Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)













































Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі



Павлодар облысы



Ертіс ауданы, Ертіс ауылы



№2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі





Логикалық математика курсына арналған күнтізбелік жоспары мен дидактикалық ойындар және логикалық тапсырмалар.



Құрастырған: Бастауыш сынып мұғалімі

Қиашова Маржан Жұмағалиқызы





Ертіс ауылы, 2015 жыл


Түсінік хат


Математика ғылымы - шын дүниенің сарқылмайтын және мүмкін болатын сандық қатынастары мен кеңістік ғылымын зерттейтін ғылым. Бұл бағдарлама оқушыны математикалық курс бағдарламасындағы тапсырмалармен шектеп қоймай, табиғат берген қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасайды. Бұл пән оқушының өмірге таным, түсінігін молайтып, шығармашылық қабілетін шыңдап, ғылымға, ұшқыр ойлауға қызығушылығын ашады. Логикалық тапсырмаларды орындау барысында оқушы өздігінен ойланып, өз шамасын өзгелермен салыстыра отырып, ұшқыр ойлауға талпынады. Жеңілден қиынға, оңайдан күрделіге көшу, бірізді білім беру жүйесін шыңдай түседі. Берілген «Логикалық математика» пәнін оқу арқылы оқушыларды іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады, ақыл-ой деңгейін қалыптастырады. Бұл пән баланың бойындағы қорқыныш пен «қате жасап қоямын-ау» деген мазасыз ойлар төмендейді де, сенімділік пен тұрақтылық дамиды. Математика курсы баланың ой -өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшандылыққа, ойын дәлелдеуге үйретеді. Логикалық математика курсы аптасына бір рет оқытылады. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 2 сынып - аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат. Бағдарлама негізгі 3 бөлімнен тұрады. Әр бөлім оқушылардың ой өрісін жетілдіріп, санасын саралауына мүмкіндік алады.











Логикалық математика бағдарламасының мақсаттары:


  • математикалық білім, білік және дағдыны игеру;
  • математика курсының мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс- әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделу, сондай-ақ ата- дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты дүниежүзілік мәдени мұралармен үндестүру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру;
  • оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интелликтуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу;
  • мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындалуды жүзеге асыру.

Логикалық математика бағдарламасының міндеттері:

  • баланы тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізу;
  • математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып- білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
  • оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларын қалыптастыру.

Логикалық математика бағдарламасының зерттеу обьектілері:

  • теріс емес бүтін сандар нумерациясы;
  • аса маңызды шамалар мен олардың өлшем бірліктері;
  • арифметикалықамалдар және олардың қасиеттері;
  • есептеу тәсілдері және сәйкес бірлік пен дағдыларды қалыптастыру;
  • есеп және оны шешу процесі;
  • алгебраның элементтері;
  • геометрия элементтері.









2 сынып

Теріс емес бүтін сандар мен шамалардың арифметикасы - 8 сағат Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды шығарып алу туралы түсініктерін кеңейту. Санның ондық жүйеде жазылуындағы орнына байланысты цифрлардың мәнінің өзгеретіндігі. Шамалар, оларды өлшеу және салыстыру. Ұзындыққа, масса, сыйымдылық, уақыт аралығы және олардың өлшем бірліктері. Екі амалмен шығарылатын есеп және оның ерекшелігі. Қосудығы ауыстырымдылық және терімділік қасиеті. Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу. Қосудың дұрыстығын азайтумен, азайтудың дұрыстығын қосумен тексеру.

Алгебра элементтері - 14 сағат


Тура және тура емес сандарды теңдіктер мен теңсіздіктер туралы ұғымдарын қалыптастыру. Әріппен таңбаланған белгісізі бар теңдік ретіндегі теңдеу. Қарапайым және күрделі құрылымды теңдеулердің болатыны туралы түсінік беру. Жақшалы өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті. Қарапайым теңдеулерді тура теңдіктердің қасиеттеріне және қосу мен азайту кері амалдар болатынына сүйеніп шешу.

Геометриялық элементтері - 8 сағат


Геометриялық ұғымдарға анықтама беру. Сызықтардың түрлері және көпбұрыштың шекараларының тұйықтарған сынық сызықтар болатындығы. Бұрыштардың жіктелуі. Тік төртбұрыштың шаршы анықтамаларын, көпбұрыштың қабырғаларының қосындысының периметрі екенін білу.

Білім, білік, дағдыны тексеру- 4 сағат
Тест. Бақылау жұмыстары.









Қолданылған әдебиеттер:


1. «Бастауыш мектеп» журналдары. 2. Математика «Учись учиться». 2 кл. Часть 1.- Изд. 4-е. перераб. Л.Г.Петерсон. - М. Издательство «Ювента» 2011. 3. Математика «Учись учиться». 2 кл. Часть 2.- Изд. 4-е. перераб. Л.Г.Петерсон. - М. Издательство «Ювента» 2011. 4. Математика «Учись учиться». 2 кл. Часть 3.- Изд. 4-е. перераб. Л.Г.Петерсон. - М. Издательство «Ювента» 2011. 5. Математикадан 105 сабақ (жұмыс дәптері) 2 сынып - Құраст. Жаманғараева Н.Ә. Жазықбаева Ұ.П., Шымкент: ЖШС «Кітап», 2010.

6. Математика. 2- сынып. /өзіндік және бақылау жұмыстары. / өңделіп, қайта басылған. Құраст. Ерешева К., Нарымбетова А. - А. 2011. 7. Логика әлемі. 2-сынып оқушыларына арналған. Ерешева К., Ыдырысова Ш., Әденова Г. - А. өлке, 2011. 8. Интернет желісі.


























