Коучинг: Оқушылардың дарындылығын дамытуда тиімді формалар мен әдіс-тәсілдер

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг №3

Тақырыбы: Оқушылардың дарындылығын дамытуда тиімді формалар мен әдіс-тәсілдер. Эффективные формы и методы развития одаренности учащихся

Мақсаты:

Мұғалімге дарынды,талантты оқушымен жүргізілетін жұмыстар туралы түсінік бере отырып, оқушының дарындылық,шығармашылық қабілетін дамыту, тәжірибеде жаңа әдіс-тәсілдері мен формаларды қолдану тиімділігі.

Негізгі идеясы

Дарынды және талантты балалар ұғымдарын ажырату, олармен жұмыс жасау ерекшеліктерін айқындау.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:

Оқу процесінде балаларды бақылау арқылы олардың дарындылықтарын айқындай біледі. Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгереді.

Дереккөздер

МАН І деңгей, интернет ресурстар.

Өту барысы

Кезеңдері:

Уақыты

Коуч әрекеті

Коучингке қатысушылар әрекеті

Тренинг

Топқа бөлу


5 м

Коуч қатысушыларға піл, түлкі, керік және кенгуру сөздері таратылып, оларды жинап топ құруларын сұрайды.

Қимыл қозғалыс арқылы әр мұғалім өзіндегі сөзге сай топ мүшелерімен топтасып топ құрады.

Қызығушылықтарын ояту

Қатысушыларға сұрақ қояды:

«дарындылық», «қабілет» сөздеріне бір жолды өлең жазу. МОНОСТИ́Х - (от греч. - один и стих) - стихотворение из одной строки (одностишие) с законченной смысловой, синтаксической и метрической структурой.

Коучинг: Оқушылардың дарындылығын дамытуда тиімді формалар мен әдіс-тәсілдер.


5 м

Видео «Дүйсенов» өлең оқуы

Видеоны тамашалайды

10 м

Видео бойынша өз ойларымен бөлісуге шақырады

Ғалымдардың «дарындылық», «қабілет» сөздеріне жазған ережелерін оқи отырып ортақ «Бір жолды өлең» жазады

Топтық жұмыс арқылы , пікір алмасу , түйіндеме жасау. Қатысушылар өздері жазған өлеңдерімен, ойларымен бөліседі және ортақ өлең жолын жазады.

Коучинг: Оқушылардың дарындылығын дамытуда тиімді формалар мен әдіс-тәсілдер.

Проблеманы анықтау кезеңі

10 мин

Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:

• әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;

• мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;

• оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;

• Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға (Dudley, P. 2011a);

• Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.

Dudley, P. (2011) Lesson Study: what it is,

Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған

әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болғандықтан Lesson Study сабағы тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады. Мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен әріптестерімен кеңінен бөлісе алады. Lesson Study топтары сондай-ақ әріптестерімен бірлесіп жаңа тәсілді оқыту жолдарын және оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді. Lesson Study тәсілін іске асыру барысында: Lesson Study тәсілінің бастапқы кезеңінде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Одан соң топтың 3 мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері қадағалайды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың оқу үдерісіне қатысты аралық нәтижелерін жүйелейді және талдайды, содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып, келесі сабақты қайта жоспарлайды.Топ зерттеу сабағы аяқталысымен бірден талқылау жүргізеді.Lesson Study топтамасынан кейін топ оқыту тәсілі мен оқу бағдарламаларына енгізілетін және көпшілікке таратылатын өзгерістерді келісе отырып анықтады. Сыныпты таңдап алу кезінде сабақ беретін мұғалімдердің бәрі сол сыныпта жұмыс істеп, оқушыларды толық танитыны ескерілді. Белгілі бір тақырып таңдап алынып, сол проблема аясында зерттеу жүргізу көзделді. Мысалы; «Топтық жұмыстың белсенділігін қалай арттыруға болады? » деген тақырып алып, мұғалімдер өз сабақтарында осы проблема төңірегінде жұмыс жүргізді. Лессон стади тәсілі бастауыш сынып мұғалімдері мен қазақ тілі пәні мұғалімі. Жоспарлау кезінде топтың мұғалімдері сабақ жоспарымен таныстырылды. Сабақ жоспарын пән мұғалімі өзі тыңғылықты жасап әкелгендіктен сабақ жоспарына шамалы өзгеріс енгізілді. Зерттеуге сыныптан жоғары ,орташа, төмен деңгейдегі оқушылар таңдап алынды.Бақылауға арналған оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері сабақ барысында арнайы жасалынған сызба кестелерге толтырып отырылды. Мысалы жоғары деңгейдегі оқушы сабақта белсенділік көрсетіп отырды.Сабақ барысында берілген тапсырмаларға тобымен бірге жылдам жауап беріп, үнемі алда болды. Сабақ барысында пән мұғалімі сабақтың мақсатына жете білді. Жоспарланған тапсырмалар орындалды.Әр тапсырмаға берілген уақыт тиімді пайдаланылды. Оқушылар сабақ кезінде жақсы көңіл күйде болды. Мұғалімдердің көп болғандығына қарамастан оқушылар берілген тапсырманы дұрыс орындап отырды. Пән мұғалімі сабақ барысында барлық оқушыларды сабаққа жұмылдыруға тырысып тапсырма бойынша берген сұрақтарына тиянақты жауап алып отырды.Лессон стади сабағынан кейін бақылаушы мұғалімдер мен зерттеуші мұғалімдер бірлесіп, өткен сабаққа талдау жасалды . Сабақ беруші мұғалім сабақ талдаған кезде өз ойын ортаға салып, сабақтың сәтті кезеңдері мен осал тұстарын ашық айтуға тырысты. Уақытты тиімді пайдалана ала білді ме,сабақта мақсатына жетті ме осы сауалдарға жауап алынды. Сабақ беруші мұғалім мен бақылауға арналған оқушылардан сабақ соңында кері байланыс ретінде сұхбат алынды..Бұл сабақтар тізбесін өткізген кезде мұғалімдер бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып, тәжірибе алмасты. Әр түрлі әдіс-тәсілдер үйренді.Тәжірибе молайды. Кәсіби біліктіліктері артты. Оқушыларға да осы үлгідегі сабақтар ұнады.

10 мин

Физика, орыс тілі, математика сабақтарынан үзінді көрсетіліп, Малгаждарова Ж.А., Ибраимова Ж.К., Тюмембаева А.А. өз бақылауларын ортаға салады. Презентация Power Point «Дарынды және талантты балалар»

Мұғалімдер видеоролик бойынша өз ойларын айтады.


Тақырыпты өрбіту мақсатындағы кластер «өзен » флипчартта жазу, практикалық жұмыс:

15 мин

Кластер құрады

Әр топ өз кластерлерін қорғайды.и Өз ойларымен бөліседі.


Рефлексия

2 мин

Бос микрофон






© 2010-2022