Қазак тілі Жалаң және жайылма сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Қазак тілі Жалаң және жайылма сөйлем №14 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Нуртазина К.С Сабақтың тақырыбы:Жалаң және жайылма сөйлем Сабақтың мақсаты: Білімділігі:Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру.Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемнен ажырата білуге үйрету; Дамытушылығы:Оқушылардың ой-өрісін,шығармашылық ойлау қабілетін,тілін,сөздік қорын дамыту; Тәрбиелігі:Ізденімпаз,өз ойын еркін жеткізе алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу; Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік,ізденушілік,топпен жұмыс Cыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану. Көрнекілігі:Слайдтар,кесте,суреттер Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Баршаңызды құрметтеп Бас иеміз біз. Оқушыларды түстерді таңдау арқылы 4 топқа бөлу.Топбасшысын сайлау. 1-топ: «Бастауыш», 2-топ: «Баяндауыш», 3-топ: «Тұрлаулы мүшелер», 4-топ: «Тұрлаусыз мүшелер». II.Өтілген материалды қорытындылау Үй тапсырмасын тексеру. 1.95-жаттығу.Бастауыш пен баяндауышты тауып,тиісті жеріне сызықша қою. Әр топ бір сөйлемнен талдайды. Бағдаршам стратегиясын қолдану. 2.Миға шабуыл. Ыстық сұрақтар (сұрақ-жауап) -Сөйлем мүшелері дегеніміз не? -Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? -Бастауыш дегеніміз не? -Баяндауыш дегеніміз не? -Бастауыш пен баяндауыштың арасына қандай жағдайда сызықша қойылады? -Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтаймыз? -Тұрлаулы мүшелерді ата. -Тұрлаусыз мүшелерді ата.
Ребус шешу.
Мағынаны тану. Оқушылар Негеш пен Білгішбектің арасындағы әңгімені оқиды.
1.Тірек сызбамен жұмыс
Жай сөйлем
Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем Бастауыш,баяндауыш Тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелер
Оқулықпен жұмыс. А)Көркем жазу Жж Жарғанат-жыртқыш құс. 1-тапсырма 98-жаттығу Жай сөйлемнің түрін анықта.Ол жай сөйлем бе ,әлде жайылма сөйлем бе? Топта талдау.Тақтамен жұмыс. Әр топ бір сөйлемнен жазады ,талдайды. 2-тапсырма .Постер құру 1-топ Жалаң сөйлемге, 2-топ жайылма сөйлемге,3-топ сызба бойынша сөйлем құрады,4-топ 2 тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемге құрады.. Сергіту сәті Мақалдың сыңарын тап Оқусыз білім жоқ , ..... Әдепті бала -арлы бала ,...... Жақсыдан үйрен,.....
3-тапсырма 99-жаттығу Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз. Топпен ақылдасу ,тақтаға жазу (әр топ 1 сөйлем)Сөйлем мүшесінің байланысын көрсету. 4-тапсырма Сәйкестендіру тесті Ұшақ биікке көтерілді. Жалаң сөйлем Айман мені кітапханада күтеді.

Күн жылынады. Керек-жарақтың бәрі бар. Жайылма сөйлем Әжем шұлық тоқыды. Бау байланды. (Бір-бірін тексереді.)


Сабақты қорыту. 1-топ Семантикалық карта Сөйлемдерді оқып жалаң не жайылма екенін ажыратып,+таңбасын қояды. Сөйлемдер Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
Күн жылынады. + Айман жақсы қыз. + Сабақ басталды. + Өнерлі өрге жүзеді. + Қаз қаңқылдайды. + 2-топ Венн диаграммасы Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем .Ұқсастығы екеуі де сөйлем,екеуінің де тұрлаулы мүшелері бар. 3-топ Көп нүктенің орнына кім?не? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазу. .........тоқылдатады . .......сұңқылдайды. ........ сөйлейді.
......... ұйықтайды. ........ түсіндіреді. .......... армандайды. 4-топ Синквейн 5 жолды өлең құрастырады. Зат есім Сөйлем 2 сын есім 3 етістік 4 сөзден тұратын сөйлем Синоним
Кері байланыс «Конверт» Жалаң ,жайылма сөйлемдер дегеніміз не? Оқушылардың білімі бағдаршам арқылы бағаланады.Топ басшысы стикерлерге әр оқушының атын жазып ,бағдаршамның үш көзіне орналастырады. Қызыл түс-5, сары түс -4,жасыл түс-3. Үйге тапсырма :101 -жаттығу (ережені жаттау)









© 2010-2022