Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы

"Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ"



Тақырыбы:

Достық қымбат өмірде

1 сынып









Орындаған:

Оралова А.К.





















Көкшетау, 2014 Мектеп №8 ОМ Мерзiм 20.06.14 № 7

Тақырып: Достық қымбат өмірде.

Құндылық: Дұрыс іс-әрекет Қасиеттер:Қарым-қатынасты бұзбау, достыққа адал болу. Мұғалiм: Оралова А.К. Cынып 1 Оқушылар саны 21

Сабақ мақсаты: Оқушыларға шын достар арасындағы дұрыс іс-әрекет құндылығы жайлы түсінік қалыптастыру.
1. Білімділік: - - балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;
2.Дамытушылық- өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек карым-қатынастарын дамыту;
3. Тәрбиелік: - татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: Әдістемелік құрал, ғалам тор, оқулық, дәптер. Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.
  1. №1 Нұрға бөлену.


Сабақ барысын талқылау: Дәйек сөз. "Нағыз дос қиындықта танылады" Нағыз дос қандай болу керек? Достың нағыз дос екенін қандай жағдайлардан көруге болады?

Әңгiмелеу.

Қарлыгаш пен дәуіт

Ертегі

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспарыӨзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары


Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Азасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады. Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» - дейді. - Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жок, - дейді көкек. Қарлығаш ұшып қарғаға келеді. - Қарғажан, маған көмек бере ғөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, - дейді жылап тұрып. Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан: - Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! - дейді манғазданып. Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді. Қарлығашқа дәуіт кездеседі. - Достым, неғе жылайсың? - деп сұрайды ол қарлығаштан. - Ұлы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады. - Олай болса, мені тезірек жеткіз, - дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді. Дәуіт ұяға жетіп жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге күлап түседі. Дөуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады. Содан бері талай заман өтсе де, карлығаш пен дәуіт бір үяда түрып, бірге өмір сүретін болған екен.
1 сұрақ. Қарлығаштың басына қандай іс түсті? 2 сұрақ. Не себепті көкек пен қарғаны нағыз достар деп атауға болмайды? 3 сұрақ. Егер сендерден достарың көмек сұраса қайтер едіңдер? 4 сұрақ. Нағыз достықтың мәні неде деп ойлайсыңдар?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 4 топ Жағдаяттарды талдау Балалар суреттерге қарап, «Суреттегі кейіпкерлер бір-бірімен қайткенде достаса алады?» деген жағдаяттардың шешімін табуы тиіс. Суретте өздеріне таныс, мультсериалдардан көріп жүрген кейіпкерлер берілген. Олар үнемі бір-бірімен түсінісе алмай, бір-бірімен келісімге келмей, шым-шытырық оқиғаларға тап болып, кашан көрсең де бірін-бірі куып, бір-бірімен алысып жүретін кейіпкерлер..

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары Ендеше, балалар осы кейіпкерлерді достастырудың амалдарын тапқандары дүрыс. Оқушылар жағдаяттардың шешімін топпен бірлесіп іздестіріп, шешеді. Балалар өз шешімдерін жария етеді. Әр топқа бір суреттен беріліді.

  1. Үй тапсырмасы.1сыныпқа үй тапсырмасы берілмейді.

  1. Топпен ән айту.

Біз - өмірдің гуліміз

Сөзін жазған Ә. Дуйсенби

Әнін жазған Б. Ғиза Зеңгір көктен, Нұрын төккен Бал достыққа, Жолдастыққа, Шақырады әніміз, Ортақ біздің күніміз Жайдары өскен, Жайнап өскен Тыныштықта, Нұр құштық та, Бақыттымыз бәріміз! Біз - өмірдің гүліміз.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.
Көздеріңді жұмыңдар, бойларыңды еркін ұстаңдар, көз алдарыңа өз достарыңды немесе достасқыларың келетін адамдарды, олармен өткізген жақсы сәттеріңді естеріңе түсіріңдер. Осы жақсы сезімдеріңді жүректе сақтаңдар, достыққа берік болыңдар. Көзімізді ашамыз,бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Рахмет.


© 2010-2022