2 сыныпқа арналған «Логикалық математика» курсының

күнтізбелік жоспары


  • Мақсаты: 100 көлеміндегі сандарды және сәйкес шамаларды ауызша және жазбаша қосу, есептеу тәсілдері, санның құрамы, есептер құру, оларды әртүрлі тәсілмен шешу, шамаларды өрнектеу, күнделікті өмірде қолдана білу,геометриялық фигуралар туралы толық түсінік алу, оларды салу, салыстыру, көбейту және бөлу амалдарын оқуға даярлық жасау, кестелік қосу,азайту бөлімдерін меңгеру.
  • Меңгерілетін білім, білік, дағды: Бірлік, ондық, жүздікпен санау, амалдардың орындалу реті, жақшалы өрнектерді шешу, есептеу тәсілдері, өлшем бірліктері, геометриялық фигураларды өлшеу, сал. Олардың қасиеттері, санның құрамы, кестелік, кестеден тыс қосу, азайту, есептер, есептің құрылымы.

Р\с

Мазмұны

Сағат

саны

Өткізілетін

күні

1

Екі және үш таңбалы сандар туралы түсінік

1

2

Екі таңбалы сандардың ондық құрамы және олардың сәйкес жіктелуі.

1

3

Ондықтан аттап қосу және азайту.

1

4

Шамалар (ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт) және оның өлшем бірліктері.

1

5

Шамаларды өлшеу және салыстыру.

1

6

Екі амалмен шығарылатын есеп, оның ерекшелігі.

1

7

Математикалық қызықты есептер.

1

8

Екі және үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.

1

9

Білім, білік, дағдыны тексеру. Тест

1

10

Сандық ребустар мен есептеулер.

1

11

Екі және үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.

1

12

Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеті.

1

13

Сиқырлы фигуралар

1

14

Қосу ман азайту өзара кері амалдар.

1

15

Арифметикалық амалдардың орындалу реті.

1

16

Білім, білік, дағдыны тексеру. Бақылау жұмысы

1

17

Теңдік және теңсіздіктер. Логикалық есептер.

1

18

Теңдеу және оны шешу.

1

19

Қарапайым және күрделі теңдеулерді шешу және құру.

1

20

Жұмбақ есептер

1

21

Жақшалы өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті.

1

22

Қиындылардан фигура құрастыруға арналған логикалық есептер.

1

23

Белгісіз үшінші қосылғышты табуға берілген есептер.

1

24

Фигураларға анықтама беру. Өлшеу, салу, салыстыру.

1

25

Бұрыштар. Олардың айырмашылығы. Өлшеу, салу.

1

26

Білім, білік, дағдыны тексеру. Тест

1

27

Көпбұрыштардың периметрін әр түрлі тәсілмен есептеу.

1

28

Өрнектер құру. Амалдардың орындалу реті.

1

29

Көңілді тапқыштар сайысы

1

30

Эстафеталық ойлау есептері.

1

31

Масса, ұзындық өлшемдері. Оларды өрнектеу, амалдар қолдану.

1

32

Жұмбақ есептер

1

33

Білім, білік, дағдыны тексеру. Бақылау жұмысы

1

34

Өтілген материалды пысықтау. Қорытынды сабақ

1

1 сабақ



Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

1. Есепте:

а) 1+3 6-3 3+3 10-3

2+3 3-3 4+3 8-3

5+3 5-3 6+3 7-3

7+3 9-3 0+3 4-3

ә) 10+70 100-70 20+70 70-70

30+70 80-70 0-70 90-70

б) 20+50 60-50 10+50 50-5

30+50 80-50 50+50 90-50

40+50 70-50 50+50 90-5

30+20 80-50 0+50 90-50

в) 0+90 100-90 10+90 90-90

30+60 100-60 10+60 70-50

2. Сиқырлы сұрақтар:


1. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады?
2.Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады?

3. Ойлан, тап!


Қасқыр, Түлкі және Аю үш үйде тұрды: біріншісі -үлкен терезелі ақ үй, екіншісі - үлкен терезелі жасыл үй, үшіншісі - кішкентай терезелі жасыл үй. Егер Қасқыр мен Түлкінің үйлері үлкен терезелі, ал Қасқыр мен Аюдың үйі жасыл үйлер болса, онда әрқайсысының үйлері қандай?

4. 10 айырмашылығын тап!

«Аэрошана».

Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

2 сабақ




  1. Есепте:

Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

32+3 42-1 21+4

71+4 77-6 45+3

66+3 18-7 27+2

2.Тиісті санды тауып қой:

17 +□=19 19- □=17 48+□ =49

23+□=27 35-□=31 32+□=38 14+□=19 29-□=22 37 -□=32

3.Салыстыр:

а) 75∞73 25∞21 92∞95 64∞67 12∞18 84∞88 76∞71 73∞71

ә) 39∞39-4 73∞73+2 37∞37-5

54∞50+5 33∞30+2 70∞69+1

4. Сиқырлы сұрақтар:

5. Ойлан, тап!Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?

  • Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

  • Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

  • Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

Қарлығаш, Майра және Нағиманың етіктері бар. Біріншілері -биік және қызыл, екіншілері биік емес және көк, ал үшіншісі - биік емес және қызыл. Қарлығаш пен Нағиманыкі - биік емес, Ал Нағима мен Майранікі - қызыл. Кімнің етігі қандай?

Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

3 сабақ




  1. Тиісті санды қой:

а) 6+◊=8 20+◊ =40 40+◊ =41

9 -◊=3 30-◊=10 64-◊=63

4+◊=7 50+◊=70 25+◊=26

0+◊=9 80-◊=60 90-◊=89

ә) 39+◊=40 29-◊=28 49+◊=50

73+◊=74 32-◊=31 60-◊=59

85+◊=86 69-◊=68 29+◊=30

93+◊=94 25-◊=24 47+◊=4

2. Салыстыр:

а) 15◊16 18◊19 69◊70

19◊18 23◊24 74◊73

30◊29 46◊46 89◊89

63◊64 46◊47 96◊99

ә) 70*70-1 18*18-1 60*60-1

32*32-1 34*34-1 72*72-1

б) 1дм1см◊12см 44см◊4дм

2дм3см◊23см 90см◊9дм1см

5дм9см◊58см 89см◊9дм

3. Сиқырлы сұрақтар:

  • Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5)

4. Есепті шығар:Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)

а) Арман 14 жаста.Ол інісінен 1 жас үлкен.Інісі нешеде?

