Открытый урок на тему Төрт түлік жырлары 3 класс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу 3 - сынып


Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға төрт түлік малдың төлдерінің атауларымен таныстыру, төрт түлік мал туралы түсініктерін одан әрі кеңейтіп, сабақ барысында сөздік қорын молайту.
2. Дамытушылығы:
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Төрт түліктің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі:
Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы: интерактивті тақта, төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмалар, ойын түрлері.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, ой - қозғау, шығармашылық жұмыс, пікірлесу, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
1) Психологиялық дайындық
- Балалар, кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұра қалайық. Біздің көңіліміз қай кезде көтеріледі? (сыйлық алғанда, ойнағанда, ата - анамыз еркелеткен кезде)
- Ал, ендеше балалар, бір - бірімізді еркелетіп көңілімізді көтеріп көрейікші.
(Ақылдым сол, қошақаным менің, құлыншағым, томпағым сол, ботақаным, алтыным менің, ай - күнім, әдемісің өзің, жарығым, періштем, әнім - сәнім сол, құндызым, жұлдызым)

ІІ үй тапсырмасын сұрау.
v Ал, енді, балалар ұяшықтарды таңдай отырып, үй тапсырмасын еске түсірейік. Бірінші ұяшықты кім таңдайды?
v Егер сендер, үй тапсырмасына толық жауап берсеңдер, жаңа сабағымыз не жайында болатындығын білесіңдер?
10 - ұяшық. Бесік жырының тәрбиелік мәні неде?
20 - ұяшық. Бесіктің қандай пайдасы бар?
30 - ұяшық. Бесік жырынан үзінді айтып бер.
40 - ұяшық. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.

ІІІ - Жаңа сабақ Төрт түлік жырлары.
- Ал, енді балалар тақтада қандай сурет шықты? Бұларды бір сөзбен қалай атайды? (Төрт түлік)Открытый урок на тему Төрт түлік жырлары 3 классОткрытый урок на тему Төрт түлік жырлары 3 класс

- Төрт түлік деген сөзді айтқанда көз алдымызда не елестейді? Ойымызды айтайық.

Открытый урок на тему Төрт түлік жырлары 3 класс

Төрт түлік туралы жырлар

Открытый урок на тему Төрт түлік жырлары 3 класс

- Төрт түлік жайлы не білетініміз жөнінде, ой қозғап көрейік.

Төрт түлік

Төлін тап

Дауысын ажырат

Малдың иесі

Малды шақыру





- Балалар, жақсы ой, тамаша пікірлеріңмен бөлістіңдер. Мен сендерге ризамын, жарайсыңдар!

Оқулықпен жұмыс:
Ал енді, оқулықтарыңды ашып, 1 оқушы - «Торы құлын» өлеңін, 2 оқушы - «Сиыр», 3 оқушы - «Қой» өлеңін іштей оқып шығыңдар. Балалар сендерге түсініксіз сөздер кездессе қарындашпен түртіп қойыңдар. 1 мин уақыт беріледі.
Әр оқушы тұрып, мәнерлеп оқып берсін.
1 - тапсрыма: Сендердің тапсырмаларың тақтада құлынның мүшелері баған түрінде жазылған, сендер теңеу сөздерді тауып тұсына жазасыңдар.
2 мин уақыт беріледі.
v Ал, енді, балалар өз жауаптарыңды тақтадан тексеріңдер.
Мойны - ...... /садақтай/ Көзі - ...... /моншақтай/Открытый урок на тему Төрт түлік жырлары 3 класс

Төбелі - ...... /жұлдыздай/ Құйрығы ...... /шашақтай/

Жүні - ...... /құндыздай/ Өзі - ...... /жұп-жұмыр/

Жалы - ...... /жібектей/ Ерні - ...... /жып-жымыр/

Саны -...... /білектей/ Даусы -...... /шіп-шіңгір/

- Кәне кім оқиды? Балалар, сендерге қандай түсініксіз сөздер кездесті. (Жұп - жұмыр, бұлтиып)
Жұп - жұмыр - тып - тығыз, тығыршықтай терісі тартылып тұр, артық ештеңесі жоқ, сымбатты, сұлу.
Бұлтиып - еркелеген бала сияқты, томпиып, бұртиып тұрған тұрысын айтады.

2 - тапсырма

Өлең жолдарын өз сөзіңмен түсіндіріп көр

Өлең жолдары

Мағынасы

Саздау жерге тоқтаған

Үй арасын қақтаған

Дауысы бар азандай

Желіні бар қазандай

Сергіту сәті:
v Ал, балалар, орнымыздан тұрып, біраз сергіп алайық

«Қошақаным» әнінорындау


Сөздік жұмысыОткрытый урок на тему Төрт түлік жырлары 3 класс

  • Жамыраған, аңыраған деген қандай сөздер?)
    - Бұл сөздердің мағынасын білетін балалар бар ма? Кәне кім біледі?

Жамыраған - қой мен қозының табысқан кезі

Аңыраған - қой мен қозының бөлінген кезі


IV. Сабақты бекіту:
Тапсырма:
- Ал енді балалар, сиыр, қой мен жылқыдан алынатын өнімдер кестесі бойынша жұмыс жасайсыңдар.

  • Жылқы, сиыр, қой дың адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
    1 - оқушы сиыр малынан алынатын өнім,
    2 - оқушы жылқы малынан алынатын өнім

3 - оқушы жылқы малынан алынатын өнім туралы жазамыз туралы жазамыз,

3 мин уақыт беріледі

(3 бағанын жеке - жеке, 3 балаға оқытамын)

Тапсырма

Төрт түлік туралы мақалдарды толықтырып жазып, жаттап алу.


  1. Ақсақ .... түстен кейін маңырайды. /қой/

  2. .... бойына сеніп жылдан құр қалған. /түйе/

  3. .... танадан өседі, /сиыр/

Адам баладан өседі.

  1. .... - ер қанаты. /ат/

V. Сабақты қорытындылау:
Тапсырма: Ақын болар ма екенсің?
v Өлең жолын жалғастырып көр, 3 мин уақыт беріледі
v Әр бала тұрып, өз өлеңдерін оқысын
( 1 - Ботақаным) ( 2 - Құлыншағым) ( 3 - Қой)

V. Бағалау:
- Сабақтың басында үлестіріліп берілген «Өзән-өзі бағалау» парағы бойынша оқушылар мұғалімнің әрбір тапсырмаға берген ұпай санына сүйене отырып, өзін-өзі бағалайды.

VI. Үй тапсырмасы:
1) Ешкі жырларын мәнерлеп оқу.
2) Төрт түлік туралы эссе жазу.

VII. Рефлексия: «Жайлау композициясы»
Жусаны мен жуасы бұрқыраған,
Өрісінде 4 - түлігі шұрқыраған - демекші, балалар мына жазиралы кең жайлауымызға не жетпей тұр? (киіз үй, малдар, гүл, біз)
- Кәне, бәріміз бірігіп жайлауымызды мал - жанға толтырып, жандандырып жіберейік...


© 2010-2022