• Преподавателю
  • Начальные классы
  • Математика сабағынан бір тақырыптық қысқа мерзімді жоспар. Тақырыбы Затардың пішіні. Пішіні бойынша заттарды салыстыру (1сынып)

Математика сабағынан бір тақырыптық қысқа мерзімді жоспар. Тақырыбы Затардың пішіні. Пішіні бойынша заттарды салыстыру (1сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Затардың пішіні. Пішіні бойынша заттарды салыстыру


Мақсаты

1.Білімділік: Заттарды ұзындығы, түсі, пішіні бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру.

3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ -жауап

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың көрнекіліктері: текше, сызғыш, ағаштардың суреттері.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

- Екі көз не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін керек.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл -кеңес тыңдау үшін керек.

-Екі қол не үшін керек?

- Елге көмек жасау үшін керек.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Туған жерге жету үшін керек.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1-ден 10-ға дейінгі ауызша санау жаттығулары (1-ден 5-ке дейін,6-дан 10-ға дейін, 3-тен 9-ға дейін, т.б.санау); әр қатардағы парталарды санау; «Эстафета» түріндегі ойындарды ұйымдастыру.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Жаңа материалды оқып -үйренуге дайындық жұмыс ретінде практикалық жұмыс ұйымдастырылады. Сөреге біртіндеп санай отырып, бір түстегі екі кішкентай текше және басқа түстегі үлкен бір текше қойылады: «Мына текшелерді солдан оңға қарай, оңнан соға қарай санандар. Бұл ойыншықтар туралы не айталасындар?»

Ары қарай үлестірмелі материалмен жұмыс жүргізіледі.

Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек - геометриялық фигуралармен жұмыс. Содан соң оқушылар геометриялық фигураларды салыстырады.

Осы материалмен санау және фигураларды топтастыруға ұйымдастыруға болады. Фигураларды мөлшері бойынша, содан соң түсі бойынша екі топқа бөлуді ұсынады.

Оқушылар осы сабақтан заттарды биіктігі, ұзындығы, ені, т.б. бойынша салыстырады (мұғалім мен оқушының бойы, үзілген жіптердің ұзындықтары, партаның биіктігі, қуыршақтардың мөлшері).

Оқулықпен жұмыс.

Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Оң жақтағы жоғарғы ұяшықта жұлдызша, сол жақта күн бейнеленген. Оң жақтағы төменгі ұяшықта ненің суреті салынған? Сол жақтағы төменгі ұяшықта ше? Кестенің ұяшығындағы суреттер бірдей болатындай етіп ,қарындашпен суреттерін сал.

Үйге тапсырма

Үлестірмелі кестемен жұмыс.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Математика сабағынан бір тақырыптық қысқа мерзімді жоспар. Тақырыбы Затардың пішіні. Пішіні бойынша заттарды салыстыру (1сынып)

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022