Открытый классный час Қош бол, құтты Әліппем!

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Бақабаева Құндыз Қабидоллақызы ШҚО,Бородулиха ауданы, Жезкент кенті « Жезкент к. эконoмикалық мектеп-лицейі» КММ, [email protected] бастауыш сынып мұғалімі

Қош бол, құтты Әліппем!
Мұғалім: Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан? Оқушылар: Әліппе! Мұғалім: Ендеше құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгін сіздер 1-сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына ұстап, әріп таныған оқулығы-«Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілікке келіп отырсыздар. «Қош келдіңіздер»-деп отырып мерекені бастауға рұқсат етіңіздер.(Әнұран айтылады) Мұғалім: Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде әріптердің ханшайымы өмір сүріпті. Оның есімі «Білім» екен. Қаһарлы ханшайым әріп танымайтын оқушыларды жек көріпті. Ол ел ішін аралап нашар оқитын балаларды алдырып, жөнге салып отырыпты. Ендеше, «Білім» ханшайымын қарсы алайық. Білім ханшайымы: -Халайық, осы сыныпта әріп танымайтын балалар болса, маған алып келіңдер. Жаза қолданамын. Мұғалім: Қымбатты ханшайым! Мен шәкірттеріме ризамын. Бәрінің оқулары, тәртіптері өте жақсы. Бұл сөзімді оқушыларымның өздері қазір сізге дәлелдеп береді. Сіз осында жақсы бір орынға жайғасып, оқушылардың өнер-білімдерін бізбен бірге тамашалаңыз. -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын тауып көріңдерші: Іші толған әріпке, Білімдіге: жарық не? Оқушылар: -Болашаққа жол ашқан, Ол сүйікті, Әліппе. Мұғалім: -Олай болса, бәріміз қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық. Оқушылар: -Әліппе, әліппе! Ортаға әліппе шығады. Әліппе: Армысыңдар жас достар! Армысыздар ата-ана! Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға. Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген. Келешегі қазақтың Басталады сендерден. Жақсы білім-көрімдік, Болсын сізге халайық. Не үйреніп, не білдік Қане, ортаға салайық. Анель: Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп өскен ойымызға. Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар Әліппемен қоштасу тойымызға. Рамазан: Күн нұрындай білімнің, Күнімен мол білімнің. Құттықтаймын достарым Құтты болсын ұлы күн. Махаббат: Ең алғаш алғанымда «Әліппені», Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді, Ұстазым оның кілтін алып берді. Мерей: Іші толы әріпке, Мынау-әйбат әліппе. Барлық ілім-білімнің Әжесі -осы Әліппе! Нұрай: Әліппем, менің әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің Ертеңгі сәуле жарықпен! Дамир : Әліппе деген-алтын жол, Апарар сені алысқа. Жеңіл емес ауыр жол Тырмысып бақ намысқа. Еламан: Бар кітапқа бас болған, Әліппе -білім атасы. Әліппеден басталған Даналықтың данасы. Айым: Ата-анадан кейінгі Екінші адам өмірде. Мейір құйған көңілге Ол ұстазым сүйікті. Диас : Жақсы кітап -Әліппе, Үйретеді әріпке. Қуыршақпен қоштастым, Әліппемен достастым. Ислана: Қош бол, құтты «Әліппем», Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен Тақылдатып сөйлеттің. Марат: Алфавиттің «А» тұрады басында, Әрқашанда «Ә» тұрады қасында. Байқадың ба «Б» тұрады үшінші Ал осының сыры неде түсінші. Дильназ: «А» деген ол аналар ғой ардақты, «Ә» деген ол әкелер ғой салмақты. «Б» деген ол балалар ғой әдемі Біздің елде үшеуі де кәделі. «Әліппе» әні хормен орындалады. Мұғалім: - Құрметті қауым , қазір оқушылар әріптерді қазақтың белгілі азаматтарының есімдерімен сөйлетпек. Тамашалаңыздар. «А»: Абай Құнанбайұлы-қазақтың ұлы ақыны. Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. «Ы»: Ыбырай Алтынсарин-ғалым, педагог. Бір, Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! «Ф»: Әл-Фараби-данышпан, ғалым. Бала болсаң талапты, Біліп өскін Фарабты. Әбу Наср қаланың Әлемге атын таратты. «Ш»: Шара Жиенқұлова-қазақтың ұлы бишісі. «К»: Күләш Байсейітова-қазақтың әйгілі әншісі. Мектептің әдемі ғой әр сабағы, Қызық-ау,әсіресе, ән сабағы. Шәрипа Шара болып би билесе, Күлипа Күләш болып ән салады. «Ж»: Жамбыл Жабаев-жыр алыбы. Балалар, аманбысың, шырақтарым, Майысып көлге біткен құрақтарым! Жүрмесем есеңдесіп тұра алмаймын, Ішінен асып кетсе бір аптаның. «М»: Мәншүк Мәметова-Кеңес Одағының Батыры. Мәншүк атыс толасында, Жүр орманның арасында. «Мені ал, мені ал» деп алуан гүл Қолына оның таласуда. «Ә»: Әлия Молдағұлова- Кеңес Одағының Батыры. Көкте зырлап барады алтын жұлдыз, Жерде тұрып қарады Әлия қыз. Алтын жұлдыз зымырап кетті алыс, Кетті алыс мылтық ап бір жап-жас қыз. «Т»: Тоқтар Әубәкіров-қазақтың тұңғыш ғарышкері. Ғарышкерлер мекені- Қазақ жері Байқоңыр. Қай жер саған жетеді, Ғажап жерім Байқоңыр! «Б»: Бұқар жырау-қазақтың ұлы жырауы. Жыраулар қисса толғайды, Батырлар жайлы, ел жайлы. Күңіреніп көне абыздай, Заманаларды болжайды. «Н»: Нұрсұлтан Назарбаев-біздің елбасы. Нұраға мақтанышым, Көкбайрақ айбыным. Береке тапқаным Бірлігім, байлығым. «Қ»: Қаныш Сәтбаев-геолог, ғалым. Біздің Отан жеріндей Жер жоқ, кеннің бәрі бар, Іздеп соны ерінбей, Геологтар сабылар. Түлетеді жондарды, Жаңартады дала үстін. Біз білеміз оларды ұрпағы деп Қаныштың.
«Вальс» биі-1сынып оқушыларының орындауында.