ә) Қаз 6 кг, ал үйрек одан 2 кг жеңіл.үйрек қанша тартады.

б) Ешкі 30кг тартады, ал қой одан 20кг ауыр. Қой неше кг?

Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

4 сабақ






  1. Есепте:

а) 28+2+9 39+2+50 48+2+7

41-2+20 21-2+30 30-2+60

ә) 19+3 80-3 18+3

28+3 12-3 38+3

17+3 21-3 47+3

20+3 60-3 58+3

б) 59+3+1 21-3-1 39+3+1

38+3+1 29+3+1 41-3-1

в) 56+(37+3) 86-(69+3) 77-(48+3)

98-(41-3) 97-(39+3) 64+(17+3)

2. Есептерді шығар:

а) Айшаның бойы 15дм, ал Сәлиманың бойы одан 1дм биік.Сәлиманың бойы қанша?

ә) Зәуре 7 жаста, ал Серік одан 1жас үлкен.Серік неше жаста?

б) Маржанның әкесі 40 жаста.Ол Маржаннан 30 жас үлкен.Маржан неше жаста.

3. Ойлан, тап!

Тамыздың 3 күнінде әр түрлі ауа райы болды: 2, 5, 10. Бірінші күні суық және жаңбырлы, екінші күні жылы және жаңбырлы, ал үшінші күні жылы және құрғақ болды. 2 және 10 тамызда жылы, ал 5 мен 10-да жаңбырлы болды. Әр күні қандай ауа райы болды?

4. 10 айырмашылығын тап!

«Үнді патшасы».

Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

5 сабақ



Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)




1. Минут арқылы өрнекте:

1) 1 сағ 5 мин; 1 сағ 8 мин; 1 сағ 15 мин;

2) 1 сағ 12 мин ; 1сағ 20 мин; 1сағ 3 мин;

2. Сағат пен минут арқылы өрнекте:

1) 70мин , 69 мин 92 мин,

2) 75 мин, 68 мин, 79 мин,

3) 80 мин, 66 мин, 85 мин,

3.Сағат арқылы өрнекте:


  1. 1 тәул .3 сағ; 1тәул.10 сағ

1 тәул.5 сағ 1 тәул12 сағ;

4. Тәулік пен сағат арқылы өрнекте:

1) 26сағ 35 сағ 29 сағ

2) 30сағ 34 сағ 27 сағ

5. Ойлан, тап!


  • Серік, Марат, Қанат және Батырдың доптары бар. Біреуі - былғары және үлкен, екіншісі - былғары және кішкентай, үшіншісі резеңке және кішкентай, ал төртіншісі қоңыр. Марат пен Қанаттың доптары кішкентай, Марат пен Батырдың доптары былғары болса, әрқайсысының доптары қандай?


  • Мойнақ Алааяққа қарағанда жиі, ал Бөрібасарға қарағанда сирек үреді. Қай ит жиі үреді.







Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

6 сабақ


1.Мына сандардың бір таңбасын бір жолға, екі таңбасын екінші жолға теріп жаз.




А) 30, 48, 29, 1, 12, 9, 7, 36, 4, 91

Ә) 6, 73, 81, 5, 14, 17, 8, 62, 75, 0

Б) 45, 37, 92, 7, 60, 6, 74, 80, 1

В) қырық тоғыз; он; жиырма; алпыс төрт; қырық; он тоғыз; он бір;

Г) елу; тоқсан; бес; жетпіс екі; елу үш;

2. Есепте:

а) 10+30-20 30-30+80

40-20+30 60-40-20

70+20-90 70-30-40

ә) 30-30+5 30+20+0 7+0+4

8-8+40 9-9+90 60-60+5

б) 74+1+1 38+1+0 39+1+1

62-1-1 23+1+1 41-1+20

3. Ойлан, тап!



  • Егер жылқы қоянға қарағанда аласа, ал жирафтан биік болса, онда ең биік қай жануар?


  • Марат Қуанышқа қарағанда мектепке жақын, ал Батырға қарағанда алысырақ тұрады. Кім мектептен алыс тұрады?





Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)





7 сабақ

1.Ай арқылы өрнекте:


1) 1жыл 1ай 1 жыл 5 ай

2) 1 жыл 10ай 1 жыл 6 ай

3) 1жыл 7 ай 1 жыл 11ай

2. Жыл мен ай арқылы өрнекте:




1) 13 ай 18 ай, 20 ай

2) 15 ай 19 ай, 21 ай

3.Мына сандардың қосындысын жаз, есепте:

1) 20 мен 5-тің; 3 пен 40-тың;

2) 50 мен 2-нің; 4 пен 30-дың;

4.Мына сандардың айырмасын жазып, есепте:





  1. 77 мен 7-нің 19 бен 9-дың; 95 пен 90-ның

5. Сиқырлы сұрақтар:


  • Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма?

  • Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма?

8 сабақ

1. Мына сандардың ондықтары мен бірліктерін, барлық бірліктерін разрядтық бірліктерін ата:




Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

а) 15, 73, 94, 30, 42, 64, 37, 83

б) 18, 69, 71, 40, 45, 74, 93, 69

2. Есепте:

20+7-1 72-2+8 70-4+8

19-9+5 79-9+60 31-1+6

49+1+8 62-2-40 45-5+6

3.Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.




44= □□+□ 54=□□+□

63= □□+□ 33=□□+□

28= □□+□ 39=□□+□

4. Ойлан, тап!

Үш қыз жануарлардың суреттерін салды. Сонда 2 иттің және 1 мысықтың суреті шықты. Қамар мен Ләйла және Майра мен Ләйла әр түрлі жануардың суреттерін салды. Кім ненің суретін салды?

