Уроки начальный для класс на тему Малдың төлін сүюі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Уроки начальный для класс на тему Малдың төлін сүюіУроки начальный для класс на тему Малдың төлін сүюіУроки начальный для класс на тему Малдың төлін сүюіУроки начальный для класс на тему Малдың төлін сүюіУроки начальный для класс на тему Малдың төлін сүюіСабақтың тақырыбы: Жуан айтылатын сөздер. Малдың төлін сүюі. Малды құрметтеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Жуан айтылатын сөздер туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын түсіндіру. Сөздерді қатесіз жазуға үйрену.
Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау, өз бетімен жұмыс жасау, танымдық, тапқырлық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік. Төрт түліктің пайдасын біліп, табиғи өнімдердің қажеттілігін білдіру арқылы малды құрметтеруге, қамқор болуаға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: төрт түлік суреті, аппликация жайлау

Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақ барысы

І ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Жарық болса күніміз,

Жарық шығар үніміз

Елін сүйіп ер жетер

Жамандықтан қашатын

Жақсы іске басатын біз болашақ гүліміз.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

  • Біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?

  • Дұрыс айтасыңдар төрт түлік туралы.

  • Бағдаршам түсі бойынша үйтапсырмасын тексеру.

  • Төрт түлік туралы мағлұмат айтқызы не білесіңдер.

Сиыр - өте пайдалы. Сиыр бізге ет, сүт, құрт, ірімшік, май береді. Сүттен май, қаймақ, құрт, ірімшік жасаймыз.


Жылқы - жеті қазынаның бірі. Жылқы мінсе көлік. Сүтінің емдік қасиеті бар. Жылқы еті де пайдалы, одан қазы - қарта жасайды.


Түйе - төрт - түлік малдың бірі. Түйе ірі жануар. Ол бізге шұбат береді. Шұбаттың емдік қасиеті бар. Түйе жүнінен әр түрлі көрпе жасалып, киімдер тоқылады.


Қой - үй жануары. Қой ұсақ жануар. Қой сүті қорғасын. Қой жүнінен киіз көрпе жасайды, жылы киімдер тоқылады. Қой етін, сүтін пайдаланамыз.

Ешкі - үй жануары, ол бізге сүт, ет, жүнін береді. Ешкінің жүнінен әр түрлі киімдер тоқуға болады.

Тақтаға әр малды ілу арқылы олардың пайдасын сұрау.

ТоптастыруУроки начальный для класс на тему Малдың төлін сүюі

Уроки начальный для класс на тему Малдың төлін сүюі

Төрт түлік



Уроки начальный для класс на тему Малдың төлін сүюіУроки начальный для класс на тему Малдың төлін сүюі

Уроки начальный для класс на тему Малдың төлін сүюі

ІІІ.Жаңа сабақ

Жақсы балалар осы төрт түлікке қой, түйе, жылқы, сиыр, ешкі жатады екен.

Қазақ халқы ежелден мал баққан ел. Мал мінсе-көлігі, ішсе- сусыны, жесе- тамағы, кисе- киімі, тұтынса- бұйымы. Еліміздің байлығы мен салтанаты осы төрт түлік мал болған.Қазақ елін малсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан біз киінгі ұрпақ ата дәстүрін сақтап, қасиетті төрт түлікті ұлтымыздың бай тәжірибесін қадірлеуіміз керек.

Төрт түлік балалар қалай дыбыстайды?

Сиыр мөңірейді, қой маңырайды, ешкі бақырады, жылқы кісінейді, түйе боздайды.

Ал төрт түлікті қалай шақырамыз?

Жылқыны құрау-құрау, түйені көс-көс деп, сиырды әукім-әукім, қой пұшайт-пұшайт, ешкіні шөре-шөре өте жақсы енді осы төрт түліктің төлдерін атап шығайықшы.

Төрт түліктің иесін кім маған атап береді?



  • Балалар сендер қалай ойлайсыңдар олар өз төлдерін жақсы көріп, сүйе ма?

ІV. Оқулықпен жұмыс.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Малдың төлін сүюі» деп аталады. Бәріміз оқулығымызды ашып, зейін қоямыз кітапқа.

Мен өлеңді мәнерлеп оқып шығам сендер мұқият тыңдар өздеріңе таныс емес сөз болса түртіп алып отырыңдар.

А) Сөздік жұмыс.

Жұрын- арық мал.

Ә) Іштей оқыту

Б) Рөлге бөліп оқыту.

