Әліппе - білім бастауы (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: «Әліппе- ­­­­білім бастауы». Мақсаты: 1.Оқушылардың сауат ашу пәні оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата-аналарға көрсету. 2.Ертеңгілік барысында тапсырмаларды орындау, өз ойларын ашық, еркін айту, толық жауап беруін, зейін қойып, есте сақтауын дамыту. 3.Адамгершілікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға және ана тілін сүйіп, Отанын қадірлеп, қастерлеп, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Безендіруі: «Әліппе - білім бастауы» сөзі жазылған плакат, шарлар, нақыл сөздер және интерактивті тақта. Барысы: Мұғалім: - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар және ұстаздар, оқушылар! Бала - біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды белі бесіктен шықпастан жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын себу бүгінгі біздің ұстаздардың, ата-аналардың міндеті. Әліппеден алған білімдері құтты болсын!-дей отырып, «Әліппе - білім бастауы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ендеше,1 «А»сынып оқушыларын ортаға шақырайық.
Мұгалім: -Балалар, Көлге айналған бұлақтың, Қайнар көзін көріп пе ең? (жоқ) Том-том қалың кітаптың, Басы болар Ә л і п п е ң (бәрі) Мұғалім: - Ендеше, бәрімізге ең қымбат Әліппені зор құрметпен ортаға шақырайық. Бәрі: Әліппе! Әліппе!Әліппе! Әліппе (ортаға шығады): Армысыңдар жас достар, Армысындар ата-ана. Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға. Құттықтаймын! Саусыңдар ма бүлдіршіндер, балғындар. -Менің атым әліппе, Мені анаңдай дәріпте. Мені оқып ер жеткен, Ағаң сенің, әпкен де. Бәрі: Рахмет, саған Әліппе! Мұғалім: - Балалар, мен сендерге сұрақ қоюдан бастасам, жауап береміз бе?
  • Әрине.
Бірінші- қыркүйек, Соғылды қоңырау. Шақырған білімге Оқу мен ілімге Ол не ? Бәрі: Мектеп. Олай болса М Е К Т Е П сөзінің әр әріпін саралап айтсақ?
мен

еңселі де
кемеліне
толатын
елімнің
патриотымын
2 - сұрақ Мұғалім: Күлімдеп қарсы алар, Сипайтын маңдайдан. Әкеліп партаға, Отырғызған бізді кім? Хормен: Мұғалім (Осы сөздің де әр әрпін саралап айтсақ?) М - мейірімді Ұ - ұлағатты Ғ- ғазиз А- ақылды Л- лайықты І- іскер М- маман 3 - сұрақ Бар білімнің бастауы, Бар ғылымның бастауы. Жас балаға нұр шашқан, Қандай кітап тіл ашқан? Хормен: Болашаққа жол ашар, Ол - сүйікті әліппе! Енді осы сөздің де әр әріпін саралап айтайық Ә - әлемді Л - легімен І- ізгілік П- парасатпен П- паш Е- етеміз