9 сабақ
Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

Тест


  1. Мына сандардың ішінен 8, 40,10, 9, 20, 2, 1, 50, 7 - бір таңбалы сандарды өсу ретімен жаз.
а) 10,20,40,50 ә) 1,2,7,8,9 б) 9,8,7,2,1
  1. 1 метрде қанша сантиметр бар?
а) 10см ә) 100см б) 1 см
  1. Суреттегі сызықты ата:
а) түзу ә) сәуле б) кесінді
  1. 5 онд = бірл.
а) 5 ә) 50 б) 10 5. Азайғыш 9, азайтқыш 3, айырманың мәнін тап: а) 6 ә) 5 б) 4 6. Өрнектердің арасына тиісті таңбаны жаз: 18-10 * 8+10 а) < ә) > б) = 7. Мараттың 30 дәптері бар еді. Біреуін Айжанға берді. Маратта қанша дәптер қалды? а) 31 дәптер ә) 30 дәптер б) 29 дәптер 8. Қосындының мәнін тап: 40+30 а) 60 ә)80 б)70 9. Суретте неше үшбұрыш бар? а) 2 ә) 3 б) 1
10. Теңдеуді шеш: 6-х =3 а) х =3 ә) х =6 б) х =2 11. Ондықтары 6-ға тең болатын сандар қайсы? 96, 76, 69, 67, 86, 61, 16, 36,56 а) 96,76,86 ә) 16,56,36 б) 69,67,61 12. Бос орында қай сан тұрады? 90- = 10 а) 70 ә) 80 б) 90 13. Салыстыр: 90+1 * 90-1 а) > ә) < б) = 14. Амалды орында: (9-2) + 3 а) 4 ә) 9 б) 10 15. Ең кіші екі таңбалы сан неше ондық, неше бірліктен тұрады? а) 1 ондық, 1 бірлік ә) 1 ондық, 0 бірлік б) 1 ондық, 9 бірлік 16. 43см = дм см а) 40дм 3 см ә) 4 дм 30см б) 4 дм 3 см 17. а+4 Бұл қандай өрнек? а) әріпті өрнек ә) санды өрнек б) теңдеу 18. Ең үлкен екі таңбалы сан қайсы? а) 90 ә) 99 б) 10 19. а мен 30-дың айырмасын жаз. а) 30-а ә) а+30 б) а-30 20. Сыйымдылықты немен өлшейді? а) сағат ә) литр б) килограмм

10 сабақ


Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

1. Қызықты тапсырмалар:


  • Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?

  • Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?

2. Ойлан, тап!Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны - он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?



  • Төрт дос бос уақытын әр түрлі өткізді: біреуі кітап, екіншісі радио, ал қалған екеуі телевизор қарады.Егер Батыр кітап оқыса, Игілік не істеді, Дамир мен Игілік және Рашид пен Дамир бос уақыттарын әр түрлі өткізсе, әрқайсысы не істеді?


  • Марат, Самат, Игілік және Қуаныштың үш қармағы және бір спиннингі бар.Егер Самат пен Қуаныштың және Қуаныш пен Мараттың құралдары әр түрлі болса, онда әрқайсысы нені ұстады?

3. Ребустар:

Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

11 сабақӘдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)




1.Мына сандарды ата, жаз:

а)

1онд.3бірл; 2онд.4 бірл; 5онд.6 бірл; 7онд.1бірл; 4онд.6 бірл; 8онд.5бірл

9онд.2бірл; 3онд; 4онд.5бірл;

ә) 5онд.4бірл 1онд.5 бірл;

4онд; 5онд.2 бірл;

7онд.6бірл; 5онд.5бірл;

б) 2бірл.2онд; 1бірл.5онд;

4бірл.1онд; 5онд.2бірл;

9бірл.1онд; 5онд.5бірл;

2.Мына сандарды цифрмен жаз:

а) жиырма бес; отыз алты;қырық екі; жүз; алпыс төрт;

ә) он жеті;қырық төрт; отыз екі; алпыс жеті; он бес; елу тоғыз;қырық;

б) жиырма үш;қырық төрт; елуүш; алпыс; он үш;қырық тоғыз;

в) елу төрт; сексен үш; жиырма екі; алпыс екі; тоқсан екі;

3. Ойлан, тап!


  • Марат пен Батыр жазда демалуға барды: біреуі - ауылға, екіншісі - теңізге барды. Егер Батыр теңізге бармаса, Марат қайда демалды?

  • Қуаныш, Бекзат және Серік кітап оқып отыр: біреуі -саяхат, екіншісі - соғыс, үшіншісі - спорт туралы оқыды. Қуаныш спорт туралы емес, ал Бекзат соғыс және спорт туралы емес. Сонда әрқайсысы қандай кітап оқып отыр?










12 сабақ
Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)


  1. Есіне сақта!



  • 9+10+1=(9+1)+10 = 20
    5+6+4+2 = (6+4)+ (4+2) = 16

  • Көршілес қосылғыштарды олардың қосындысымен ауыстыратын болса,үш және одан да көп қосылғыштардың қосындысы өзгермейді.

2. Есепте:


80+60+40 70+50+30 80+20+90

50+90+50 10+20+80 60+10+40

3. Математикалық диктант


  • 24 пен 10 сандарының айырмасынан 3- ті азайт;

  • 70 мен 30 сандарының қосындысына 4-ті қос;

  • 80 бен 20 сандарының қосындысына 5-ті қос;

  • 55 пен 5сандарының айырмасынан 20-ні азайт;

  • 90 бен 10 сандарының қосындысына 6-ны қос;

  • 66 мен 6 сандарының айырмасынан 10-ді азайт.

4. Ойлан тап!

  • Нағима, Батима, Ғалия және Разия жеміс ағаштарын отырғызды: біреуі - алма, екіншісі - алмұрт, үшіншісі - өрік, ал төртіншісі - шие отырғызды. Егер Батима шиені, Ғалия алма мен шиені, ал Разия өрік отырғызса, онда әр қыз қай жеміс ағашын отырғызды.


