Ашық сабақ. Әлеуметтік орта. Қатынас

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Білім беру саласы : Әлеуметтік орта . Қатынас . Оқу іс - әрекеті : Қоршаған ортамен танысу , Жапсыру . Тақырыбы : Жабайы жануарлар . Мақсаты : Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту . Жабайы жануарлардың ( аю , қоян , түлкі , қасқыр) сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету арқылы зейіндерін дамыту . Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу . Әдіс - тәсілдері : Түсіндіру , көрсету , әңгімелеу , үйрету , ойын , сұрақ - жауап . Көрнекілігі : Жабайы жануарлардың суреттері , үлестірмелі материалдар , үнтаспа . Қажетті құрал - жабдықтар : Түрлі - түсті қағаз , ақ парақ , желім , т.б. Сөздік жұмыс : Орманда тіршілік ететіндер . Биллингвальды компонент : Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян - заяц . Инклюзивті білім беру : Нұрасылға жабайы жануарлардың аттарын дұрыс атауды үйрету . Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті Мотивациялық - қозғаушы

Шаттық шеңбері Балалар , қане шеңберге тұрып , қонақтармен амандасайық . Қорбаңдаған аюдың , Құлпынайы бар екен . Теріп - теріп алайық , Қалтамызға салайық . Балалар бүгін біз жабайы жануарлармен танысамыз .

Балалар шеңберге тұрып қонақтармен амандасады .

Қимыл - қозғалыспен өлеңді айтады . Ұйымдастырушылық - ізденушілік Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын , сендер жауабын тапқан жұмбақтың шешуі болған аңдардың суретін тақтаға ілеміз . Жұмбақ . 1 . Қалқиып ұзын құлағы , Елеңдеп қорқып тұрады . 2 . Өзі айлакер , өзі қу , Жүрген жері айқай шу . 3 . Өзіне болған қорған , Орман ішінде бірақ Етеді қорбаң - қорбаң . Бұлар - жабайы жануарлар , олар орманда , далада , тауда тіршілік етеді және өз қоректерін өздері тауып жейді . Аюды сипаттайық , ол қандай ? Оның басы , денесі , төрт аяғы , екі құлағы бар . Түсі қоңыр . Аюдың баласын қонжық деп атайды . Ол балды жақсы көреді және қыс бойы апнында ұйықтағанды жақсы көреді . Бұл не балалар ? Қоянның ұзын құлақтары , төрт аяғы бар . Ол шөпті , сәбіз жегенді жақсы көреді екен . Қоянның баласын көжек дейміз . Түлкі - сары түсті жабайы аң . Ол орманда мекендейді . Түлкінің ұзын құйрығы бар . Ол өте қу , айлакер болады . Түлкінің баласын жәутік деп атайды . Бұл - қасқыр . Оның да басы , денесі , төрт аяғы бар . Қасқырдың түсі сұр , құйрығы ұзын , тісі өткір . Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды . Биллингвальды компонент : Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян - заяц . Балалар осы аңдардың ішінде қай жануар үлкен ? Ал ең кішкентайы қайсысы ? Психологиялық жаттығу . Балалар қорбаңдаған аюды бейнелейік . Қорқақ қоянды бейнелейік . Тақпақ айту .

















Сергіту сәті : "Қара жорға биі" Балалар енді жапсыру өнер орталығына барып аюды жапсырайық . Түрлі түсті қағаздан қиылған аю пішінін ақ параққа желімдеп жапсырамыз . Балалармен жеке жұмыс жүргізу . "Ішіне - сыртына" ойыны Балаларға үлестірмелі материалдар таратып беремін . Балалар аюды ішіне , қоянды сыртына салу керек .










Қоян



Түлкі



Аю Тыңдап отырады .



Аюдың суретіне қарап оны сипаттайды .

Қоян Қоянды суретіне қарап сипаттайды .

Түлкінің суретіне қарап сипаттайды .

Қасқырды да сипаттайды .



Балалар бірнеше рет қайталап айтады .

Аю Қоян

Аюдың жүрісін салады . Қоянның жүрісін салады .

Ұзын құлақ , сұр қоян , Естіп қалып сыбдырды . Ойлы - қырлы жерлерден , Ытқып - ытқып жүгірді . Мен көкжал қасқырмын , Малшыны састырдым . Аш болсам ұлимын , Ауылды торимын .

Балалар әуенмен билейді , қимылдар жасайды .

Балалар аюды жапсырады .





Балалар картошкаларды алып , ішіне , сыртына салады . Рефлексиялық - түзетушілік Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетінде алған білімдерін қорытындылау . Балаларды мақтап , мадақтау . Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады .







Күтілетін нәтиже Орындайды : Жабайы жануарлардың белгілерін байқап , оларды сипаттап айтуға арналған тапсырмаларды . Түсінеді : Жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді . Қолданады : Жабайы жануарлардың жүріс - тұрысын қимылмен келтіре білу дағдыларын және аюдың бейнесін жапсыра біледі .









© 2010-2022