Мұғалім:

  • Балалар, сендер қазақтың мақтанышпен айтатұғын тұлғаларын жақсы біледі екенсіңдер. Ал «Әліппедегі» ертегілерді қаншалықты білетіндеріңді қазір тексереміз.
«Мақта қыз бен мысық»: Адамдай сөйлей білетін, Бар еді менің мысығым. Есіме түспей есімім Бармысың біреу білетін. Тапсырма: Геометриялық фигуралар қалай аталады? (төртбұрыш, үшбұрыш, сәуле, нүкте, кесінді, қисық сызық, түзу сызық ). «Қожанасыр»: Байларды да алдамын, Қуларды да алдаймын. Жүрген жерім той-думан Күлкіге бір қанбаймын. Тапсырма: жұмбақ жасыру.
  1. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. (бор)
  1. Алты қырлы,
Алтын сырлы. (қарындаш)
  1. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама. (кітап)
  1. Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді. (алфавит)
  1. Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты, Өзін де құртты . (өшіргіш) «Күншіл үйрек»: Түлкіменен достасып, Аққуларға ор қаздым. Сол қазылған орыма Өзім түсіп қор болдым. Тапсырма: сергіту сәтін жасатқызу. «Сұр қоян» Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын сап көзінің. Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің.
«Қошақаным қайда екен?» әні Кәдірбеков Рамазанның орындауында.
Әліппе: Рақмет, балалар. Әліппені жақсы меңгерген екенсіңдер. Енді сендерді ары қарай түрлі ертегілер және өлеңдермен менің қарындасым «Ана тілі» таныстырады. Қош болыңдар!
Ана тілі: Ақыл -ойы дананың, Ана тілден аласың. Ана тілің ардақты Ақ сүтіндей ананың. Ана тілін ақтаңдар, Ана тілін сақтаңдар. Ана тілмен гүлденіп Ата берсін ақ таңдар. -Мен сендерге сыйлық ретінде бірнеше кітап ала келдім.
«Мұғалім ол біздің» әні хормен орындалады.
«Білім ханшайымы»: -Бұл сыныпта сауатсыз бала жоқ екен. Құрметті, оқушылар. Болашақ -сендердікі. Ұлаң-байтақ республикамыздың гүлденуі-сендердің білімді болуларыңа байланысты. Енді, халайық, осы жартыжылдықта білімі және тәртібімен көзге түскен оқушыларды марапаттауға рұқсат етіңіздер. «Білім ханшайымы» бата береді. -Оқыңдар, үйреніңдер, ерінбейтін еңбекшіл болыңдар! Өнерлерің тасып, мерейлерің үстем болсын! «Ертегілер» биі-1сынып оқушыларының орындауында.
Мұғалім: -Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар. Ырым етіп соңдықтан ертеңгілік соңында Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар!




© 2010-2022