План урока по технологий на тему Сыйлық заттар дайындау /2 класс/

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сыйлық заттар дайындау.

Сабын мен лентадан сыйлық жасау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпы сыйлық туралы толық мағлұмат беру және

аталған сыйлық түрін іс жүзінде жасауды меңгерту.

Сабақтың міндеттері:

Білімдік: Қыз балаларға сабын мен лентадан сыйлық жасау туралы түсіндіру.

Тәрбиелік:Оқушыларды әдемілікке, әсемдікті сезіне білуге, талғампаздыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың іскерліктерін, сыйлықтар туралы танымын дамыту.

Сабақ түрі: Сарамандық

Сабақ әдісі: Түсіндіру,жасап көрсету.

Көрнекті құралдар: «Сыйлықтың түрлері» плакат,дайын сыйлық.

Керекті құралдар: Жаңа иіс сабын, 5 метр жіңішке лента, ағылшын түйреуішінің бір дестесі.

Сабақтың мазмұны.

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1.Гүлдердің адам өміріндегі маңызы қандай?

2.Гүлді қалай таңдау керек?

3.Ұсынылатын гүл болуы неде болуы керек?

4.Сыртқа шыққанда гүл шоқтарының ұзақ сақталуы үшін қалай қаратып ұстау керек?

5.Гүлді сыйлағанда қалай, қай қолмен ұсыну керек?


ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.Сыйлық негізінен сатып алынған және қолдан жасалған болып келеді. Мұның ішінде қолдан жасалған сыйлық ерекше бағаланады. Себебі, қол жұмысы қашан да үлкен сұранысқа ие. Кейбір адамдар тек қымбат заттарды ғана жақсы әрі әдемі сылық деп санайды. Әрине бұл дұрыс емес.
Ал дұрысы арнайы жасалған ешбір жерде сатып алуға болмайтын сыйлықтар:салынған сурет немесе картина, қолөнер туындылары ең қымбат сыйлық болып табылады. Өз қолымызда жасаған сыйлыққа біз бар ынта жігерімізді саламыз. Сондай сылықтардың бір түрін бүгінгі сабақта жасап көрелік.
Бізге қажет жабдықтар түгел. Жұмысқа кіріспес бұрын инемен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін еске түсірейік, жұмыс кезінде өте абай боламыз.


ІV.Сарамандық жұмыс.

Сабынды қорабынан шешіп,жиектеріне ағылшын түйреуіштерін ара қашықтығы 1 см болатындай етіп түйреп шығамыз.Түйреуішпен бірде жоғарысынан түйресек, екіншіде төменнен түйрейміз Сонда ағылшын түйреуіштерінің бастары бірде, төмен,бірде жоғары қарайды.
Түйреуіштермен сабынды толықтай айналдыра түйреп болған соң, лентаны сол түйреуіштерге жоғары - төмен айналдыра жүргізіп шығамыз.
Толық лентамен жүргізіп өткен соң, лентадан шыққан кішкене себетімізге тұтқа жасаймыз. Міне, сыйлығымыз дайын болды.

V. Сабақты бекіту.

1. Түйреуіштердің ара қашықтығы неше сантиметр болу керек?

2. Себетімізге неше метр лента қажет?

3. Себет жасау үшін неше түйреуіш қажет?

VІ. Оқушыларды бағалау. Жақсы орындаған балаларды мақтау.

VІІ. Үйге тапсырма: Себетімізді аяқтау



© 2010-2022