  • Ақ тышқан қорадан үйге, ал сұр тышқан үйден қораға қарай бір уақытта жүгірді. 5 минуттан ақ тышқан сұр тышқанға қарағанда үйге жақындады. Қай тышқан баяу жүгіреді?

13 сабақӘдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)


1.Тік төртбұрыш және шаршы салу:






  • Мынадай тік төртбұрыш сал:

1) Ені 2см,ұзындығы 4см;

2) Ұзындығы 5см, ал ені одан 4см қысқа болатын;

3) Ені 4см, ал ұзындығы одан 2см артық болатын;

4) Ені 6см, ал ұзындығы екі еселенген еніне тең болатын;

  • Мынадай шаршы сал:

1) Қабырғасы 1см-ге тең болатын;

2) Суреттегі кесінді ұзындығы 2 см деп алып, қабырғасы сондай екі кесіндінің ұзындығына тең болатын;

2. Сиқырлы сұрақтар:

1. Ең кіші үш таңбалы сан.
2. Қабырғалары тең тіктөртбұрыш.
3. Ондықтан құралған сандар.
4. Бір таңбалы сандар.
5. Кеміту амалы.
6. Геометриялық фигура.
7. Бұрыш түрлері.
8. Уақыт өлшем бірлігі.
9. Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз.
10. Бір минутта неше секунд бар.

3. Ойлан, тап!

«Терезені сындырған кім?» деп сұраған мұғалімнің сұрағына балалар былай жауап берді: « Терезені Дамир емес, Талғат сындырды.», Дамир айтты: « Терезені Талғат не Пернебек сындырды», Талғат: « Терезені Дамир сындырды», Мұғалім екі баланың шын, ал бір баланың өтірік айтқанын білді. Кім терезені сындырды?

14 сабақ
Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

    1. Есепте:



76 - 34 85 - 32 42+35 56 - 24

37+41 94 - 52 31+42 81+17

2. Математикалық диктант:


  • 2 ондықтан 5 бірлікті кеміт;

  • 2 ондықтан 4 бірліктен 9 бірлікті азайт;

  • 8 ондықтан 9 - ға арттыр;

  • 1 онд. 7 бірл. болатын санды көрсет;

  • 17 бірлікпен 3 - тің қосындысынан 6 - ны азайт.

3.Ойлан, тап!



  • Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?

  • Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған?

4. 10 айырмашылығын тап!

«Бунгало».

Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

15 сабақ



  1. Еспете:


а) 48+(24+6) 72-(45+6) 70+(17+6) 72+(19+6) 77-(56+6) 98-(51-6) Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)
ә) 56+(37+3) 86-(69+3) 77-(48+3) 98-(41-3) 97-(39+3) 64+(17+3)

2. Есепті шығар:


  • Автобус Алматыдан Талдықорғанға дейін 6 сағат жүреді, ал жеңіл машина одан 2 сағат бұрын жетеді.Жеңіл машина неше сағатта жетеді.?

  • Жүрдек поезд Алматыдан Шымкентке дейін 15 сағат, автобус одан 3 сағат кем, ал жеңіл машина автобустан 3 сағат кем жүреді. Жеңіл машина неше сағат жүреді?

  • Алматыдан Қарағандыға дейін поезбен 18 сағатта, ал ұшақпен одан 16 сағат бұрын жетуге болады. Ұшақ неше сағат ұшады?

3. Ойлан, тап!

Үш дос қыз кездесті. Біреуі қара көйлек, екіншісі қызыл, ал үшіншісі ақ көйлек киген екен. Егер Сәуленің көйлегі қызыл да, қара да емес, Дананың көйлегі қызыл болса, онда Қатираның көйлегі қандай?

4. 10 айырмашылығын тап!

«Велосипедші».

Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып) Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

16 сабақ





І - нұсқа ІІ -нұсқа

1. Амалдарды орында.

(14+14)-20 (19+18)-1

85-(40+20) 44-(40+4)

72-(15+15) 100-(44+56) (44+3)-7 (18+4)-10

2. Салыстыр 3кг+2кг*4кг 100кг-30кг*80кг 1дм+3см*13см 5дм+6дм*100см

800кг-400кг*1000гр

2ц+4ц*7ц

8дм-2дм*60см

4 кг+6кг*500гр



3. Есепті шығар, оған кері есеп құра:
Қоймада 50кг көкөніс болды. Бірінші күні 30кг сатылып, екінші күні тағы 15кг әкелінді. Қоймада енді неше кг көкөніс болды?

Дүкенге 30 бума торкөзді40 бума жолды дәптер әкелінді. Оның 20 бумасы сол күні сатылды. Дүкенде неше бума дәптер қалды?
4.Теңдеуді шеш. х+32=72 81-х=80

56+х=90 78-х6=0



5.Тиісті жақшаларды қой. 81-1+20=100 62-50+2=10

100-60+40=0

19+18-7=30

.

.

17 сабақӘдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

1.«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп:



Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.

Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман -жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
«Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен.

Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу?

2. Ойлан, тап!


  • «Мысықты кім әкелді?» деген анасының сұрағына қыздары былай жауап берді: Айжан: «Бұны Ләззат істеді». Ораз:
«Мысықты Тоқсұлу әкелді». Айжан: «Мен емес». Тоқсұлу: «Ораз мен әкелді деп жалған айтты». Анасы балаларының тек қана біреуі шынын айтқанын білді. Ол кім?
  • Қарлығаш, Майра, Ләззат және Зәуре әр спорт түрімен айналысты: үшеуі ұзындыққа секірді, ал біреуі биіктікке секірді. Майра мен Ләззат және Ләззат пен Зәуренің әрқайсысы әр спорт түрімен айналысса, әр қыз қай спортпен айналысты?


