Комбаттың әңгімесі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Камеденова Тұрсынай Қыдырбайқызы 4-а сыныбы Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Комбаттың әңгімесі.

Мақсаты:

А)Білімділігі: Оқушыларға қазақтың жазушысы Ниғмет Ғабдуллиннің еңбектері

және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлігі жайлы түсініктер беру.

ә)Дамытушылық: Оқушылардың ойларын анық жеткізуге, ой-өрісін, тіл байлығын,

шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б)Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, елін, халқын қорғай білуге,адамгершілікке,

ержүректілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі:

Көрнекілігі:

Сабақ барысы I.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

«Мен қандаймын?» Тренинг ойыны

Өз есімінің бірінші әрпін ала отырып, өзін лайықты, әдемі бір-ақ сөзбег жеткізу.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

II Үй тапсырмасын еске түсіру.

Топтық жұмыс

I топ

1.1941 жылы қандай оқиға болды?

2.Бауыржан Момышұлы кім?

3.Ол туралы не білеміз?

II топ

Батырдың өзі жазған ерлік туралы мақалдарын айт.

III топ

Мәлік Ғабдуллин кім?

Бауыржан атамыздың игерген қандай өнерлерін білесіңдер?

Сөзжұмбақ

Комбаттың әңгімесі.Комбаттың әңгімесі.

1.Болат қайнауда шынығады,

Батыр ... шынығады.

2.Батыр- елдің ...,

Бал құрақ- көлдің сәулеті.

3.Жүк ауырын ... көтереді.

Ел ауырын ер көтереді.

4... ер жеңсе- тасымас,

Жеңілсе- жасымас.

5.Отан ... отқа түс- күймейсің.

6.Жаңбырменен жер ...,

Батаменен ер көгерер.

Жаңа сабақ

ҒАБДУЛЛИН Нығмет (26.12.1927, Ақмола облысы Атбасар ауданы

Шұңқыркөл ауылы - 11.7.2005, Алматы қаласы) - филология ғылым

докторы (1972), профессор (1975).

Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері (1998).

Қазақ педагогика институтын (қазіргі Алматы мемлекеттік университетін) бітірген (1950).

1950-1969 жылдары республикалық баспасөз орындарында,

1962 жылдан жоғары оқу орындарында қызмет еткен.

1988-1997 жылдары Алматы мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі болды.

«Қазіргі қазақ әдебиетінде жаңа адамды бейнелеу проблемалары» деген

тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Әдебиет мәселелеріне арналған «Шығарма арқауы - шындық» (1968),

«Уақыт тынысы» (1981) зерттеулер кітабы,

«Замандас келбеті» (1972),

Әлия кім? Ол туралы бейне таспа арқылы тереңірек білетін боламыз.

Бейне таспа

Сергіту сәті

Гүлдей жайнап,

Күндей жайнап

Мен ержетіп толамын.

Әжем айтқан дәу жігіт боп

Ағалардай боламын.

Бір, екі үш.

Бойға жинап күш.

Шынығамын таңертең

Ағалардай Отанға

Солдат болам мен ертең.

Әлияның ұқыптылығы неден байқалады?

Өжет, үздік мерген екендігі ше?

Әлия қандай қыз?

Комбаттың әңгімесі.

Поэзия минуты

Дәптермен жұмыс

"

Бір айналым кезеңі" Оқулықпен жұмыс.

Сыр сандық

ВЛКСМ-Бүкіл Одақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы

Ствол- мылтықтың бөлшегі

Мойсеев-Әлия Молдағұлованың майдандағы бірінші командирі

Үйге тапсырма

1."Комбаттың әңгімесі" мәтінін түсініп оқу.

2.Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер жинастыр және олардан

сөзжұмбақ құрастыр.

3.Әлия туралы мәліметтер жинастыр.


© 2010-2022