«Күн құшағында»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Күн құшағында.(Аветик Исаакян)

Сабақтың мақсаты:

1.Адамның ішкі жан дүниесі мен арман-тілегіне жетудегі жолда табиғаттың алатын орны мен адам бойындағы табандылық қасиеттерінің арасындағы байланысты ұғуға жол салу.

2.Сыни тұрғыда ойлау стратегияларын пайдалана отырып,өз бетімен шешім қабылдай білу,қорытынды жасау,өз ойларын жүйелі жеткізе білу,тілдерін дамыта түсу.

3.Топта, жұпта жұмыс жасау арқылы достық көмек,туған туысқанға деген бауырмашылдық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі:автор портреті,Күн бейнесі,слайд,интерактивтік тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс,СТО.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

«Өзін-өзі тану»пәнінің элементтерін пайдалана отырып,жаңа сабақпен байланыс көпірін құру.Шаттық шеңберіне тұрып, «ұйқыашар» өткізу.

Көк аспанда Күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда Күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын!

Оқушыларды түстер арқылы топтарға бөлу.

І. Ой қозғау

Осы өлең жолдарын естігенде,көз алдарыңа не елестейді?

Кластер құрастыру.

Әр топ өздерінше өлең жолдарындағы Күн көзінің суретін салады.Енді бұл Күн көзі сабағымыз біткенше бізді өзінің жылуымен жылытып,жаңа сабағымыздың мағынасын ашуға жолсерік болып тұрады.

ІІ.Мағынаны тану.

Жаңа сабақпен таныстыру.

Автор мен аудармашы туралы қысқаша мәлімет беру.

Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндап беру.

  • Мәтін сендерге қандай әсер қалдырды?

Жеке,жұпта,топта шешімін ортаға салу.

  • Қалай ойлайсыңдар,мәтінді қандай дауыс ырғағымен оқыған дұрыс болады?

  • Мәтіннің шарықтау шыңы неде болды?

  • Оған не жетеледі?

Топтық жұмыс.

І топ: Кейіпккерлерді сипаттаушы (әр кейіпкерді тауып сипаттайды)

ІІ топ: Сөз тапқыштар тобы. (мәтінге сәйкес мақал-мәтел табады)

ІІІ топ: Сілтеме табушылар.(мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған оқиғаның ең қызықты жерін тауып оқиды)

Әр топ өз тапсырмасын салған Күндерінің артына орындайды.Топтардың жауаптарын тыңдау.

Әр жауаптың соңында: «Себепкер болған не?» деп,өз Күндеріне қарату.

Қорытынды бөлім.

  • Кейіпкеріміз кімді тапты? Бауырларына жетелеп апарған не болды?

  • Ендеше,бәрімізге көмекші болған Күнімізге алғысымызды айтып,шаттық шеңберіне тұрып,сабағымызды «Әрқашан Күн сөнбесін!» өлеңімен аяқтайық.

Үйге тапсырма: Оқиғаны өз ойларынша аяқтау. Кейіпкерге хат жазу.

Бағалау:

Өзін-өзі бағалау.Топтың бағалауы.Мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия.Бүгінгі сабақты смайлик арқылы бағалау.



Бірлестік орта мектебі.

Күн құшағында







Өткізген:4 сынып мұғалімі Қожанова Б.Қ.

2013-2014 оқу жылы.

© 2010-2022