18 сабақӘдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)



1.Теңдеуді шеш:

1. а+50=70 70+х=90

18-х=10 с-50=10

41+а=52 х+35=56

2. 59-х=30 х-17=29

37+х=65 х-27=45

52-а=19 29-b=5

3. 231+a=717 a+50=680

х+187=635 a-472=356

4. x-24=93-27 760-x=660-280

х+241=340+86 670-x=180-40

5. x+540=760-90 x-340=270+40

2. Ойлан, тап!


Есепті кесте сызу арқылы шығару керек. Жүріруден өткен жарыста Батыр, Ғалым және Дулат жүлделі үш орынды жеңіп алды. Егер Ғалым екінші мен үшінші орын алмаса, ал Дулат үшінші орын алмаса, әр бала қай орындарды алды?







19 сабақ



1.Күрделі теңдеудің шығарылу жолын табу,талдау,түсіндіру.Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)



х-57=32-12 х-29=60-59 х-15=20+10

х-38=44-13 х-45=90-60

2. Есепті теңдеу арқылы шығар:


  • Қой 15жыл өмір сүреді, ол қояннан 5жыл артық өмір сүреді. Қоян неше жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.


  • Қой 15жыл өмір сүреді. Ал қоян одан 5жыл кем өмір сүреді. Қоян неше жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.


  • Қоян 10 жыл өмір сүреді. Ол қойдан 5жыл кем өмір сүреді.

Қой неше жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.

3. Ойлан, тап!


  • Мараттың айтуынша, оның жасы 10-нан көп емес және 10-нан аз емес. Мараттың жасы нешеде?


  • Сен нешедесің?-деп сұрағанда, Еркін:-Егер ең кіші үш таңбалы саннан ең кіші үш таңбалы санды азайтып, оның оннан бір бөлігін алсаң, менің жасымды табасың,- деп жауап берді. Еркін нешеде?


  • Ағасы мен қарындасы бірге 20 жаста, ағасы қарындасынан 2 жас үлкен, ағасы неше жаста, қарындасы неше жаста екенін есепте.









Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

20 сабақ

Жұмбақ есептер

«Торғай нешеу?»



*Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер?

* Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?



*6 алманың 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады.

*Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?


*11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы?


*Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде?

*100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады.




21 сабақ


1.Өрнектерді оқу, олардың мәнін табу:







а) 83-(45+5) б) 35+5-20 г) (82-13)+3

ә) 37+(26-6) в) 50+25+5 ғ) (25+35)-15

2.Амалдарға жақша қойып, дұрыс шешімін тап:




26+32-16 93+12+16-35

72+13-47-94-76 36+29-19

3. Ойлан, тап!


Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген. Шешесі неше сәбіз жеген?Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

4. 10 айырмашылығын тап!


«Турист». Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

22 сабақ




Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

1. Тікбұрыш салу:

  1. Тікбұрыш сал.


  1. Тікбұрыштың бір қабырғасының бойынан оның төбесінен 3 см қашықтықта жатқан нүктені белгіле.


  1. Тік төртбұрыштың ені -14см, бұл оның ұзындығы 11 см қысқа.Тік төртбұрыштың ұзындығы қанша?


  1. Сынықтың бір кесіндісінің ұзындығы 22 см, ал екіншісінің

ұзындығы одан 3см ұзын. Сынықтың жалпы ұзындығы қанша?


  1. Өрнектердің мәндеріне сәйкес жақшаларды жаз:

3+2+60=65 60+70-50=80 20-40-30=10

90-50+20=20 70-60+40=50 30+20-40=10

2. Ойлан, тап!

Ерзат саяжайдан алма жинады. Барлық жиналған алманың үштен бір бөлігін, яғни 12 алманы Айгүлге, ал қалғанының үштен бір бөлігін және

1 алманы Әйгерімге берді. Ерзаттың өзінде 15 алма қалды. Ерзат қанша алма жинаған еді?











23 сабақӘдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)


1.Өрнекті жаз және есептеп шығар:





2.Көпбұрыштардың периметрін табу:


1. 45 бен 13-тің айырмасынан 8-ді азайт.
2. 75 мен 12-ның қосындысына 9-ды қос.
3. 28 бен 14-тің қосындысы 32 мен 26-ның айырмасынан қаншаға көп?
4. 33-ке 16 мен 9-дың айырмасын қос.
5. 66 мен 8-дің айырмасын 7-ге арттыр.
6. 21 мен 29-дың қосындысын 22 мен 12-нің айырмасынан кеміт.


3.Тест


1.Бір қабырғасы 6 см, 4см болатын шаршының периметрін тап?
Мысалы: Р=a+a+a
Р =5см+5см+5см+5см=20см

1. Құрамында 9 ондықпен 5 бірлігі бар санды тап?
а) 15 в) 95 с) 59 д) 55
2. Ең кіші екі таңбалы санды тап?
а) 9 в) 12 с) 44 д) 10
3. 40+35 өрнегінің мәнін тап?
а) 65 в) 70 с) 85 д) 75
4. 1дм= см бар?
а) 1см в) 20см с) 10см д) 100см
5. 50 - 20+3+4 өрнегінің мәнін тап?
а) 65 в) 38 с) 83 д) 74

4.Ойлан, тап!


  • Сағат 22-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің көзі жарқырап тұруы мүмкін бе?


  • Дүкенде 19 теңгеге сауда жасадық, бiрақ сенде кiлең 3 теңгелiктер бар. Ал сатушыда кiлең 5 теңгелiктер. Тығырықтан шығар жол барма?






24 сабақ

«Санды тап» ойыны.



Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

  • Мен бір сан ойладым, егер одан 20 - ны азайтсақ, нәтижесі 50 болады. Мен қандай сан ойладым?

  • Мен бір сан ойладым, егер одан 10 - ды азайтсақ, нәтижесі 2 болады. Мен қандай сан ойладым?

  • Мен бір сан ойладым, егер одан 40 - ты азайтсақ, нәтижесі 20 болады. Мен қандай сан ойладым?

