Әліппеден сабақ жоспары Оқу құралдары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары Сабақтың мақсаты:1.Оқу құралдарымен таныстыру. Танымдылық қабілетін арттыру. Жыртпай таза ұстауға, яғни ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу. Сабақтың мазмұны: І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару. ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІІІ. Жаңа білімді меңгерту: Оқу құралдары а) Оқу құралдарымен таныстыру. 1. дәптер, қалам 2. Сызғыш, өшіргіш 3. Пенал портфель 4. Бояу ә) Оқу құралдарды қалай пайдаланамыз? б) Кезекші не істейді? Сергіту сәті Оқулықпен жұмыс ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру. -Балалар, кәне кім оқу құралдарын атап береді? -Дәптер не үшін керек? -Қандай дәптердің түрлерімен таныстық? -Пенал деген не? -Оқу құралдарын неге салып тасимыз? -Бояумен не істейміз? Жазу дәптерімен жұмыс Ү. Білімді бекіту:Біз оқу құралдарына құрметтей қарауымыз керек екен. Біл олардың көмегі арқылы білім аламыз. Оқулықтарды жыртуға, құртуға болмайды. Оқушы туралы өлең жаттау. Күннің нұры шуақты, Сергітеді денемді. Құрдастарым сияқты, Оқушымын мен енді. ҮІ .Сабақты қорытындылау: Оқу құралдары сенің көмекшің. Сондықтан оқулығыңды ұқыпты ұста. Үй тапсырма:Оқу-құралдардың суретін салу. Мадақтау,бағалау


© 2010-2022