Мұғалім: - Өте жақсы саралап айттыңдар. Көп жасаңдар! Хор: «Әліппе» әні Сенің нұрың сөнбесін, ашық аспан жарық күн, Келешегі сөйлесін қазақ деген халықтың. Тілі балдай баланың,талабына жарық бер, Ертенгілік сабағын жүргізеді әріптер. Әліппе: -Мен әуелі әріптерімді түгендеп алайын (Дауысты, дауыссыз дыбыстар -қайдасыңдар?) Бәрі: Біз мұндамыз (Бастарына каронкаларын киеді) Әліппе: - Кәне, не тұрыс? Әліппеден алған білімдеріңді ортаға салмайсыңдар ма?Алфавиттер сөйлеңдер. «А» - Нұрислам «Ә» - Нұрболат Атам келді ауылға, Әкем, анам сәніміз, Алма, апельсин ап келді. Жақсы шықты әніміз. Алақай-ау, алақай, Үйде отырып әжеммен, Алма маған көп берді. Ән шырқадық бәріміз. «Б» -Рауан «В» - Мұхаммедәли Бала отырпартада, «В» дыбысы дауыссыз, Жазда оқы шаршама. Оны терең ұғыңдың. «Б» дыбысы дауыссыз, Арман екеуміз кеше біз, Мәлім болды баршаңа. Велосебетпен қыдырдық. «Г»- Ақнұр «Ғ» - Рахман Гүлдей жайнап бәріміз, Тұңғыш ұшқан ғарышқа, Гүл терейік тағы біз. Юри атам ол алтын, Г - дыбысы дауыссыз, Ғаламшарға жол салып, Оны білдік тағы біз. Ғарыштан тапқан бақытын. «Д» - Тұрсын «Е» - Жібек Дала қандай тамаша, Е - дыбысы езулік, Доп ойнайық балаша. Оны бәрі білмеді. Дулат, Айдар бәріміз, Дұрыс тапқан бірінші, Достар таптық жаңаша. Ерасыл біздің ерледі. «Ё»- Ілияс «Ж» - Арайлым Шахтёр деген сөзде бар, Жарыс басталды ауылды, Екі қара көзде бар. Жомарт мінді тайына. Өзі қызық әріп екен, Жарысқа қатысқан балалар. Осы дыбыс кімде бар? Жақсы сыйлық алуда. «З»- Заманбек Зымыранда бас әріппен әріппен басталған, Зығыр, қазақ, қобыз, тоғыз сөздерінен табылған. Қол көтеріп дәл тапқан алыстан, Біздің Зере расында данышпан.


«И» - Айя «Й» - Данияр Ит- адамның досы деп, Айнаға қарап боянды, Оны әрдайым қорғандар. Айдай сұлу Айша қыз. Итке үйшік жасасаң, Й - дыбысы дауыссыз, Бойында иман қорған бар. Ауада жазайық бәріміз. «К» - Жанбота «Қ» - Алибек Кемел ойынщық жасады, Қырға барып бәріміз, Бәрі оны қоршады. Гүл терейік бәріміз. «К» - дыбысы дауыссыз, «Қ» - дыбысын үйрендік, Кім оны айтады? Қуанайық алақай. «Л» - Айару «М» - Ақниет Талаптанып бәріміз, Мақта теріп бәріміз, Л - дыбысын жаттайық. Бір жадырап қалайық. Айқайлайық ла,ла деп, Арманымыз орындалып, Одан ешбір саспайық. Мол өнімдер алайық. «Н» - Шахмұрат «Ң» - Зере Ас атасы - наннан, «Ң» - дедім алыстан, Артық тағам жоқ жерде. Аңдар мен ол алысқан. Нанды баспа ботақан, Аңдардың мықтысы екен ол, Оны жеп өстің сен тезде. Аң патшасы - арыстан. «О»- Ақбота «Ө» - Ерасыл Бостан босқа ойнама, Өрмекшінің өрмегін, Орманда да, дорбада. Бұзбайықшы қазығы. Кездесетін дыбыс бар, Өрмекшінің өрмегі, Кім айтады ойлана? Оның өмір азығы. О- дыбысы дауысты, Ақбота оны тауыпты. «П» - Дильназ «С» - Айша Апам маған әліппе, «С» - дыбысы дауыссыз, Оқып үйрен деп алып берді. Оны бәрі жақсы ұғады. «Әліппе» сөзінің ішінен, Сағат,сайман,сабақта, «П» - дыбысын тауып берді. С- дыбысынан басталады. «Т» - Нұрислам «У» - Мұхаммедәли Тарақ, ата, атта бар, Улап - шулап бәріміз, Т-дыбысыдауыссыз. У - дыбысын айтайық. Жарайсыңдар балалар, Тауға шығып тағы біз, Сөзді жақсы тауыппыз. Ауа жұтып қайтайық. «Ұ» - Тұрсын «Ү» - Нұрболат Ұя салып құстарға, Үйренейік бәріміз, Ұяға тас атпайық. Ү - дыбысын жазамыз. Ұ - дыбысты дауысты, Ү - дыбысы дауысты, Оны бәріміз жаттайық. Үкі сөзінен табамыз. «Ф» - Жанбота «Х» - Айя Футбол деген ойында, Шахмат, саяхатта бар, Барлық бала, бәрі мәз. Х-дыбысын жаттап ал. Бүгінгі сабақтан естелік, Х-дыбысын тағы айтсақ, Фотаға түсейік бәріміз. Емтихан мен хатта бар. «Һ» - Рахман «Ц» - Данияр Айдаһарды өлтірген, Клоуынның сыйқырын, Қаһарман ғой қазағым. Циркте кеше мен көрдім. Һ-дыбысы дауыссыз, Циркульді салып ап, Еш қиналмай жазамын. Оны жылдан меңгердім. «Ч» - Жансая «Ш» - Зерде «Ч» - дыбысы дауыссыз, Шарлар үріп әр түрлі, Оны білем себебі. Кабинетке ілейік. Шаңғыны тез үйреніп, Ш - дыбысы дауыссыз, Чемпион болғым келеді. Оны бәріміз білейік. «Щ» - Айша «Ы» - Ерасыл Щёткамен тіс жуып, Асық ойынын ойнайық, Мен сабаққа барамын. Кел, балалар, тамаша. Ащы тұщысын тамақтың, Шік, бүк, алшы, түсіріп Ажырата аламын. Бірге ойнайық жарыса. «І» - Аягөз «Э» - Әлібек Атам менің тігінші, Э- дыбысы дауысты, Маған етік тігіп берді. Оны білдік қуана. Сенде балам үйрендеп, Ол өте қауіпті, Аяқ киім жібін берді. Электр сымын ұстама. «Ю» - Аружан «Я» - Арайым Ю- әрпі дауысты, Үйшік жасап қоянға, Оны терң ұғындық. Оған жылу сыйлайық. Ю- әріпін жаттап ап, Ұя салып құстарға Үйімізге жүгірдік. Оны әрдайым қорғайық.
Ән: «Беу Айдай» орындайтын - Ақниет.

