Салауатты өмір салты (5 сынып) тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Салауатты өмір салты (5 сынып) тәрбие сағатыСалауатты өмір салты (5 сынып) тәрбие сағатыСалауатты өмір салты (5 сынып) тәрбие сағатыСалауатты өмір салты (5 сынып) тәрбие сағатыСалауатты өмір салты (5 сынып) тәрбие сағатыТақырыбы: Салауатты өмір - денсаулық кепілі

Мақсаты:

Білімділік: денсаулықты сақтап, салауатты өмір салтын ұстану жайлы мағұлмат беру.

Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: жаман әдеттерден аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа және жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сөзжұмбақ, тақырыптың аты жазылған плакат, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, суреттер, шарлар.

Сабақтың түрі: ойын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, сайыс.

Сабақтың барысы:

Ⅰ.Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: "Салауатты өмір- денсаулық кепілі". Оқушыларға "Салауатты өмір салты"деген сөзге ассоциация құрғызамын.

Салауатты өмір салтыСуға түсу дұрыс отыру

тамақтану жаттығу

тазалық сақтау

Оқушыларға жаңа тақырыпты сурет бойынша түсіндіремін:

1.Ауыз қуысы- біздің денсаулығымызды сақтайтын жеріміздің бірі.Тісті біз таза ұстауымыз керек. Яғни, тісті күнде екі мезгіл тазалау қажет.

2.Тамақты өз уақытында, үш мезгіл ішуіміз керек. Сол кезде денсаулығымыз мықты болады. Тамақ ішер алдында қолымызды жууымызкерек.Тамақ адамға күш-қуат, ынта-жігер береді.

3.Суға апта сайын түсу бізге пайдалы. Бойымызды таза , ұқыпты ұстау дене мүшеміздің дамуына көп көмегін тигізеді.

4.Ұйқыны уақытында ұйықтап, таза желдетілген бөлмеде дем алуымыз қажет.

5.Партаға дұрыс отыру омыртқа - жотамыздың дұрыс дамуына көмектеседі.

Сондықтан кез-келген адам рухани әлеуметтік тұрғыдан денсаулығы мықты болуы үшін салауатты өмір -салтын ұстануы қажет.

Ⅲ.Топтық сайыс

" Кім тапқыр"ойыны

1.Доп дөңгелек қос шыны, 2. Асқар тауда, қалың орман, Бұзылмайды достығы. Кейде оны шөптей орам.(Шаш) Өмір бойы екеуі, Қол ұстасып өтеді.(Көзілдірік)

3.Сылдыр сұйық су емес, ішсең сусын қанады. Ақ болса да қар емес, шешуін кім табады?(Сүт)

4.Көрінбейді көзіңе, тіл қатпайды өзіңе Жағады ол күн сайын, балуандардың өзін де. (Ұйқы)

5.Күмбір-күмбір қарағым ,қартайғанша жарадың.(Құлақ)

6.Жанды мотор сынбайды, күні-түні тынбайды, Кейде оның жүрісін, дәрігерлер тыңдайды. (Жүрек)

7.Тау басында шөп шықты, Бір шыққанда көп шықты.(Бас пен шаш)

8.Оң жағымда бес сарбаз, сол жағымда бес сарбаз. (Он саусақ)

9.Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс бітер. (Қол)

Ⅳ Сұрақ - жауап

Сөз жұмбақ

1.Адамның басты байлығы не?

2.Дені сау адамның көңілі қандай болады?

3.Салауатты өмірдің несін сақтаймыз?

4.Деніміз сау болуы үшін не ішуіміз керек?

5.Сау денеде салауатты не болады?

6.Асқар тауда қалың орман , Кейде оны шөптей орам...

7.Жаны саудың.........сау.

Оқушылардың ойлау қабілеті мен жылдамдығын арттыру үшін 3топқа бөліп ден саулыққа байланысты мақал - мәтел жазғызамын

ⅤҚортынды :

Оқушыларды 3топқа бөліп "Егер де мен.... " ойынын ойнатамын .Ойын шарты бойынша 1 -топтағылар мұғалімдер, 2 - топтағылар спортшылар, 3 - топтағылар дәрігерлер болып ,"Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі" тақырыбына өз ойларын жазады .Соңында ізгі тілектер айтып бір - біріне шар береді .

Үйге тапсырма :Өздерінің бір күнгі күн тәртібін жазу



© 2010-2022