Көркем әдебиет Тақырыбы: Қысқы баспана мектепалды дайындық тобы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қысқы баспана. Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балаларға ертегіні оқып, таныстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Бір-біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету. Сөздік жұмысы: тақтай, еден. Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Күзгі тіршілік суреттері, бұқа, қошқар, шошқа, мысық, әтештің суреттері. Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Педагог балаларға жұмбақ жасырады. «Еріксе, құйрығымен ойнайды, зеріксе, ұйқыға бір тоймайды». (Мысық) «Қызыл бұжыр айдары бар, қоқиланған айбары бар, Ауық-ауық азан салып, өңеш керген айғайы бар». (Әтеш) Дидактикалық ойын: «Қайсы қалай дыбыстайды?» Ойын шарты: педагог үй жануарларының суреттерін көрсетеді. Балалар олардың атауын тауып, қалай дыбыстайтынын айтуы тиіс. Дәптермен жұмыс: «Қысқы баспана» ертегісімен балаларды таныстыру. - Орманда қандай аңдар өмір сүрді? - Олар күзде не тұрғызды? - Олардың үйіне нелер келді? - Қасқырлар неден қорықты? - Бұқа, қошқар, әтеш, мысық, шошқа қандай дос? Сергіту сәті: Озып кетсең егерде, Қуана бер, қуана. Бірімізді біріміз Ұстап алмай қоймайық. Кел, қошақан, екеуміз Қуаласпақ ойнайық. (Қимылмен көрсетеді). Мақал жаттау: «Береке түбі - бірлікте» - жоғары дауыс орта дауыс төмен дауыста айтылады. Қорытынды: - Үй жануарларына қандай көмек көрсету керек? - Үй жануарларының қандай пайдасы бар? - Үй жануарларының азығы не? - Үй жануарларына баспананы кім жасайды?






© 2010-2022