Урок по математике языку на тему Бірдей сандарды азайту

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по математике языку на тему Бірдей сандарды азайтуСабақ тақырыбы:Бірдей сандарды азайту.

Сабақ мақсаты:1.Бірдей сандарды азайтқандағы айырманың мәнін табу.

Бір амалмен шығарылатын есепті талдайды және

түрлендіреді,топта ондықтан аттап

екі таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын

жазбаша әдістерімен орындайды.

2.Дүниетанымын ,тіл байлығын,ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Ұлтық тәрбие беру.

Көрнекі құралдары:слайдтар,симантикалық карта,оқулық.

Әдіс-тәсілі:СТО ,түсіндіру,дәлелдеу.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру.

1-слайд.

«Ғажайып сәлемдесу»

Мұғалім: Оқушылар сәлемі

Мейірімді жүрекпен, Үлкенге сіз

Ақпейілді тілекпен, Кішіге де сіз

Амандасып алайық, Сәлем бердік сіздерге,

Бір жадырап қалайық. Құрметпенен біз.

2-слайд

Психологиялық дайындық.

«Күн шығару»

-Балалар не көріп тұрсыңдар?

-Күнді

-Балалар,күннің көңілі қандай?

-Күн бізге не береді?

-Дұрыс айтасыңдар,олай болса біздер де осы күн сәулесіндей бір-бірімізге өз жан жылуымызды сыйлайық,Бір-бірімізге сәттілік тілейік!

-Балалар,бүгінгі сабағымыз өзгешелігі біз топқа бөлінеміз.Барлық тапсырмаларды топ арасында талдауға беріледі және қай топ көп ұпай жинаса,жеңімпаз атанады.Бағалайтын жетондардың бағалану тәртібімен таныстыру, сары-5,көк-4, қызыл-3.

І топ,ІІ топ,ІІІ топ.

ІІ Өткен білімдерді қайталау.

3-слайд

1. «Блум» түймедағы (сұрақ-жауап)

-Не көріп тұрмыз?

-Түймедақ.Дәрілік шөп.

-Қалай пайдаланамыз?

-Олардың күлтелерінде қайталау сұрақтары жазылған,сол сұрақтарға нақты жауап береміз.

1.Қосудың қандай қасиеттерін білесің?

2.Тік төртбұрыштың қандай қасиеттері бар?

3.1дм= см

4.Шаршының қандай қасиеттері бар.

5.Бұрыш дегеніміз не?

6.1м= см

7.Қосу амалын қандай амалмен тексереміз?

8.1сағ= мин

9.Қосудың компоненттерін ата.

10.1тәул= сағ

11.Шаршының қабырғалары 3 см,периметрі қанша болғаны?

Өздеріміздің теориялық білімдерімізді көрсеттік, енді ауызша есептеу дағдыларыңды тексеру үшін мен сендермен «ыстық орындық»ойынын ойнаймын , яғни« ой ширату»кезеңі десек те болады ал ойларымызды жинақтап ойын ойнайық.

Ауызша есептеу:

І топ. ІІ топ. ІІІ топ.

19+9=28 42+38=80 55+12=67
37+7=44 28+32=60 85-65=20
55+8=63 100-25=75 50+36=86
50- 8=42 65-5=60 100-40=60
ІІІ.Жаңа сабақ кезеңі

4-слайд. Өткен сабақта бірдей сандарды қосуды үйренген болсақ,бүгін бірдей сандарды азайтуды үйренеміз .

«Білім кәрзеңкесі».

Урок по математике языку на тему Бірдей сандарды азайту

Осы сабақ та білетінімізді білім кәрзенкесіне салып отырамыз. Мұқият 172-бетке назар аударайық.

-Не көріп тұрмыз.?

-Не айта аламыз?

1.2тапсырмалар түсіндіру талдау.

Суреттен не көріп тұрмыз. Зергерлік өнер елімізде жақсы дамыған өнер.Суреттегідей зергерлік бұйым жасайтын адамды зергер дейді.Бірдей сандарды азайту тәсілдеріне тоқталу.Қапсырма ол әйел адамдардың сырт киімдеріне тағылады.(Неше қапсырма көріп тұрсыңдар төрттен неше адамға бөліп беруге болады.)Білезік әйел адамдардың қолға тағатын әшекей бұйымы.(Қапсырма мен білезікті) Білезікті калай бөлуге болады түсіндіру.

Зергерлік бұйымдар туралы айту.

3-тапсырма.

5-слайд

Оқулақтағы суреттерді пайдаланып,оқушыларға нәтижесін таптыру,түсіндіру,талдау.

