Урок по дуниетану на тему Әдебиет әлемінде (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

28.11.2015 ж

Тақырыбы : Әдебиет әлемінде

Мақсаты: Оқушылардың әдебиет пәнінен өтілген материалдарды

меңгеруін, білім деңгейін тексеру.

Міндеттері: 1) оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру;

2) ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, көркем әдебиетті сүйіп оқуға,

ізденімпаздыққа баулу;

3) оқулық пен қосымша материалдар деректерін пайдаланып,

ғылыми-танымдық әрекеттерін жетілдіру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер

Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтар
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
- Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 4 «Ә» сынып оқушыларымен өткізілгелі отырған « Әдебиет әлемінде» атты сайысына қош келдіңіздер!

Қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін барлық өнердің басы деп санаған. Сөз өнері -халық даналығының жемісі. Әдебиет -халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін,білімдерін,ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

Топты таныстыру.

Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,

Ренжімей тараса,озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау,-

Ендеше ,бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған әр ауылдан келген балалармен таныстырып кетейін.

(Әділқазылармен таныстыру)

-Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар: ...

Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

І. Ой анықтау

ІІ. Ой зерделеу

ІІІ. Ой іздену

ІҮ. Ой жалғау (ситуациялық сұрақ)

У. Мен өз ауылыммен мақтанамын

« Ой анықтау» кезеңі

-Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты «Ой анықтау» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде сіздерге әдебиеттік оқу пәні бойынша 10 сұрақ, әрқайсысына 10 ұпайдан беріледі.

Абай ауылы

1."Үш бақытым"өлеңінің авторы кім?

2. Лирика дегеніміз не?

3. «Жолда келе жатып, үлкен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астыңдағы қазыдай ...» Бұл қай шығармадан алынған

4.Айтыс дегеніміз не?

5.Батырлар жыры дегеніміз не?

6.Әсірелеу деген не?

7.Диалог дегеніміз не?

8. "Түркістан "өлеңінің авторы кім?

9. "Шешенің балаларын сүюі"өлеңінің авторы

10.Абылай хан қай жылы дүние салды?

Ыбырай ауылы

1. А.Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары.

2. "Өзен" өлеңі кімдікі?

3. Абайдың неше қара сөзі бар?

4. Ашу не? Ақыл не?

5. Өнер алды не?

6.Исатайдың серігі

7.Ағыбай батыр заманындағы хан.

8.Ағыбай батырға халықтың берген есімі?

9. "Қолшоқпар"сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

10. "Ғылым таппай мақтанба" өлеңіндегі жақсы қасиеттерді ата

Мұхтар ауылы

  1. Диуана сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Қарақожаұлы Қорқыт қай ғасырларда өмір сүрген?

  3. Омоним дегеніміз не?

  4. Теңеу дегеніміз не?

  5. Қауын мен Қарбыз ертегісінің авторы кім?

  6. Аққу,Шортан һәм Шаян кімнің аудармасы?

  7. "Қорқарың бар,қораға кірме"деген нақыл сөз кімнің шығармасында кездеседі?

  8. Абайдың өнер-ғылым туралы өлеңі.

  9. Тайбурыл - қай батырдың тұлпары?

  10. Ол туралы кітап жазған жазушы : "Иә,иә,сен қырдың түлегісің,қыран қырды аңсамай тұра ма?!" деп жазған болатын.

Мұғағали ауылы.

1.Батырлар жыры дегеніміз не?

2.Әсірелеу деген не?

3. «Әйел - Ана» ертегісінің авторы

4. «Үкі қасиетті құс саналып, оның балаң жүнін қыз-бозбала бөркіне тағатын болып-ты» - қай ертегіден алынған?

5. Домбауылмен шайқасқан батыр

6. Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз» деп сөз бастаған би кім?

7. Шешендік өнер деп нені айтамыз?

8. Қазына көтерген бала кім?

9. Лирика дегеніміз не?

10. Біздер қандай тарауды аяқтадық?
ІІ.Келесі кезеңіміз «Ой зерделеу» деп аталады. Бұл кезеңде 5-ке дейінгі сан берілген .Сол санның артында сұрақтар жасырулы . Соған назар аударайық.


  1. -Әй,тегіңнен айналайын жануар-ай.Боздай беруші едің.Еліңді сағынып жүр екенсің ғой.Әкем осы нарды Түрікменстанның Мары деген жерінен әкеліп еді.Ақыры міне,еліне кетіп барады. ...............................................................

  2. Алтын,күміспен көмкерілген ақ ордаларда отыра-отыра жалықтым.Енді маған әдемі қырналған ақ сүйектен,ылғи бас сүйектен,сарғаймаған жақ сүйектен сарай салынсын,-деп бұйырады.Сарайдың бірінші қабаты ......................................

3."Әкем тұмарымды көріп таныса да,қай елде екенімді біле алмас,бұған бір белгі салайын"деп өзінің қолын пышақпен шаншып қанатады да,қанымен тұмар үстіне жаудың таңбасын салады.

4.Қуанғаным сонша,алдымда тұрған дөңгелек қара сақалды дембелше келген адамды

құшақтап сүйіп алуға сол минутта әзір едім.Бірақ балалық,ұялшақтық жеңген мен іркіліп қадым.

5. Біреуге жақсылық етсең ол жақсылғыңды міндет етпе.

ІІІ. Келесі кезеңіміз «Ой іздену» деп аталады. Бұл кезеңде суретке қарап шағын әңгіме жазу. Әр топ тақтадағы суреттерге қарап әңгіме жазады.

1.Елбасы

2.Ақтау

3.Астана

4.Туған өлкем

Келесі кезеңіміз

ІУ кезеңіміз Ой жалғау«деп аталады. Бұл кезеңде топ басшыларына сұрақтар беріледі.

Егер мен .......... болсам. Өз ауылымда не жасай алар едім?

Соңғы бөлім әр топ өз ауылы туралы не айта алады. Топтық жұмыс.

Болмасын ешбір сын - өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке!

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.


© 2010-2022