Қазақ тілі пәнінен күнтізбелік жоспар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ№


Тақырыбы: Етістік

Қазақ тілі 3 сынып
Мақсаты: Білімділігі: сөз таптарын еске түсіру, етістік туралы білімдерін тиянақтау, сөз, сөйлем құрастыру.
Тәрбиелілігі: бір - біріне жолдастық көмек көрсету, қолдау көрсету, марапаттау, ойларын ашық айтуға, бір - бірін әділ бағалауға үйрету.
Дамытушылығы: тіл байлығын дамыту, дүниетанымын кеңейту, қазіргі болып жатқан оқиғалармен байланыстыру.
Әдістері: Сұрақ - жауап, ойын, әңгімелесу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, т. б.
Түрі: топпен жұмыс.
Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық ЭКСПО - 2017жыл туралы әңгімелеу. Сочи қаласындағы олимпиада туралы балалардан сұрау.

Барысы: Мұғалім ЭКСПО - 2017 - де әркім туындыларын, ең шебер, ең көркем шыққан шығармаларын көрмеге ұсынатын болса, бүгін біз өз білім деңгейімізді додаға саламыз. ол үшін 3топқа бөлінеміз. (балаларды топқа бөлу, топ басшысын, көмекшісін таңдау)
Ережелермен таныстыру:
1. Мұғалімді тыңдау, тыныштық сақтау.
2. Бір - бірін тыңдау
3. Қысқа - нұсқа сөйлеу
4. Бір - біріне қолдау көрсету
5. Уақытқа бағыну.

Әр топқа тапсырма беру:
1 - топ: Сөз таптарын ата.
2 - топ:- Етістік дегеніміз не? мысал келтір.
3 - топ: Етістіктің түрлерін ата. мысал келтір.
№2 - тапсырма. Кітаппен жұмыс.
1 - топ: 7 жаттығу. Жұмбақ шешу етістікті табу, қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.
Жұмбақтың шешуі: Жапалақ. Жапалақ үкіге ұқсайды. Тұмсығы имек. Ол қараңғыда көреді. Күндіз қарауылдап отырады. Түнде тышқан аулайды.
2 - топ: тапсырма - Сұрақтарына қарай топқа бөліп жазу. Каллиграфиялық жұмыс жүргізу. Ж ж дыбысын бір жолға жазу. Дәптермен жұмыс. Тақтаға 2 оқушы шығару.
3 - топ: тапсырма. 9 жаттығу. Өлеңді жаттау, жазу. Сөздік жұмыс: төскейден таудың биіктеу беті, көк майса - көк шөп.
1 - топқа тапсырма - 10 жаттығу. Ұйқасын тап.
Тастан тасқа секіріп
Жем тереді Кекілік
2 - топқа тапсырма - Айбат шегер алыстан
Ақ патшасы арыстан
3 топқа тапсырма (қоянның суретін көрсету) Өз беттерімен ұқсас өлең жолдарын шығару.
Шығармашылық тапсырма
1 топқа тапсырма - ребус құрастыру, түсіндіру, етістік сөзін және етістікті білдіретін сөздерді жасыруға болады.
2 топқа тапсырма - 5 дара етістік, ойлап табу. Оны күрделі етістікке айналдыру. Мысалы: Ойнады - ойнап отыр. Болымды, болымсыз етістік туралы айтып кету.
3 топқа тапсырма - 4 жол өлең жолдарын құрастыру. (етістікті қатыстырып)
.............. Ойнаймын
.............. Тойлаймын

............... Сыйлаймын
Сергіту жаттығуын орындау.

Сабақты қорытындылау Бүгін қандай тақырып өттік? Нені үйрендік, нені білдік, нені білгіміз келеді?
Тапсырма:
1 - топқа: Астананың суретін салу (қорғау)
2 - топқа тапсырма: Бәйтеректің суретін салу.( қорғау)
3 - топқа тапсырма: ЭКСПО - 2017 (суретін салу, қорғау)
Сабақ соңында топ басшыларын, көмекшілерін шақырып, бағалау.
Үйге тапсырма





© 2010-2022