Енді топта жұмыс жасай отырып,16,12,14, сандарын нөл шығатындай етіп мүмкін нұсқаларын қарастыру.

Топтық жұмыс.

4-тапсырма.» Есептер әлемі»

Есеп шығару.

Слайдтан көрсету.

-Есеп дегеніміз не?

-Не айта аласыңдар?

- «Есеп» деп -жауабы арифметикалық амалдардың көмегімен тұжырымдалатын сұрағы бар мәтінді айтамыз7

Оқушыларға талдату, айтқызу.

1.Есептің шарты

2.Сұрағы

3.Шешуі

4.Жауабы

Есептің мазмұнын оқу,талдау ,түсіндіру.

-Есептің мазмұнына мән берейік не жайлы айтылған.

Наурыз мерекесі туралы айту.

Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан ерте кезден өткізеді.Ал Маңғыстау өңірінде бұл мереке 14-наурыз күні тойланады.Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.Бұл мереке елімізді мекендейтін барлық ұлт өкілдері үшін үлкен мереке. Оқушылардың талдауы. 1топ 1амалмен шығарады , 2топ 2амалмен шығады, 3топ кері есеп құрастырады.

І топ. ІІ топ.

Ересектер-13адам Ересектер-13адам

Балалар-?49-ы артық Балалар-?,49-ы артық ∕?адам

Ш:13+49=62 (бала) Ш:13+ (13+49)=75

Ж:62 бала Ж:75 адам

ІІІ топ.

Балалар-62

Ересектер-?49 кем

Ш:62-49=13

Ж: Ересектер

Жаңа өздерің айтқандай есеп мәтіні халықтық мерекеміз Наурызға арналған осы мерекеде адамдар қандай көңіл күйде болады,.Олай болса әрбір күніміз көңілді болып өтсін деп орнымыздан тұрып сергіп алайық.

Сергіту сәті. «Көңілді күн»

Осындай көңіл күймен сабағымызды жалғастырайық ,ойланып тапсырма логикалық қабілеттерімізді көрсетуге дайынбыз ба,олай болса

«Тез ойла, тез ойна» логикалық қабілеттерін тексеру,кезеңіне кірісейік .

1-мысал. 12 алманы 4 тәрелкеге тең бөліп салды.Сонда әр тәрелкеге неше алмадан салынды?

2- мысал.Әжей шарадағы 4 л қымызды 4 кесеге тең бөліп құйды.Әр кесеге неше литр қымыз құйылды?

3-мысал.Аспазшы 10 тоқашты 2-еуден бөліп берді.Ол неше балаға бөліп берді?

5-тапсырма.»Теңдеулерді шешу» кезеңі.

Топтарға бөліп беру ,тақтамен жұмыс.

7-тапсырма.

Шығармашылық тапсырма

Бірліктерін қосқанда 17 шығатын,ал ондықтарын қосқанда бір таңбалы сан шығатын мысалдар орында,оның мәнін тап.

Жұптық жұмыс.

«Кел,ойнайық!»

Балалар, мен бір жұмбақ жасырамын кім шешуін тез табар екен,жұмбақ жасыру.

Санай алмай шаршадым,

Найзасы бар қанша мың.

Батыр емес бірақ та,

Қашып жүрер жырақта

(кірпі)

Жұмбақтың шешуін дұрыс таптық, табиғат пен жан-жануарлар жанданатын көктем мезгілі келе жатыр.Ерте көктемде саңырауқұлақ теруге шыққан кірпі кәрзеңкесіне саңырауқұлақтарды ретімен салуға көмектесуді өтінеді, көмектесейік балалар

ҮІ.Сабақты қорытындылау.

-Бүгінгі сабақта не үйреніп ,не білдік?.

-Қандай тапсырмалар орындадық.

Топтардың ұпайын санау, тақтаға жазу.

-«Білім кәрзеңкесі»

- Топтардың ұпай сандарын санау.

-Сабақ сіздерге ұнады ма?

-Балалар , сендердің алдарыңда сендердің бүгінгі сабақты қандай көңіл күйде аяқтағалы отырғызғандықтарыңды білдіретін 3 түсті смайликтер бар егер сабақ ұнаса сары түсті смайликті,сабақ орташа деңгейде болса жасыл түсті, ұнамаған болса қызыл түсті смайликті көтеріп оз бағаларыңды бере аласыңдар.

Урок по математике языку на тему Бірдей сандарды азайту

-Ал, бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймыз. Қорытындылау.




© 2010-2022