Отбасы - шағын қоғам

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы, Атырау облысы, Геолог поселкесі,

Қ.Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Дүниетану, 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Отбасы - шағын қоғам.

Сабақтың мақсаты: 1. Отбасы - әр адамның шағын отаны, отбасында

адамдардың алатын орны туралы түсінік беру, оқушыларға әке-

шеше, бауырдың қадірін білгізу.

2. Үлкендерден адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға,

жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан

жиренуге баулу.

3. Ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту,

сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамкорлыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, зерттеушілік, жеке жұмыс, тірек үлгілері.

Жабдығы: Н.Ә.Назарбаевтың сөзі, тірек үлгілері, эссе тақырыптары, топтау.

Жүрісі:

  1. Қызығушылықты ояту. Қонақтармен амандасу.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Психологиялық дайындық. Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір таза көңілмен,-

деп бүгінгі ашық сабағымызды бастаймыз.

  1. Мағынаны тану.

1/ Жұмбақ. Онда әкем, шешем тұрады,

Ата-әже, бауырым,

Бәрі бірге қосылып

Бір ұғымды құрады.

/Отбасы/

2/ Ой қозғау. Ал «отбасы» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ал «қоғам» деген не? /Әр топ өз пікірін айтады./

Үйге берілген тапсырманы интернеттен, кітапханадан, үлкендерден сұрау.

3/ Мұғалімнің түсіндірмесі.

4/ Балалар, сендер отбасында қандай міндеттер атқарасыңдар?

5/ Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді тізбектей 4 оқушы оқиды.

6/ Дәптермен жұмыс.

«Отбасы» дегенге әр топ анықтама береді.

Отбасы деген - бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.

7/ Ойын «Бәйге». Әр топ сұрақтарға тез жауап береді, жалаушалар-

мен бағаланады.

  • Отбасындағы баланың міндеті қандай?

  • Отбасы қоры қалай жиналады?

  • Туған-туыспен қарым-қатынас деген не?

  • Жер бетіндегі ең қымбат адам кім?

  • Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

  • «Отбасының басшысы» кім болады?

  • Нағашы жұрт деген кім?

  • Атаң мен әжеге сен кім боласың?

  • Үлкенді сыйласаң - ... /қадірлі боларсың/

Кішіні сыйласаң - ... /құрметті боларсың/.

  • Татулық табылмас - .../бақыт/.

8/ Жеке жұмыс. Эссе жазу. Тақырыптары:

а/ Ата, әже - асыл жандар.

ә/ Әке - отбасының қамқоршысы.

б/ Ана - отбасының құт-берекесі.

в/ Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.

9/ Ата-ананың балаға айтар тілегі. Балалар :«Рахмет!»

III. Ой толғаныс. Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік? Тірек үлгі.

Н.Ә.Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп тұрады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».

IV. Бағалау.

  1. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, жеті атаны жазып келу.



© 2010-2022