Жылдардың біл қасиетін

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ә.Табылдиев. Жылдардың біл қасиетін

Мақсаты: 1. Жаңа білім беру аралас сабағы тың жанр түрі жылнаманы

түсіндіру, оқушыларға қазақша жыл санау, жыл қайырудан

тереңірек мағлұмат беру, баланың таным қабілетін дамыту;

2. Адамның жас кезеңінің бірнеше бөлімге бөлінуін, жасқа лайық

аталуын, жыл қайыру ретін жатқа білуге үйрету;

3. Қазақ халқының тарихи мұрасының негізінде құрылған

аңыздармен таныстыру.

Көрнекілігі: Жыл қайыру кестесі, «Жылнама» сөзжұмбағы, С.Мұқановтың

«Жыл қайыру» өлеңі , мүшелге байланысты тірек сызба сабақтың

көрнекілігіне пайдаланылды.

Құрал-жабдықтар: үнтаспа, магнитті тақта, Венн диаграммасы

Әдісі: проблемалық сұрақ-жауап, ауызша әңгіме.

Жаңа технологиялар:

· сын тұрғысынан ойлау;

· мағынаны тану

· қызығушылығын ояту

· әлемді шарлау

· оқушы шығармашылығы

· ұстаз шығармашылығы

Сабақ математика, дүниетану пәндерімен байланыстырылады.

Барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. С.Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңін жатқа сұрау. (1-2 оқушыдан)

2. Оқушылардың «Наурыз» туралы жазған өлеңдерін оқыту.

Көктем

Көктем келді, алақай

Құлпырады айнала

Қызғалдақ өсті далада

Көктем қандай тамаша

Наурыз

Наурыз - көктем жыл басы

Жаңарудың дәл басы

Маңай толды төлдерге

Қозы-лақтар жарасты

Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Наурыз»

Ару ай, Наурыз айы, көктем айым

Жаныңды жадыратар келген сайын

Адамзат бар табиғат болмысымен

Іңкәрлікпен күтеді ару айын

Табиғатты танитын сезім болсын

Ақынның жүрегіне өлең толсын

Өмірге, өлең-жырға арқау болар

Көктемнің наурыз айы, құтты болсын!

Оқушыларды үй тапсырмасы бойынша бағалау.

III. Жаңа сабақ

1. Қызығушылықты ояту. Сөзжұмбақты шешу.

Сұрақтары: (техникалық құралдан оқыту)

2.Сөзжұмбақтың шешуін оқытып, Ә.Табылдиевтің «Жылдардың біл қасиетін» атты жылнамасын оқитынымызды таныстыру.

3.Автормен және автордың басқа шығармаларымен таныстыру.

4.Әдеби шығарманы қабылдауға дайындау.

5.Алғашқы оқу.

Оқушыларға жылнама мәтінін мәнерлетіп оқыту

6.Әдеби шығарманы қабылдауын тексеру:

-не ұқтың?

-шығарма ұнады ма?

-қандай әсер алдың?

7.Қайталап оқу.

-іштей оқыту;

-дауыстай мәнерлеп оқыту;

8.Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын, жаңа тақырыпты жаздыру.

9. Сөздік жұмыс

Жамиғат - халық

Хас ниетін - таным

Баян сөзі - тұрақты

Ділмар - білгіш

10.Оқушылар танымын кеңейту мақсатында көрнекілікпен жұмыс (жыл атауларының суреті). Жыл қайтару кестесінен, сынып оқушыларының туған жылдарын тапқызып, мінездемесін кітаптан тауып оқыту.Шығарманы 12 жыл иелерінің бетпердесін киген оқушылар және Қыдыр ата мен жаңа жыл бейнесінде көрсетеді.

11.Жаңа тақырыпты талдау:

-теріп оқу;

-бір-біріне сұрақ қою;

ІY.Үйге тапсырма:

Ә.Табылдиевтің «Жылдардың біл қасиетін» жылнамасын мәнерлеп оқу.

Y.Қорытынды.Бағалау.


«Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі













Жылдардың біл қасиетін

4 «А» сыныбында өткен ашық сабақтың жүрісі





Өткізген Мендигазиева Гулжихан


















наурыз 2011 жыл

© 2010-2022