  • Мен бір сан ойладым, егер одан 8 - ді азайтсақ, нәтижесі 2 болады. Мен қандай сан ойладым?

2.Өрнекті жаз және есептеп шығар:




  • 90 мен 50 - дің айырмасына 8 - ді қос.

  • 80мен 30 - дың айырмасына 7 - ні қос.

  • 60 пен 50 - дің айырмасына 40 - ты қос.

  • 70 пен 40 - тың айырмасынан 20 - ны азайт.

  • 50 - ге 90мен 80 - нің айырмасын қос

  • 60 - қа 50мен 30 - дың айырмасын қос.

3. Ойлан, тап!


  • Отбасында 10 бала бар. Ең үлкені 20 жаста, әр келесі баланың жасы 2 жасқа кіші. Ең кіші бала неше жаста?


  • Айдос үйдің 6-қабатында тұрады, ал Жандос осы подъездің
    3-қабатында тұрады. Егер Айдосқа дейін 60 баспалдақ болса, Жандосқа дейін неше баспалдақ бар?








25 сабақ







Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

  1. Сиқырлы сұрақтар:



  • Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді?


  • Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады?


  • Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді?


  • Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі.Ләззат 7 жігітпен,Гүлзат 8 жігітпен,Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мереке келген барлық жігітпен би биледі.Мерекеде қанша жігіт болған?

2. 10 айырмашылығын тап!



«Сиқырлы үйшік».


Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)




26 сабақӘдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)


Тест


1. 20 мен 2-нің қосындысына 50-ді қос. Мәнін тап. А) 70 Ә)22 Б)72 2. Ең үлкен бір таңбалы санды тап: А) 1 Ә)9 Б)10 3. 1сағ.7мин= мин.өрнектеп көрсет: А) 60минут Ә)67минут Б)76минут 4. Бірінші кесіндінің ұзындығы 7см, ал екінші кесіндінің ұзындығы одан 4см қысқы. Екі кесіндінің ұзындығы неше см? А) (7+4)+7=18см Ә)(7+7)+4=18см Б)( 7-4)+7=10см 5. Қосындыны белгілеп көрсет: А) 17-9 Ә)6+9 Б)17-7 6. Тік төртбұрыштың периметрін тап: А) 8см 3см Ә)4см 1см Б)7см 7. Мәнін тап: 48+5= А) 73 Ә)63 Б)53 8. Тік төртбұрыштың номерін көрсет:
1 2 3

А) 1 Ә)2 Б)3 9. Салыстыр: (7+1)+4 * 7+(4-1) А) > Ә)< Б)=


10. Өрнектің мәнін тап: (50+40)-70 А) 4 Ә)8 Б)20 11. 48см= дм см. Бос орынға тиісті сандарды қой. А) 4дм 8см Ә)8дм 4см Б)40дм 8см 12. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін көрсет: А) 1+(9+1) Ә)(9+1)+9 Б)98 +1=1+98 13. 7-нің құрамын көрсет: А) 6 мен 0 Ә)5 пен 1 Б)4 пен 3 14. Қандай бұрыш көрсетілген? А) сүйір бұрыш Ә)доғал бұрыш Б)тік бұрыш 15. Бос орынға тиісті санды қой. 17=8+ А) 8 Ә)9 Б)7 16. 6 мен 9-дың қосындысынан 8-ді азайт. Мәнін тап: А) 15 Ә)16 Б)7 17. 90мен а-ның айырмасы.мұнда а=40. Мәнін тап. А) 60 Ә)50 Б)70 18. Дәулетте 9 қарындыш бар еді. Ол екеуін досына берді. Өзінде неше қарындаш қалды? А) 5 Ә)6 Б)7 19. Теңдеуді шеш: 6+х=13 А) х=7 Ә)х=6 Б)х=5 20. 9дм 2см= см А) 9см Ә)90см Б)92см








Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

27 сабақ





1.Периметрін тап:


  • Периметрі 29см үшбұрыштың бір қабырғасы 12см, екіншісі 8см. Үшбұрыштың үшінші қабырғасы қанша?


  • Үшбұрыштыңекіқабырғасы 24 дмжәне18 дм, ал периметрі 71дм.

Оның үшінші қабырғасы қанша?


  • Үшбұрыштың бір қабырғасы 19см, екінші қабырғасы 15см, ал периметрі 51см.Үшбұрыштың үшінші қабырғасы қанша?


  • Үшбұрыштың екі қабырғасы тең.Олардың әрқайсысы 8см-ден, ал периметрі 21см .Үшбұрыштың үшінші қабырғасы қанша?


  • Қалауыңша тіктөртбұрыш сыз. Қабырғаларының ұзындықтарын өлше. Олардың қосындысын тап.


  • Қабырғалары 3 см және 6 см болатын тіктөртбұрыш сыз.

  • Қабырғалары 2см ,8 см болатын тіктөртбұрыш сыз.

Оның периметрін тап.

28 сабақ







Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

1. Өрнектің мәнін тап:






1. Қандай сан 5-тен 8 есе көп болады?
2. 45 санын 9 есе кеміт.
3. 36 мен 4-тің бөліндісін тап.
4. 8 бен 3-тің көбейтіндісін тап.
5. Бөлінгіші - 32, бөліндісі - 4. Бөлгішті тап.
6. Бірінші көбейткіш - 6, көбейтінді - 30. Екінші көбейткішті тап.
7. Қандай санды 7-ге бөлгенде 8 шығады?
8. 50 саны ойланған сан мен 5-тің айырмасына тең. Ойланған сан неше?
9. 32 шығуы үшін қандай санды 4-ке арттыру қажет?
10. Азайғышы - 61, айырмасы - 18 болғанда өрнектің азайтқышы

нешеге тең болады?

2.10 айырмашылығын тап!

«Қар үй».

Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)


Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

29 сабақ

1.Сиқырлы сұрақтар:









1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 сағатта неше минут бар?
3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.
4. Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме?
5. Мектептегі 45 минут?
6. Оқу жылының алғашқы айы қандай?
7. Азайту амалының компоненттерін ата?
8. 3 пен 9 - дың көбейтіндісі?
9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?
10. Санды сол санның өзіне бөлсе..
11. Қосудың нәтижесі қалай аталады?
12. 1 ғасырда неше жыл бар?
13. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.
14. Периметрді қалай табамыз?
15. Мектептегі 10 минут?
16. Қыс айларының алғашқы айы қандай?
17. Бөлу амалының компанеттерін ата?
18. 3 пен 7 - нің көбейтіндісі?
19. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу?
20. Кез келген санды бірге көбейткенде...

2. Ойлан, тап!


Тоқсұлу бесінші, ал Орынкүл сегізінші қабатта тұрады. Жамиля мен Сымбат Орынкүлден төмен, бірақ Тоқсұлудан жоғары тұрады. Жамиля Сымбаттан төмен тұрады. Қыздар қай қабатта тұрады?







30 сабақӘдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)





Сиқырлы сұрақтар:



  • Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?

  • 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?

  • 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?

  • Бір айда 5 жексенбі бола ма?

  • Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?

  • Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек?

  • Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?

  • Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?

  • Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

  • Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?

  • Марат кешкі сағат 10 - да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 - ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?

  • Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?

  • Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?

  • Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?

  • Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

31 сабақ




1.Есепте:





50ц - 2ц 80т -54т 99кг + 1кг 70г + 23г 60т - 12т 28т + 36т Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

2.Ойлан, тап!

  • Лифт 150 кг көтереді. Салмақтары 60кг, 80кг, 80кг, 80кг.Төрт адам жоғары қабатқа көтерілу үшін лифт неше рет көтерілуі керек?


  • Сайран, Абыл, Тұманбай, Бердіхан төртеуі таразыға түсіп, салмақтарын анықтады.Сонда өлшеу нәтежелері-37 кг.,42 кг.,39 кг., және 40 кг. болды. Абыл Сайраннан ауыр, бірақ Бердіханнан жеңіл, ал Тұманбай Сайраннан жеңіл.Бұл балалардың салмақтары қандай?


  • Геологтар әрқайсысының массалары 1кг, 2кг, 3кг, 4кг, 5кг және 6кг болатын алты тас тауып алды. Тастарды үш қапшыққа салды, оларды әрқайсысындағы тастардың массасы бірдей болатындай етіп, қалай бөліп салуға болады?

3. 10 айырмашылығын тап!

«Археологтар». Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)



32 сабақ



Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

Қызықты әзіл-есептер





  • Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?


  • Қосарлап жегілген ат-арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді?


  • 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?


  • Бір килограмм темір мен бір килограм мақтаның қайсысы ауыр?


  • Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды.Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?


  • Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?


  • Батыржанның төрт ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Батыржанның неше баласы бар?


  • 8-наурызда екі шешей мен екі қызына, әжей мен немересіне үш орамал сыйға тартылды. Бұл қалай?


  • Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен кім атап шығады?


  • Алдында 1, артында 2, артында 1, алдында 2, біреу екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келе жатты. Барлығы неше қаз бар?

33 сабақ





Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)





І нұсқа

ІІ нұсқа

1. Есепте.

42+30 84-40 (75-5)+20

62+3 45-23 64-(11-7)

13-7 6+8 8+(63-3)

74+20 56-56 30+(25 -20)

1. Есепте.

34+60 47-30 (56 - 6)+40

32+7 87-72 38-(11-3)

15-8 9 + 4 50+(64-60)

43+35 28-28 9+(97-7)

2. Есепті шығар.

Спортзалда 30 қыз бала және

36 ұл бала болды. 40 бала кетіп

қалды. Спортзалда неше бала

қалды?

2. Есепті шығар.

Дүкенге 36 қызыл шар және 40

көк шар әкелінді. 50 шар сатыл-

ды. Неше шар қалды?

3. Өрнекті жаз жөне оның мөнін

тап.

50 санына 16 мен 6 сандарының

айырмасын қос.

3. Өрнекті жаз және оның мөні

тап.

70 санына 23 пен 3 сандарының айырмасын қос.

4. Қабырғасы 4 см және 5 см бо-

латын тіктөртбұрыш сыз. Пе-

риметрін тап.

4. Қабырғасы 3 см және 6 см

болатын тіктөртбұрыш сыз.

Периметрін тап.

5. Теңдеуді шеш.

а+20=45 х-5=20 56-х=6

5. Теңдеуді шеш.

а+30=56 х-7=80 38-b=8










Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)

34 сабақ

1.Ойлан, тап!


Қайықпен екі бала жүзіп жүрді. Оларға үлкен кісі келіп, келесі жағалауға шығаруларын өтінді. Қайыққа 2 бала немесе 1 үлкен кісі міне алады. Балалар ақылды еді, сондықтан олар шешімді тез тапты. Сен таптың ба? 2.«Дүкен» ойыны





Дидактикалық мақсаты: Ауызша есептеуге қарапайым түрде күнделікті өмірмен байланысты жаттықтыру. Ақшаны ұсақтап үйрену. Құралдар: Дүкеннің өзіне тән заттар ,(көкөніс, оқу құралдары т.б.) оның жазылып алынған бағалары, жасалған тиындар мен ақшалар.Таразы, есепшот,әр түрлі бұйымдар. Мазмұны: Оқушылардың ішінен сатушы, кассир, тексерушілер жеке шығады.қалған балалар сатып алушылар болады.Бұйымдардың бәрінің бағасын жазып, іліп қояды.Сатып алушылардың қалаған заттарын көрсетіп, чектерін алып келсе, соны есептеп затын беріп тұрады.Бағылаушылар оларды тексеріп тұрады. Осылайша ойын жалғасып отырады. Рольдерін ауыстырып отырса ойын қыза түседі.

10 айырмашылығын тап!

«Сайқымазақ».


Әдістемелік құрал Логикалық математика (2 сынып)


© 2010-2022