Көрініс: «Орманшының баласы» ертегісі Автор: - Ерте,ерте ертеде бір ну орманда орманшы мен оның баласы болыпты орманшының баласы жас шыбықты сындырып, ат қылып шапқылап ойнайды екен. Бір күні орман ішінде шапқылап жүріп ағаштардың әңгімесін естиді.

Қайың: Мен өскенде бесік, боламын. Кішкентай бөбекті тербетемін. Бесік жырын естіп, рақатқа бөленемін. Бақыт деген осы емес пе? (Аружан) Терек: Мен өскенде түрлі-түрлі ойыншық боламын. Балаларды ойнатамын. Ертеден кешке дейін ойнаймыз,қызыққа батамыз (Мұхаммедәли)

Еменнің жас шыбығы. Мен өскенде түрлі-түрлі жиһаз боламын. Адамдар шаршағанда маған отырып демалады. Сөрелеріме кітаптарын заттарын қояды (Жібек)

Автор: Осылайша ағаштар өзара армандарымен бөліседі. Сол кезде орманшының баласы ағаштардан сұрайды.

Бала: -Ал, мен кім боламын?(Ерасыл)

Қайың: - Сен бе, сен өскенде ағаш шебері бол. Сонда біз осы арманымызға жетеміз. Ағашты босқа сындырма.

Бала: - Мақұл! Ендіағашты сындырмаймын. Ағаштар, мені кешіріңдер.

Автор: - Сол орманшының баласы өскенде атақты ағаш шебері болыпты. Әлгі ағаштарды арманына жеткізіпті.

