Бастауыш сыныптарда интербелсенді әдістерді және интерактивті тақтаны пайдалану тиімділігі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ

ӘДІСТЕРДІ ЖӘНЕ ИНТЕРАКТИВТІ

ТАҚТАНЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ



Бастауыш мектепте интербелсенді әдістерді және интерактивті тақтаны пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу кезінде төмендегі сұрақтарға тоқтадық:

  • Интерактивті әдістер мен интерактивті тақта мұғаліммен оқушының өзара әрекеттестігінде ерекше функциялар атқара ма?
  • Интерактивті әдістер мен интерактивті тақтаны пайдалану сыныптағы өзара әрекеттестіктің қалыпты түрлерін өзгертеді ме?
  • Оқушылардың мектептегі сабақтарға белсенді қатысуына интерактивті тақтаны
пайдалану тиімді ме?
  • Мұғалім белсенді пайдаланатын интерактивті әдістер мен интерактивті тақтаның коммуникативті функциясы бар ма?
  • Сыныптағы балалардың бірлескен жұмысын қолдау үшін интерактивті әдістер мен интерактивті тақта пайдалы ресурстар болып табыла ма?
Зерттей келе біз төмендегі нәтижелерге қол жеткіздік: 1.Интерактивті тақта мұғалімге оқу бағдарламаларының мазмұнын жатық және біркелкі ұсынуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Мысалы, мұғалім алдын ала бейне жазбаны, содан соң тақтадағы жазбаша ескертпелерді көрсетеді, одан кейін балаларды тақтаға шығарып, суреттер мен мәтіндерге жауап беруді сұрайды және тақтада қорытынды шығарады. Енді осы барлық іс-әрекеттерді интерактивті тақтаға енгізуге болады. Мұғалімдер интерактивті тақтаны балаларды қызықтыру үшін және ақпаратты әртүрлі форматта бере отырып, олардың дамып келе жатқан түсінігін бағыттау мақсатында пайдаланады. Осы қызметтің кейбір түрлерін интерактивті тақтасыз өткізуге болса да, интерактивті тақтаның таныстырылымының икемділігі мен жылдамдығы басқа технологияларда өзіне ешкімді теңестірмейді. Бұл жоспарлауға көмектеседі. 2. Интерактивті тақтаны пайдалану сыныптағы өзара әрекеттестіктің қалыпты нысандарын өзгертпейді. Сыныптың алдыңғы бөлігіндегі тақтаның бекітілген жағдайы, барлық сынып сұрақтармен және жауаптармен алмасу үшін бүкіл назарды мұғалімге аударып, ортада болатын сабақ берудің әдеттегі стилін бекітуге бағытталған, ал тиімді оқыту оны басқа стильдермен және әрине, практикалық сабақтармен алмастыруды қалайды. 3. Интерактивті тақта оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын, сондай-ақ топтың қызметін ынталандыру үшін жақсы мүмкіндіктер ұсынады. Бұл жеке және ұжымдық жұмыс жасау үшін өте тиімді. Мысалы, мұғалімдер мен оқушылар сыныпта талқылауға қатысуды визуалды түрде белгілей алады. 4. Интерактивті тақта балалардың топтық қызметін ұйымдастыру үшін жақсы құрал бола алады, мысалы, мұғалімге балалармен бірге жұмыс істей отырып, өзара әрекеттесе және түсіндіре алатын қызықты, мультимедиялық ресурстардың жақсы құрылымдалған топтамасын жасауға мүмкіндік береді. Өзінің топтық жұмысы үшін интерактивті тақтаны пайдаланған балалар сыныптағы барлық жұмысқа жоғары деңгейде қатысады. Бірақ олардың интерактивті тақтаны тиімді пайдалануы мұғалімдердің оларды топтарда қалай жұмыс істеуіне дайындағанына байланысты болады, мысалы, олармен қалай сөйлеу мен бірге жұмыс істеудің «негізгі ережелері» бойынша келісу. 5. Бірақ, интерактивті тақтаның көлемі мен сыныптың қабырғасында биік орналасуы осы технологияны пайдалану кезінде балалар үшін қиындықтар туғызады. Интерактивті тақта мұғалім үшін ұсынатын сабақты олардың дамуына қарай кездесетін оқиғалардың әсерін мұқият жоспарлауды біріктіру үшін, мысалы оқушылардың жете түсінбегенін зерделеуге арналған ұсынылатын икемді мүмкіндігін ерекше атап өткен жөн. Мұғалімдер кез келген уақытта ресурстар есебінен алға да, кейін де жылжи алады, сондықтан ақпарат пен идеяларды жалпы визуалды жазбаларға, бірлесіп жасалған материалдар мен түсінуге арналған өзге де құралдарға қарай отырып, диалог пен талқылау жұмыстарын жүргізе алады. Сондай-ақ, мұғалімдер балалардың іс-әрекеттерін субституитивті «қолдай» алады, себебі олар қорлары мен іс-әрекеттерін интерактивті тақтада әзірлейді. Осылайша, мұғалімдер бұл технологияны балаларды оқытуда тиімді пайдалана алады. Интерактивті тақта нақты құрылымдалған, барлық қажеттті материалдармен қамтамасыз етілген сабақтарда пайдалануға болады, сондай-ақ олардың икемділігі мұғалімдерге сабақ кезінде болатын жағдайларға аяқ астынан әрекет жасауға көмектеседі. Біздің қорытындыларымыз төмендегідей: бойынша /Технологиялық қабілеті бар мұғалімдер интерактивті тақтаны және интербелсенді әдістердішығармашылық бағыттарда пайдаланады. Бұрынғы сабақты дайындау мен сабақ берудің ұзақ процестерін жылдамдатуға болады - және білікті шығармашыл мұғалімдер оларды, іс-әрекеттің кейбір ерекше тартымды түрлерін жасау үшін пайдаланады. Бұл құрал кәсіби тәжірибені, пән білімін және педагогикалық дағдыларды қажетіне қарай алмастыра алмайды. Интерактивті тақтанышығармашылық түрде пайдаланылуы оқушылардың белсенді қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктеріне ықпал етеді және сабақтарды алдын ала тартымды және қызықты етеді. Интерактивті тақтавизуалдық таңданарлық материалы арқылы жаңа ұғымдардың дамуына қарай мұндай таныстырылымды бейімдеу үшін ұсынатын объектілердің педагогикалық мәні зор. Бұл - білікті мамандардың қолындағы күшіне енетін негізгі аспектісі.
  • Интерактивті тақтаныенгізу шығармашыл мұғалімдер үшін оң нәтижелер береді.
  • Интерактивті тақтаныпайдалану оқыту әдістерін автоматты түрде өзгертпейді.
  • Интерактивті тақтаныңәлеуеті мұғалімдердің кәсіптік дамуымен тығыз байланыста болса ғана іске асырылатын болады.
Сыныптағы өзара әрекеттесудің инновациялық типтерін қолдау үшінинтерактивті тақтаның технологияларының әлеуеті барлық пәндер бойынша тиімді қолдануын дамыту және сыныптағы оқушыларды жұмысқа тартумен байланысты болған кезде ғана іске асырылады.



© 2010-2022