысы:

Кіріспе сөз: Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сондықтан да, мұғалім мен отбасының тығыз қарым-қатынаста болуы міндетті және отбасы мәртебесін биіктетуі шарт.Ата-ананың тілегі - баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Баланы жастан бақпасаң Жамандықтан қақпасаң Қадірден жұрдай қасқа боп, Кешкенің өмір босқа тек. - дегендей ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса , оны жалғастырушы, демеуші -ата-ана.

Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Балалар- еліміздің болашағы»

Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білетін боламыз, яни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз.

Кәне, анықтап алайық. (әңгімелеу)

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие. Бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді.

Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан:

- Осы құжаттарда бала деп көрсетілгендер кімдер, неше жастағылар деп

ойлайсыңдар?

3. Шығармашылық жұмыс. «Бала ма, бала емес пе?»

-Кененбаев Мұрат әке-шешеден жетім қалды, өзі күтім тілеп отырған кәрі әжесінің қолында тұрады. Бірден-бір күнкөріс көзі - асыраушысынан айырылған адамға берілетін зейнетақы. Бала әжесін күтеді, кейде машина жуып табыс табады, кешкі мектепте оқиды.

-Киркорова Ася 11 жаста, соның төрт жылын ол үй астындағы

жертөле қабатта өткізіп келеді. Ата-анасы әуелі оны таяқтан көз

ашырмады, ақыры өздері үйден кетіп тынды. Содан бері хабар жоқ.

Ашық сабақБалалар-еліміздің болашағы(2 сынып)Ашық сабақБалалар-еліміздің болашағы(2 сынып)


4. «Құқықтық алаң» ұғымын анықтау

Құқық ұғымын анықтадық. Ал енді «құқықтық алаң» дегеніміз не?

Құқықтық алаң - адам құқықтарының жиынтығы

5. Шағын топтармен жұмыс

Ашық сабақБалалар-еліміздің болашағы(2 сынып)Ашық сабақБалалар-еліміздің болашағы(2 сынып)


Сіздердің столдарыңызда түймедақ гүлдері жатыр. Алаңқайда өскен бұл гүлдер

сіздер үшін құқықтық алаңқайдың символы іспеттес болсын.

Тапсырма. Әр топ өзінің құқықтық алаңқайын жасап шығару керек.

Гүлге өздерінде бар деп есептейтін құқықтарын жазу керек.

«Құқық алаңқайы» жобасын құру және талқылау.

Әр топ өздерінің жобасын қорғайды да, тақтаға іледі.

Баланың құқықтық алаңымен танысу.

(Бұнда баланың тұтас конституциялық құқықтары берілген. Ол үлкен алаң болып безендірілген. Яғни бөлек-бөлек түймедақ гүлдерінен әр түрлі түсті алаңқай құрастырылып шықты.)

Ал енді шын мәнінде біздің құқықтық алаңымыз қандай екен? Соған назар аударайық.

Бала құқықтарының иллюстрациясы.

«Кім жылдам»

Қазір баланың қандай құқығы бейнеленгенін шапшаң айту керек.

Практикалық жұмыс. «Қай құжат артық?»


Ашық сабақБалалар-еліміздің болашағы(2 сынып)Ашық сабақБалалар-еліміздің болашағы(2 сынып)Мына балалар құқығы қаралған құжаттардың ішінде бір құжат артық. Соны табу керек.

«Әрекет қабілеттілік пирамидасы»

Балалар, құқық бар жерде міндет те бар. Енді соған тоқталайық. Сіздердің құқықтарыңыздың шектелетін кездері де болады. Құқықтарыңызды кім шектей алады?

-Сенің ар-ұятың.

-Жалпыға ортақ нормалар мен әдеп ережелері.

-Заңдар

ҚР балалардың міндеттері:

Ашық сабақБалалар-еліміздің болашағы(2 сынып)Ашық сабақБалалар-еліміздің болашағы(2 сынып)


-Білім алуға

-Тәртіп сақтауға

-Мектеп мүлкін сақтауға;б

-Үлкендерді сыйлауға;

-Ана тілдің тазалығын сақтауға;

-Әрдайым таза, ұқыпты жүруге;

-Темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге, т.б.

Мектепте кездесетін жағдаяттарды талқылау.Шешім қабылдау:

«Біз сабақ үстінде ұялы телефон ұстамаймыз. Бұл - біздің шешіміміз. Және мұны біз орындаймыз» .

Қорытынды:

№1 Ереже. «Міндетсіз құқық жоқ».

№2 Ереже. «Өзіңе тілемейтініңді басқаға да тілеме».

№3 Ереже. «Сенің құқығың басқалардың құқығы басталатын жерде шектеледі»

© 2010-2022