Ән: «Алтын ұям - мектебім» Әні:Айжігіт Асанов, Сөзі:Бақытжан Ауданбай Мұғалім: - Балалар, біз әліппеден оқу, жаза білуді үйренсек, ал математикадан санауды, есептеуді, сандарды жаза білуді үйрендік. Олай болса «Санамақтарға» сөз берейік. 1 -дегенім- Бақыт, Таусылмайтын шаттық. Диана 2 -дегенім -Елім, Ұшан далам, жерім. Аружан 3 -дегенім - Үміт, Еш болмасын күдік. Аягөз 4 -дегенім -Теңіз, Білім ұста семіз. Жансая 5 -дегенім - Бірлік, Көрейікші сеніп. Айша 6 -дегенім - Ақыл, Айтшы сенде мақұл. Дильназ 7 -дегенім-Жүрек, Айтылмаған тілек. Ерасыл 8 -дегенім- Сезім, Сезіңе біл өзің. Ақбота 9 -дегенім-Тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. Зерде 10 -дегенім -Отан Қандай күшті,ботам. Шахмұрат Ән: «Мен ауылға барамын» Орындайтын:Мәлік Ақбота Мұғалім: -Балалар, біз математикадан да білімізді көрсеттік. Енді Әліппемен қоштасатын да кез келді. Ендеше әліппеге не деуіміз керек? Бәрі: - Әліппе, рахмет! Әліппе: - Мені жақсы игеріпсіңдер, мен сендерге ризамын, сау болыңдар!(кетеді) Мұғалім: - Міне, біз белгілі білім еліне саяхат жасап, білімімізді көрсеттік. Әліппені оқу барысында ата - аналардың қосқан үлесі өте мол. Бақытты балалық шағы үшін, ата - аналар сіздерге көп рахмет! Келесі би сіздерге арналады, аяулы ата - аналар, қабыл алыңыздар! (Ұлдардың орындауында би тобы.)
Мұғалім:Талап, еңбек,терең ой. Қанағат, рақым ойлап қой - деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек. Енді сендердің жаңа достарың «Ана тілі» оқулығы болады. Ал, енді ана тілін ортаға шақырайық. Ана тілі: Туған елдің тілімін, Ана тілім - ұраным, Ақылы мен танымын. Ана тілім - құралым. Түсіндірер бәріне, Ана тілім болмаса, Ана тілі пәнімін. Мықты болмас тұрағым. Ана тілі: -Балалар, енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу - білімде (кітап таратады). Мұғалім: - Енді сіз бізбен бірге болыңыз! Би: «Балапандар» орындайтын бишілер тобы. Мұғалім: - Балалар, біз нені үйрендік? 1. Оқуды-Нұрислам 2. Жазуды-Рауан 3.Есеп шығаруды-Нұрболат 4. Ән айтуды-Мұхаммедәли 5. Би билеуді -Ақнұр 6. Үлкенді сыйлауды-Рахман 7. Кішіге қамқор болуды-Тұрсын 8. Елімізге жақсылық жасауды-Жібек
- Біз нені ажырата білеміз? 9. Жақсылық пен жамандықты. Нұрболат 10. Ақ пен қараны. Арайлым 11. Арамдық пен адалдықты. Заманбек -Біз нені сүйеміз? 12. Отанды. Айя 13. Ата- ананы.Жанбота 14. Халқымызды. Айару 15. Достарымызды.Ақниет 16.Ұстазымызды.Шахмұрат 17.Мектебімізді. Зерде - Біз кім боламыз? 18. Адал азамат. Ерасыл 19. Ақылды ару. Ақбота 20. Оқымысты ғалым. Дилназ 21.Тәуелсіздіктің туын биік ұстайтын Елін сүйген,ер боламыз! Жансая Ұстаз тілегі: Жиырма жеті балдырған, Бір сыныпта отырған. Айналайын көздеріңнің отынан, Қазағымның ұл - қызы боп өсіңдер. Абыройлы азамат боп оқыған, Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне. Сенімдердің айналыңдар серперіне, Ұстаздың ақ жүрекпен мен тілеймін. Тек сәттілік - шәкірттерім ертеңіне!
Хор: «Мұғалім ол біздің» әні
Бәрі: - Бақытты балалық үшін рахмет сіздерге, ата - аналар!

(Қорытынды сөз кезегі мектеп басшысына, ата - аналарға беріледі).

Ертеңгілікті дайындаған: 1 «Б»сыныбының жетекшісі Дуйсенкулова Мирамкул Уакитовна.

© 2010-2022