В) Кестені түсінгені бойынша толтыру.

Малдар

төлдері

Қалай сүйеді?

Қой

Қозы

Қоңырым

Сиыр

Бұзау

Торпағым

Түйе

Бота

Боташым

Ешкі

Лақ

Лағым

Жылқы

Құлын

Құлыным

V. Сергіті сәті.

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

VІ. Дәптермен жұмыс

Бүгін күнді жаздыру

Көркем жазу Оо

сөздік диктант жазамыз.

түйе, ешкі, қозы, қой, жылқы,бота, сиыр, құлын, лақ, бұзау.

Тапсырма: жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді сызып шығыңдар.

Құлын, қозы сөздерін тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасату.

Сөздердегі дауысты дыбыстар жуан ба, жіңішке ме?

Балалар сөздердегі дауысты дыбыс жуан болса, сөз жуан естіледі, жіңішке болса, сөз жіңішке естіледі екен.

Мен қазір сөздер айтам жуан болса шапалақ ұрамыз, жіңішке болса ұрмайсыңдар.

39-жаттығу. Сөйлемді мәнерлеп оқыңдар. (ауызша)

Ауылдардың қойы бар,

Қойы бардың тоны бар.

Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар қалай естіледі? Жуан ба, жіңішке ме?

Ережені оқыту.

40-жаттығу. Өлеңді оқыңдар.

Ешкі маған түбіт берді, -

Қолғап кидім.

Қой маған жүнін берді,-

Қалпақ кидім.

Жуан айтылған сөздерді атаңдар. Олардың құрамындағы дауысты дыбыстар жуан ба, жіңішке ма? Жуан айтылып тұрған сөздерді теріп жазу.

Қолғап, қой, маған, қалпақ.

Шығармашылық тапсырма

Жуан айтылатын сөздер Жіңішке айтылатын сөздер

VІІ. Сабақты бекіту.

Балалар сендер білесіңдер ме, жазда малдар қайда болады?

Жайлауда

Ал, қыста ше? Дұрыс қыстауда.

Жайлау деген жер қандай болады білесіңдер ма?

Білмесеңдер қазір мен жайлаудың суретін құрастырам, (аппликация) әрине сендер де көмектесе аласыңдар. Ол үшін маған малды құрметтеу өлеңін оқып беріңдер

1.Малды құрметтеу оқу, мағынасын ашу.

Кендірмен байлама,

Жыңғылмен айдама.

Кендірмен байласаң,

Жыңғылмен айдасаң,

Мал бітер деп ойлама.

Кендір деген жіптің аты, жыңғыл бойы 1метр, 1,30 метр бұта ағаш. Екеуі де қатты.

2.Тиым сөздер

  1. Малды теппе,

Ақты төкпе

  1. Малды басынан ұрма.

  2. Малға теріс мінбе.

3.Дауысты жіңішке дыбыстарды атаңдар.

4.Дауысты жуан дыбыстарды атаңдар.

5.Жуан айтылып тұрған сөздерді айтыңдар.

6.Қой сүйеді баласын не деп?

7.Сиыр сүйеді баласын не деп?

8.Түйе сүйеді баласын не деп?

9.Ешкі сүйеді баласын не деп?

10.Жылқы сүйеді баласын не деп?

Ойын ойнау «не артық»

VІІІ.Қорытынды.

Өте жақсы балалар сендердің білімдеріңнің арқасында осындай әдемі жайлауды құрастыруға көмектестіңдер. Жайлау - жазғы қоныс. Жайлау-қыстаудан алыс, шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс. Оны шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында да ел болмайды. Күзде иен жұртқа қаулап майда көк өседі. Оны алсын дейді. Қыста аппақ қар басып жатады. Ал жазға қарай жайлаудың шөбі жетіле бастайды. Ол кезде жер беті масаты кілемнің түріндей құлпырады. Қыста әбден арықтап, көтерем болып шыққан мал жайлауға іліккеннен соң-ақ тойынып секіреді.Мал ғана емес, адамдар да серігіп, жиын-той өткізіп, аунап-қунап қалады. Бие байлап, қымыз ішеді, айран ұйытып, құрт жинайды, ірімшік қайнатады. Қысқа арнап азық-түлік жинайды.

ІХ.Оқушыларды бағалау.берілген фишкалары бойынша бағалау

Өз көңіл күйлерін стикерлерді жапыстыру арқылы білдіреді.

Х. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу.



© 2010-2022