Тақырып: «Тәуелсіздік таңы». Мақсат: Оқушыларда патриоттық сезімдерін оятып, Отанын сүюге, елін, жерін құрмет тұтуға баулу

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мәртөк ауданы

Жайсаң орта мекебі.

Тәрбие сағаты:

«Тәуелсіздік таңы».

Бастауыш класс мұғалімі:Разакова Алтынай Куралбаевна

2012-13 оқу жылы.

Тақырып: « Тәуелсіздік таңы». Мақсат: Оқушыларда патриоттық сезімдерін оятып,Отанын сүюге,елін,жерін құрмет тұтуға баулу.Еліміздің жеткен жетістіктеріне қуаныш,мақтаныш сезімдерін ояту. Тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру,елін,жерін сүйіуге, Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын үйрету.Желтоқсан оқиғасының шығу тарихы,оның маңызы туралы үйрету.Жалпы қабілеттілікті дамыту,әдебиеттер мен қосымша көрнектілікті тиімді пайдалану. Көрнектілік: «Тәуелсіздік таңы» монументі суреті,ел рәміздері, Астана қаласының суреттері,Елбасы портреті,Азияда ойындарының суреттері,бейне ролик, дәйексөздер,сөз жұмбақтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а)Сынып ұраны айтылады: Біз тәуелсіз елдің ұландарымыз, Көгінде самғар қырандарымыз! ә)Сөз жұмбақ шешу. 1)Өрмекші құрды тұзақ Менің ұлтым ... /қазақ/ 2)Аман болсын қарттар, Суық болар ... /қаңтар/ 3)Құт-береке жауғыз Елімізге ... /наурыз/ 4) Ашытылған қамыр, Мерекелі ай ... /мамыр/ 5)Суда жүзер сазан, Айдың бірі ... /қазан/ 6)Биіктеуде жас қала, Бас қаламыз ... /Астана/ 7)Менің досым салмақты, Бұрынғы астанамыз-... /Алматы/ 8)Партаның бетін жырмаң, Гүзде басталады .../қырман/ 9)Тынықтырар күн, Қуаныш силар .../күн/



Қ



А

З

А

Қ




С

Т






А

Н




Сөз тіркестері: Қазақстан - тәуелсіз ел!

Иә,балалар Қазақстан- тәуелсіз ел. 1991 жылы 25 қазаннан бастап Қазақстан егемендік алып,өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасты.Сол кезден бастап қазақ елі дербес ел екендігін білдіруші өз рәміздеріне ие болды және тұнғыш президентін сайлады.

Өзге елдермен достық қарым-қатынас орнатты.БҰҰ,ЕҚЫҰ

сыяқты халықаралық ұйымдарға ағза болды. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз армандап кеткен Тәуелсіздік күні заңды түрде тарихқа енді.Ал бұл Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ.Қазақстан Тәуелсіздігі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан бастау алады.Кеңес заманында қазақ халқының бас бостандығының болмауы,Д.Қонаевтың орнынан алынып,сырттан Г.Колбиннің әкелінуі,қазақ мектептерінің көптеп жабылуы, еркіндікті аңсаған қазақ жастарының бостандық,теңдік үшін көтерілуіне себеп болды.Бұл жағдай барша қазақтардың патриоттық сезімін оята түсті.Алайда бұл көтеріліс аяусыз түрде,күшпен бастырылы.Аяусыз ұрып-соғулар,абақтыға жабулар,оқу орнынан қуылулар,жұмыс орнынан шығарулар соның дәлелі. Желтоқсандағы көтеріліске Қ. Рысқұлбеков,Л. Асанова,Е.Сыпатаев сияқты жастар қатысты.Көтеріліс бастырылған соң Қ.Рысқұлбеков ату жазасына кесілді.

1986 жылы 16 желтоқсанда азаттықты аңсаған азамат-

тардың армандары болған тәуелсіздік күнін елбасының

бастамасымен 16 желтоқсанда мерекелеуді ұсынған

болатын,сондықтан16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» деп белгіленді. (Интерактивті тақтадан Болат Шарахымбайдың «1986 жылдың желтоқсаны» бейне ролигі көрсетіледі. Онда сол кездегі ұрып-соғулар,әскерлердің іс-әрекеттері,жазаланғандар жайлы айтылады.) Тәуелсіздік бізге оңай келмеді, Бұны бізге аяп ешкім бермеді. Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың, Тас көшеде тас талқан боп өлгені. Ақталды боздақтардың ақ талабы, Әділ іс әрқашанда ақталады. Ел үшін жанын қиған асыл жандар, Ел есінде мәңгілік сақталады. (Оқушыларға Қайрат,Ләззат,Ерболдың портреті көрсетіледі.) Тәуелсіздік үшін жанын қиған осындай қазақ перзенттерін халқымыз ешқашан ұмытпайды.Оларға арнап 2006 жылы 18 қыркүйекте Алматы қаласында Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші ашылды.Ескерткіштің ашылуына Елбасымыз Н.Назарбаев қатысты.Ескерткіште оң қолына желбіреген орамал,сол қолына символдық құс ұстап алға ұмсынған әйел бейнесі халықты бірлік пен ынтымаққа шақырудың белгісі іспетті.Бұл барша қазақ халқының Желтоқсан оқиғасы мен Қазақстан Тәуелсіздігіне тәу ететін қасиетті де,қастерлі орны болып саналады.(Интерактивті тақтадан «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші жайлы слайд көрсетіледі.) Тарихта орын алды келеңсіздік, Оңайлықпен келген жоқ Тәуелсіздік. Рухы ата-баба асқақтасын Еліме алып берген Егемендік! (Қазақстан Тәуелсіздігінен кейінгі қол жеткізген жетістіктері жайлы айтылады.)

