Урок Апамның тілін алса егер

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:
Апаның тілін алса егер... Жақан Смақов
Сабақтың мақсаты: Ана тілі сабағында тыңдау, түсініп оқу, мәнерлеп нақышына келтіріп оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.
Білімділік: Дұрыс, түсініп оқуға, өлеңнің негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту.
Дамытушылық: Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, , адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, , ізденушілік .
Сабақтың көрнекілігі:суреттер,мақал-мәтел,слайдтар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.

Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Сәлем саған,достарым!

Сәлеметсіз бе,ұстазым!
1. Сабаққа балаларды дайындау.
2. Сабақ мақсатымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасы: сұрау, қорыту.
- Үйге не берілді? - «Айтшы, әжетай »өлеңін мәнерлеп,рөлге бөліп оқу.

2-оқушыдан рөлге бөліп оқыту
-Сұрақ арқылы қорытындылау

-Атасының мамандығы не?

-Нағашысының мамандығы не?

-Жеңгесінің мамандығы не?

-Ағасының мамандығы не?

-Жиен ағасының мамандығы не?

-Апасының мамандығы не?

-Жездесінің мамандығы не?

-Қараңдаршы қаншама мамандық түрлері бар.Сендер өскенде қандай маман иесі болғыларың келеді?

-Сонымен балалар әке жағының туыстарын қалай атаймыз?

-Шеше жағының туыстарың ше?
III. Жаңа сабақ
1. Кіріспе: - Бүгінгі өтетін жаңа сабағымызды сөзжұмбақ арқылы ашамыз.

СЛАЙД

Сөзжұмбақты шеш.

Ж

А

Қ

А

Н


1.Әкенің шешесі кім?

2.Әкенің әкесі кім?

3.Ер баламен бірге туған жасы кіші қыз бала.

4.Бірге туған өзіңнен жасы үлкен ер бала.

5.Ұлдың баласы.

Төркөздегі сөзді дауыстап оқыңдар. Жақан Смақов Ендеше,бүгін біз ол кісінің тағы бір өлеңімен танысамыз. «Апаның тілін алса егер...» Мақсатымен таныстырып өту. Ол кісі кім? Жазушы , ақын ,ұстаз

Смақов Жақан (1932 - 1974)
Смақов Жақан 1932 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Ынталы ауылында туған.

-Қазақтың балалар ақыны.Қазақ балаларына арнап көптеген өлеңдер жазған.Балаларды оқуға білімге

шақырған. - Қандай өлеңдерімен таныспыз? «Отан », «Айтшы ,әжетай»

IV.Оқулықпен жұмыс:

1.Мәнерлеп оқып беру

2.Өздеріне оқыту

3.Тізбектеп оқыту

Өлең салыстырмалы түрде берілген ,сұрақтар арқылы түсінгендерін тексеру.

V.Сөздік жұмысын жүргізу:

Шынашақтай - әлсіз,кішкентай,арық

-Өлең кімге арналған?Жалқау бала мен әдепті балаға арналған.

-Күшті болып өсу үшін нелер қажет? (Уақытылы тамақ ішу керек,ұйықтау спортпен айналысу керек)

-Дүниеде ең қымбат кім? (АНА

-АНА неден қымбат? (Бәрінен) Бәрі ұғымына не кіреді?

Ананың аялы алақаны,мейірімі,бізді еркелетуі,жақсы көруі ,анаға тең келер ешнәрсе жоқ.Ана біз үшін бәрінен қымбат.Біз тәртіпті ақылды болу үшін тәрбиені кімнен аламыз.Анамыздан ,әкемізден,ұстазымыздан.

-Егер балалар сендер тәртіпті болсаңдар аналарында,әкелерінде,ұстаздарында қуанар еді.Біз бәріміз қандай баламыз? Әрине,тәртіпті,ақылды,әдептіміз.

Әдептілік,жалқаулыққа байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

1.Әдепті бала арлы бала,әдепсіз бала сорлы бала.

2.Үлкенге құрмет,кішіге ізет.

3.Әдептілік ар-ұят адамдықтың белгісі.

VI.Сергіту сәті:

Достығымыз жарасқан,сыйлы біз баламыз.

Келісіп бәріміз татулық табамыз.

Білімді болмақ біз,бәрінде жеңеміз

Күндей боп күлімдеп,таудай боп өсеміз.

VII.Дәптермен жұмыс:

Мақалдың мазмұның ашып,жазғызу.

Жақсы бала ата-анасын мақтатар,

Жаман бала ата-анасын қақсатар.

-Апаның тілің алмайтын баланы кім дейміз? (жалқау,әдепсіз)

-Апаның тілің алатын баланы кім дейміз? (тәртіпті,әдепті)

VIII.Қортындылау.

Тақтадағы схемаға қараңдар. -Қазір,сендерге карточкалар беріледі соны мына балалардың қасиеттерне қарай қоясыңдар. Салыстырмалы түрде тіл алғыш бала,және тіл алмайтын балалардың қасиеттерін ажыратуларың керек.

Мерзіммен тамақ ішпейді.Көп ойнайды.Суға шомылмайды.Сабақ оқымайды.Әлсіз,күші болмайды.Қолынан ештене келмейді.

Уақытында тамақ ішеді.Дұрыс демалады.Суға күнде түседі.Сабағын жақсы оқиды.Қолынан барлық іс келеді.Спортпен айналысады

Апаның тілін алмайтын бала

Апаның тілін алатын бала

Не істейді?

Не істейді?

Не болады?

Не болады?

Апасының тілін алмайтын бала шынашақтай болады.

Апасының тілін алатын бала үлкен жігіт болады.

Хормен: Үйрен жақсы әдетпен

Ізгілікке әдеттен

Әрқашан әдерті,тәртіпті, үлгілі бала болайық.

IХ.Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу.

Х. Бағалау.


















































© 2010-2022