Еліміз тәуелсіздік алған жылдар ішінде бірқанша үлкен

жетістіктерге жетті.Олардың ең бастыслары 2010 жыл ЕҚЫҰ

ұйымына төрағалық етіп,Астана қаласында осы ұйымның

1-2 желтоқсан күндері саммиті болып өтті.Оған әлемнің

Жетекші елдерімен қоса өзге де елдерден 55 елдің басшы

лары келіп Астанада бас қосты. Және осы саммитте Қазақ-

станның төрағалығы жоғары бағалап өтілді. Қол жеткізген жетістіктеріміздің және бірі, жетінші қысқы Азияда ойын-

дарын Астана мен Алматы қалаларында өткізілуі болды.

2011 жылы 30 қаңтар-6 ақпан аралығында болып өткен

жарыстарда әлемнің 27 елінен спортшылар келіп, айтулы

жарыста бәсекеге түсті.Жалпы командалық есепте біздің

елдің спортшылары бірінші орынды жеңіп алды және 32

алтын,21 күміс, 17 қола, барлығы-55 медаль иеленді.

Есілдің жағасынан бой тіктеген жаңа Астана осындай іс-шараларда сырттан келушілерге тамсана да таңырқай қарайтын көркем де сұлу алып қалаға айналды.Осындай жетістіктеріміздің барлығы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың асқан көрегендігінің,әділ саясатының арқасында жүзеге асты.

(«Тәуелсіздік жылдарында» суреттері көрсетіледі.)

(Бір оқушы Әли Ысқақбайдың «Нұр-ата» өлеңін оқиды)

Нұр-ата.

Қазақтың елі-кенен ел,

Басшысы жайсаң кемелді ер,

Зейіні зерек,өзі алғыр,

Нұр-ата сынды кемеңгер.

Қазақтың туын ұстаған,

Болашақ жолын нұсқаған,

Нұр-ата аяан ғаламға,

Беделі биік күшті адам.

Достықтың керіп желісін,

Үйлесім менен келісім.

Шешімін құптап көп басшы,

Қол соқты жақтап Ер ісін.

Өркенді елдің Ерлері,

Тыныштық үшін жердегі.

Саммитте шешті бірлесіп,

Қорытып қойды зерделі.

Арқауы алтын жіпті үзбей,

Жүректе жанған отты үзбей,

Нұр-ата тыным таппайды,

Мұратқа елін жеткізбей.

(Астана жайлы слайд көрсетіледі.)

(2-оқушы.)

Маған қымбат ұлы елімнің,

Шешек атқан әр күлі.

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры.

Сарыарқаның даласына,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің,жерім менің

Баққа қолы жеткен күн.

Тәуелсіздік-ұлы күнім

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен жасай бер,мәңгі бақи

Қуанышқа бөленде.

Тәуелсіздіктің ерекше жылдары:



1990 жыл 25 қазан, Қазақстанның егемендік декларациясы қабылданды. 1990 жыл сәуір,Н.Ә.Назарбаев елбасқарушы болып сайланды. 1991 жыл 16 жжелтоқсан Қазақстанның Тәуелсіздік күні. 1992 жыл 4 маусым,рәміздер күні. 1993 жыл 15 қарашада теңге айналысқа енгізілді. 1995 жыл 30 тамызда Ата заңымыз (қайта) қабылданды. 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» заң қабылданды. 1997 жылы 10 желтоқсанда Қазақстанның астанасын көшіру туралы шешім қабылданды. 1998 жылы 6 шілдеден Астана күнін атап өтеміз. 2006 жылы «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды. 2008 жылы Астана қаласының 10 жылдығы атап өтілді. 2010 жылы Астана қаласында Саммит өткерілді. 2011 жылы 30 қаңтар-7 ақпан аралығында Астана-Алматы қалаларында Азиада спорттық ойындары өткерілді.


Қорытындылау.
1.Тәуелсіздік алған күніміз қашан? 2. «Тәуелсіздік таңы»ескерткіші қашан ашылды? 3.1986 жылғы көтерілістің себептері? 4.Қазақстан қандай жетістіктерге жетісті? 5.Азиада спорттық ойындары қай қалаларда өтті?

© 2010-2022